Эксперимент әдісі


Slide 1

Психологиядағы сана және бейсаналық мәселелер

Орындаған :Түсіпхан Аружан

Бижігіт Адина

Адай Дидар

Арысбай Жанат

Тексерген:Ғұмырзақ Ақмарал

Slide 2

Психологияның негізгі категориялары мен принциптерін анықтау

Психологияның негізгі принциптері.

Кеңестік дәуірде психолгогия ғылымы өз пәнінің диалектикалық - материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік әдіснаманың өзіне сай келген психологиялық теорияға өтуі оңай болған жоқ. теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б. Г. Ананьев, П. П. Блонский, А. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн және басқалар болды.

Психология ғылымының негізгі принцитері 30 - жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп - салдарлық) принципі, сана мен іс әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Slide 3

Психологияның зерттеу әдістері

Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.

Бақылау әдісі - әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап - бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап - оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т. б. ) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т. б. ) . Психологияның негізгі әдістерінің бірі - эксперимент.

Slide 4

Эксперимент әдісі.

Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Slide 5

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

Slide 6

Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т. б.

Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы - А. Ф. Лазурский (1910) . Оның негізгі мақсаты - зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Slide 7

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В. В. Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.

Slide 8

Сана мен бейсана түсініктерін ажырату

Сана психиканың дамуында ең жоғарғы сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе.

Сана деп-еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қана қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады.

Сана сипаттары:іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі>>болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру>>жалпы адамзаттық>>түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.

Slide 9

Жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:

А) Ғылым~заңдасқан білімдер, ұғымдар тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;

Ә) Өнер~болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі. адамзат тіршілігінің әр-түрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;

Б) Әлеметтік талап, өлшем-шектеулер~қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;

В) Адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына(оларға өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық жатады) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қимыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.

Slide 10

БЕЙСАНА

Адамға, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті-рефлекторлы қалыптастырады. Барша әрекет қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың барлығы биологиялық қажеттерден туындайтын, әрекеттер, яғни организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы.

Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға шек қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады. Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.

Ал психоаналитик К. Г. Юнг ойы З. Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип-адам тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана, біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.

Slide 11

Психика және жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері

Жануарлар әрекет-қылығының бөрі адам іс-әрекетінен езінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатқа болған инстинкттік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шыңайы психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардын қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақ-ты, объектив бейнелеу тәсілі қалыптаспаған. Қоршаған ортаның барша түрі олар үшін инстинкттік қажет аймағындағына танылуы мүмкін.

Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге нысаңдарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынаста биологиялық инстинктсипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

Slide 12

Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың “тіліңдегі” ерекшелікгерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен өсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу (сөйлеу) барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді өншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таныды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіктің бөріне бірдей (коректі қажетсіну, үрку, қорганыс ж. т. б. ) да, инстинкттік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Slide 13

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы - бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі - адам психикасының мәңгі зертгелетін сыры . Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар.

Олар: 1) адамньң саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байлансы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологаялы ққажеттікке ойсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жанпидалылыққа бару.

Slide 14

Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады Адам нақты көрнекіліктен абстракттық бейнелеуге өтіп объекттердің астарлы байланыстарынша үңіле көз жіберіп тысқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарың тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет қылығыңа


Ұқсас жұмыстар
Психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері
Жеке тұлға
Әдістемені әзірлеу
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Жаппай бақылау
Арнайы бақылау
Оқу дағдылары
БАҚЫЛАУ зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның теориялық және әдіснамалық негіздері
ЭКСПЕРИМЕНТ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz