Жетіліп және шала туылған балалар ерекшеліктері



Жетіліп және шала туылған балалар ерекшеліктері. Жылу тізбегі
Орындаған: Бауыржанқызы Л.
Тексерген: Алибекова А. М.

Кіріспе
Медицинаның қарқынды түрде алға көш бастауына байланысты әлемнің алдыңғы қатардағы клиникаларында дене салмағы 750г 15-25%, дене салмағы 1000г нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 50-70% жоғарылады.
Осы көрсеткіштен ДДҰ дене салмағы 500г нәрестелерге өмір сүруіне барлық жағдайлар мен көмектерді, реанимациялық көмек пен тіркеуге алуды 1974 ж қолға алған. Осындай дене салмағы жүктіліктің 22 аптасына тән.
Дене салмағы өте төмен нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші тікелей медицина қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне, реанимация шаралары мен медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасына дәрілерге, құрал-жабдықтарға тікелей байланысты.

Жетіліп туылған баланың орташа салмағы 3400-3500 гр ер балада, 3200-3400 гр қыз балада, төменгі шегі 2500гр болу керек
Дене ұзындығы 48-52 см, орта есеппен 50 см
Кеуде аймағы 34-36см
Бас аймағы 32-34см
Кіндігі қылышты есігі мен қасағаның ортасында орналасқан
Жана туылған баланың бас сүйегі бет сүйегі мен ми сүйегіне қарағанда кіші
Басының шаштары жақсы дамыған
Терісі қызғылт тері асты шел майы жақсы дамыған
Бұлшық еттері әлсіз дамыған
Дауысы қатты шығады
Шарттсыз бейнелістері айқын білінеді
Ербалаларда аталық бездері ұмасы түскен, қыз балаларда кіші жыныс ернеулері улкен жыныс ернеулерімен жабылып тұрады

Жетіліп туған нәрестенің тері асты май қабаттары жақсы дамыған,
Түк шаштары (лануго) арқаның жоғарғы бөлігін, иықты, маңдайды жабады.
Жетіліп туған нәрестенің тырнақтары тырнақ шетін толық жауып, фаланганың шетіне дейін жетеді.
Табандары көптеген сызықтармен көрінеді. Кіндік сақинасы семсер тәрізді өсінді мен қасаға аралығы ортасында орналасқан.
Үлкен(алдыңғы) еңбек- екі төбе және маңдай сүйектерінің жіктерінің қиылысында орналасқан. Ромб тәрізді формалы, мөлшері 2-3, 0 см, 12-18 айында жабылады.
Кіші (артқы) еңбек- екі төбе және шүйде сүйектерінің жіктерінің қиылысында орналасқан. Ол үшбұрышты формалы, 20-25 % нәрестелерде ашық болады, өмірінің 2-3-ші айларында жабылады.
Мойындары қысқа. Құлақ қалқандары қатты.
Нәрестенің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер жоқ.
Аяқтары салыстырмалы түрде қысқа.
Кеуде клеткасы конус тәрізді. Қабырғалары -көлденеңінен орналасқан.
Кеуде шеңбері-32-34 см.
Жетіліп туған нәрестенің бұлшықеттері әлсіз дамыған, бұлшықеттік физиологиялық гипертония тән. Дені сау нәрестеге флексорлы қалып тән: аяқ-қолдары жартылай бүгілген, саусақтары жұдырыққа жұмылған. Басын өз бетімен ұстай алмайды. Қозғалыстары келісілмеген, хаотикалық.

АПГАР шкаласы бойынша жағдайын 5 белгі бойынша бағалау.
*Жүрек соғысының жиілігі
*Тыныс алуы
*Бұлшық еттерінің тонусы
*Мұрын катетірімен тітіркендіргенде, табанын тітіркендіргенде жауап беруі
*Терісінің түсі
Жаңа туылған нәрестенің организімнің негізгі функциялары тұрақсыз күйде болады жаңа жағдайна бейімделуі -өткінші күй деп аталады.
Оларға:
* Физиологиялық эритема
* Салмақтын физиологиялық кемуі
* Транзиторлы қыздырма
* Бүйректін зәр қышқыл инфаркті
* Физиологиялық сарғаю
* Жыныс кризі
* Альбуминурия
* Физиологиялық диспепсия


