Психологиядағы тұлға мәселесі


Slide 1

Психологиядағы тұлға мәселесі

Тексерген: Кусаинова Г. Т.

Орындаған: АНК-214, Сахи Ғалия

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Жеке адамның психологиялық құрылымы

Б) Тұлғаның өзіндік санасы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды, өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, көзқарас жоқ.

Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп, т. б. ) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.

Slide 4

Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі.

Slide 5

Жеке адамның дамып қалыптасуында жəне психологиялық құрылымы мен барлық сферасында негізгі роль атқаратын ол өзі жеке адам. Жеке адамның психологиялық құрылымы күрделі тұтастық. Олар:

- адамның психикалық қасиеттері (бағыттылығы, мінез, темперамент. қабілет)

- өмірлік тəжірибе

- психикалық жағдайлар

психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері.

Психологиялық құрылымның келесі бір сферасы бойынша:

- интелектуалды - танымдық -

эмоционалды

- ерікті

- қажеттілік, мотивтері

- психомоторлы

Slide 6

Адамның психологиялық құрылымында орталық негізі - қажеттіліктерінің мотивтер сферасы мен бағыттылық əр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, мінез-құлық мотивациясы жүйесінен құрылады. Жеке адамның психологиялық құрылымын зерттеушілер өкілдері: К. К. Платонов, А. Г. Ковалев, С. Л. Рубинштейн жəне шетелдік психология өкілдері: З. Фрейд, Э. Фромм, Э. Берн, А. Маслоу, К. Родижерс жəне т. б.

К. К. Платонов

(1906-1984 ж. ж. )

А. Маслоу

(1908-1970 ж. ж. )

К. Родижерс

(1902-1987 ж. ж. )

Slide 7

Жеке адамның психологиялық құрылымын жалпы топтастырып қарастырсақ 4 топқа бөлуге болады.

1. Жеке адамның əлеуметтік өмірге қатысты ерекшеліктері

2. Адамның білімдері мен дағдысы, биімділігі қабілеті

4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері

3. Жеке адамның өзіндік психикалық процестері

Қызығу, ынта, талаптары, мақсат-мұраты, дүниетанымдық көзқарас, сенім жəне адамгершілік қасиеттері

Бұлар адамның даралық қасиеттері мен өзіндік даму деңгейін, тəлім-тəрбие негізінде қалыптасқан тəжірибесін көрсетеді

Олар зейін, ойлау, қабылдау, ес, сезім, ерік, т. б. процестер

Жоғары жүйке жүйесі қызметі, темперамент, адамның жас жəне жыныстық ерекшеліктері

Slide 8

Тұлғаның өзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады.

Қызығу - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің көрінісі.

Қызығулар мазмұнына, бағытына қарай:

Танымдық

Саяси

Қоғамдық

Материалдық

Спорттық

Оқырмандық

Эстетикалық

Кәсіптік

Slide 9

Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі.

Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің желісі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-мистикалық дүниетаным. Оның басты ерекшелігі - ғылымға негізделетіндігі.

Дүниетанымның мынадай сапалары болады:

1) мазмұндылығы мен ғылымилығы;

2) жүйелілігі және мақсаттылығы;

3) логикалық дәйектілігі мен дәлелділігі;

4) жалпылау дәрежесі мен нақтылығы;

5) іс-әрекетпен және мінез құлықпен байланыстары.

Slide 10

Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең әрі негізделген нанымы. Кімде кімнің идеялары өз сезімі мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім өз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады. Сенімі зор адам дегеніміз - өзінің көзқарастары мен ісін қорғап қала алатын, өз борышын өтеу жолында құрбандыққа бас тігуге әзір, жаны жайсаң, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.

Slide 11

Тұлғаның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал) . Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі.


Ұқсас жұмыстар
Стресске тұрақтылық түсінігі
Тұлға психологиясы
Мотивацияның психологиялық теориялары
Стресстің даму кезеңдері
Тұлға психологиясы бөлімі
Жеке тұлға
Өнер психологиясы
Қарым - қатынас топтары
Адам өмірінднгі құндылықтар
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz