Қазақтанда бизнесті мемлекеттің қолдау шаралары




Презентация қосу
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Кәсіпкерлікті реттеудің негізгі
нысандары: экономикалық,
құқықтық, ұйымдастырушылық.
Қазақтанда бизнесті мемлекеттің
қолдау шаралары.

Орындаған:Михтибек Орынгул 509-3
Қабылдаған: Ыбышова Салтанат
Тургынбековна
• Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің
кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс)
табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін
бастамашылық қызметі болып табылады. Өз
кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар
өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету
бойынша мемлекеттік билік және басқару
органдары, сонымен қатар шаруашылық
жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге
сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет
түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге
негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс)
табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлікті реттеудің негізгі
нысандары:
Құқықтық
Құқықтық негізді жасақтау.
Мемлекеттік меншік құқығын
анықтайтын, кәсіпкерлік істі
реттейтін, өнімнің сапасын
қамтамасыз ететін т.б. заңдар
жасақтап қабылдайды.
Мемлекет құқықтық негіздер
көмегімен кәсіпкерлік іс
субъектілерінің қарым-
қатынастарын реттейді.Барлық
құқықтар қорғалған
• Елде қажетті құқықтық тәртіпті және
мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін мемлекет әрбір азаматтың,
барлық қоғамның нарықтық
экономикасы субъектілерінің құқығы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі
керек. Егер мемлекет бұл функцияны
орындай алмаса, ол жағдайда елде
қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады:
қылмыстық істер, мафия, коррупция,
парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар
кәсіпкерлік іске, жалпы елдің
экономикасына апатты әсер етеді.
• Экономиканы тұрақтандыру, яғни
экономиканы тұрақты дамыту, ол
үшін макроэкономикалық
оптималды көрсеткіштерге жету:
жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық
өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық
табыс, инфляция деңгейі және
жұмыссыздық, бюджеттің
жетіспеушілігі, т.б. Ол үшін
мемлекет қолда бар барлық
рычагтар мен әдістемелерді
фискалдық, қаржы-несие, ғылыми-
техникалық және инвестициялық
саясат арқылы іске асыруы керек.
Қазақтанда бизнесті мемлекеттің
қолдау шаралары.

• Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр.
Кәсіпкерлікті жетілдіру - экономиканың тұрақтылығы мен
оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің
бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің
белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық
қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын
шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің
болуы қажет.
• Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып,
бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған.
Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау
мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде
қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау жəне
қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен
мақсаттары айқындалады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау
жəне қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы
құқықтық, экономикалық жəне ұйымдастырушылық,
жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық
құрылымдарды орнату болып табылады.
• Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мемлекет
тарапынан мынадай іс- шараларды жүзеге асыру қажет:
• мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
• мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;
• жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
• кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын
жандандыру;
• кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі
қиыншылықтарды жою;
• тексеруші органдар санын қысқарту;
• заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.
• Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік –
шаруашылық қызметінің маңызды турі. Оның релін Адам
Смит былай деп бағаланған болатын: «Кәсіпкер ез
муддесін езі ушін үтымдылық жағдайды кездейді дей
түрғанмен, ол қоғам муддесіне де қызмет етеді» [2].
Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты
үйымдастырудың турі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің
экономиканы ерлетуге қосар улесі ете зор.

Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Қазақстан Республикасы кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау. Кәсіпкерлікті қолдаудың нормативті- құқықтық базалары
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау
Орта және шағын бизнесті ұйымдастыру
Кәсіпкерлік қызметті Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы қолдау бағдарламасы
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Шағын және орта бизнес
Шағын кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің заңдылық
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Пәндер