Анықтама:
Шала туылған балалар деп - 37 аптаға толмай мерзімінен бұрын және салмағы 2500г аз, ал бойы 45см төмен туылған балаларды айтады.
Дене салмағына байланысты шала туылуды 4 кезеңге бөледі:
I - 2001-2500 г;
II - 2000-1500 г;
III - 1500-1000 г;
IV - 1000 г және одан да төмен

ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БІТІМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Дене бітімі үйлесімсіз, мойыны мен аяқтары қысқа, басы үлкен. Уақытында туған балаларға қарағанда басы домаланған, сүйегі жұмсақ, жіктері мен кіші еңбегі ашық. Құлақ қалқаны жұмсақ, басына жабысқан.
Терісі жұқа, әжімденген, маңдайы, арқасы, иығы, жамбасы түкпен (лануго) жабылған. Тері асты май қабаты нашар дамыған немесе мүлдем жоқ. Тырнақтары саусақ ұшын жаппайды және жұмсақ. Ұл балаларда ата безі ұмаға түспеген, қыз балаларда жыныс саңылаулары жабылмаған.

Шала туылған нәрестелердің диагностикалық белгілері:


Қалыпты жағдайда дені сау жаңа туылған нәрестелерде анықталатын рефлекстердің болмауы:
Сору рефлексі. Егер баланың аузына емізікті салса, ол белсенді түрде емеді. 1 жастың аяғына дейін жоғалады.
Ұстау рефлексі. Бала алақанын ұстағанда саусақтарын жұмады. Кейде баланы сол күйінде көтеруге болады. (Робинсон рефлексі) . Бұндай рефлексті аяққа да жасауға болады, табанның негізін басса, башпайдың табандық бүгілуін шақырады. 2-4 ай соңына қарай жоғалады.
Бабкин рефлексі (алақан- ауыз) . Баланың алақанын тенорға жақын үлкен саусақпен басқанда, жауап ретінде ауызын ашып, басын бұрады. 3 айға қарай жоғалады.

Моро рефлексі. Қатты дыбысқа жауап ретінде алдымен қолын екі жаққа жайып, саусақтарын жазады. Содан кейін қолын бастапқы қалпына келтіреді. 4 айға дейін сақталады.
Тірек рефлексі. Дәрігер баланы арқа жағынан қолтық астынан ұстайды да, басын сұқ саусақпен сүйемелдейді. Осындай тұрған қалыпта бала аяғын жамбас-сан, тізе буынында бүгеді де, табанымен толық тұрады, еденде денесін тік ұстайды, 2 айға қарай жоғалады.

Бабинский рефлексі. Егер табанның сыртқы шетін штрихті тітіркендірсе, үлкен башпайдың жазылуымен басқа башпайдың бүгілуі болады. Екі жасқа дейін сақталады.
Бауэр еңбектеу рефлексі. Егер баланы ішке жатқызса, ол бір сәт басын көтеріп, еңбектейді. Егер нәрестені табанына қолмен тіреу қойса бұл әрекеті белсене түседі, қолмен қимылдап, аяғын кедергіден алады. 4 айға қарай жоғалады.

Галант рефлексі. Қырымен жатқан нәрестеге дәрігер үлкен және сұқ саусақпен паравертебральді сызықпен мойнынан жамбасына дейін жүргізеді. Терінің тітіркенуі кеуденің доға тәрізді бүгілуі. 4 айда жоғалады.

Шала туылған балалардың күтімінің ерекшеліктері
Шала туылған нәрестелерге қамқорлық жасауды 2 этапқа бөлуге болады, босану залы және арнайыланған бөлімше(шала туылғандардың патологиясы бөлімшесі) .
Шала туылған балалардың сыртқы ортаға бейімделу ерекшеліктерін оның туылған сәтінен ескеру керек. Бұл ерекшеліктер терморегуляцияның жетілмеуі, тыныс қызметінің қалыптаспауы, босанулық стресске байланысты метаболикалық өзгерістер тереңдігіне байланысты. Гестациялық мерзімі мен шала туылыу дәрежесінен тәуелсіз шала туылған нәрестелерді күтудің негізгі шарты: туған сәттен бастап қосымша жылыту болып табылады.

Шала туылған балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру
Мерзімінен ерте босанатын әйелдерді арнайы перзентханаға госпитализациялайды;
Босандыру кезінде қауіпсіздік әдістерді қолдану;
Шала туылған балаларды күту үшін перзентханада оптимальды жағдайды қалыптастыру (1этап) ;
Дені сау шала туылған балаларды күту үшін оптимальды жағдайды қалыптастыру және ауру шала туылған балаларды емдеу (2 этап) ;
Диспансерлік бақылау.

Туылғаннан кейін нәрестені денесі құрғатылып, неонатолог дәрігермен толық тексеріледі. Әдетте 32-37 апта аралығында туылған нәрестелердің өміршеңдік дәрежесі жоғарылау болады. Ал 26 аптаға дейін туылған нәрестелердің өміршеңділік деңгейі төмен болады. Олар әртүрлі физикалық және ақыл-естің даму дефектілеріне бейім келеді. Мұндай балалардың тыныс алу, ас қорыту және терморегуляция жүйесі әлсіз және толық дамымауынан ерекше күтімді қажет етеді

Сәбидің өмірге маңызды жүйелері калыптаспаған жағдайда(мысалы, егер сәби өзі тыныс алмаса), ол туылған сәттен кейін бірден балалар реанимациясына ауыстырылады. Мұнда нәрестелер арнайы кувезде жатады. Кувездер шыныдан жасалған, калпактан және манипуляция жасау үшін 4 тесіктен тұрады. Барлық кувездер өкпені жасанды желдендіретін аппараттардан тұрады.
Сору рефлексі жоқ немесе дұрыс дамымаған нәрестелер алғашқы апталарында назогастральды зонд арқылы тамақтандырылады.

ЭТДС-мен балалардың интубациясы.
Интубациялық түтікшенің диаметрі(мм) және оның мұрын жолдарының алдыңғы апертурасынан қашықтығы(см) дене салмағына байланысты:500-750г-2, 5мм-7, 5см; 750-1250г-2, 5-3мм-8, 5см; 1250-2000г-3, 0-3, 5мм-9, 5см; 2000-2500г-3, 5мм-10, 5см.

Инкубаторлар-дене салмағы 2000г және одан да төмен шала туылған балаларды күтуде алғашқы уақытта қолданылады. Дене салмағына байланысты ол 7 күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Өмірінің алғашқы 2 аптасында 1800-2000г дене салмағына жетпеген сау шала туылған балалар мен дене салмағына тәуелсіз ауру балалар күтіп-баптаудың келесі кезеңіне өткізіледі. Даму аномалиялары бар, оперативті емді қажет ететін немесе инфекциялық аурулары бар шала туылған балаларды диагнозы қойылған соң тез арада көшіреді.


Шала туылған балалар патологиясы бөлімшесіндегі күтімі:
Шала туылған баланың патология бөлімшесіндегі күтімі әр балаға жеке арнайы болуы тиіс. Шала туылған балалардың салмағы 2000г төмен болса, олардың денесі жылулық ұстап тұра алмайды, сондықтан оларды кувезге орналастыру керек. Кувездегі температура дене салмағына тәуелсіз 33 тен 35 градус болу керек. Оттегінің мөлшері 40% аспау керек. Көздің торлы қабатының өліеттенуі мен ретинопатияның дамуына оттегінің токсикалық әсері бар екенін есте сақтауымыз керек. Әр 3 күн сайын кувездегі ауаны ауыстырып тұру керек. Жаңа туылған нәрестенің киген киімі оның сезімтал терісін жарақаттамау керек. Қатты орау төменгі бөліктердегі тері асты май қабатының трофикалық бұзылыстарына әкеледі.

Төсектегі қалпы дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Нәрестенің басы сәл көтеріңкі, бір жақ қырымен жатқызылған, ұрты кеудеге жақын орналаспау керек, себебі тыныс алуын қиындатады. Күнделікті нәрестенінің дәретке отыруын мейірбике қадағалайды. Кіндік жарасын залалсыздандыру дәрігер бақылауымен, асептика және антисептика ережелерін сақтап жүргізілу керек. Шала туылған нәрестелердің тамақтануы маңызды болып табылады. Балалардың физикалық дамуы үшін және асқазан ішек жолдарының морфологиялық, функциональды бұзылыстарын алдын алуда жоғары каллориялы азық-түлікпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Шала туылған балалар патологиясы бөлімшесінен шығару
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz