АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс: 2018 жылдан бастап себептері мен салдары


Slide 1

АҚШ пен иран

Орындаған: АНК-214. Сахи ғалия

Slide 2

АҚШ-Иран арасындағы тартыстың тарихы тереңге кеткенімен жаңа кезеңдегі конфронтация Майк Помпеоның 2018 жылы мемлекеттік хатшы болып тағайындалған кезінен басталады. Ол сыртқы саясат мекемесіне келгеннен кейін бірден Иран мәселесін қолға алып, Тегеранға 12 шарт ұсынды. Ол тағайындалған кезде Америка Иранның ядро бағдарламасы келісімінен шығып жатқан еді. Бұл келісімге 2015 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері, соның ішінде Америка, Германия және Иран қол қойған еді.

Slide 3

Майк Помпео өзі ұсынған 12 шартты Иран қабылдаса, Американың қайтадан ядро бағдарламасы бойынша Тегеранмен диалогқа келе алатынын айтқан. 12 шарттың бір мақсаты - Иранның Таяу Шығыс елдеріндегі қарулы топтарды қолдауын тоқтату. Тегеранның Ирак, Сирия, Ауғанстан, Ливан, Йемен және Палестинадағы топтарды қаржылай да, қару беріп те қолдап келе жатқаны жасырын емес. АҚШ бұл топтардың әрекетін өзіне және өз одақтастарына қатер деп таниды. Сондықтан Иранға қысымды күшейтіп, бастырмалатып санкция салып келеді.

Таяу Шығыстағы өз ықпалын жүргізу тетігі ретінде қарастыратын Иран болса, Америка шартын орындаудан бас тартты. Сөйтіп жүргенде Америка 2019 жылы Иранның элиталық әскери бөлімі - Ислам революциясы сақшылары корпусын террористік ұйымдар қатарына, оның басшыларын террористер тізіміне енгізді.

Slide 4

2020 жылы қаңтардың басында Американың Бағдатта осы корпустың әл-Кудс арнайы жасағының қолбасшысы, генерал Қасым Сүлейманиді өлтірумен аяқталды. әл-Кудс жасағы елден сыртта барлау және әскери операциялар жасауымен танылған. Содан кейін Иран Қасым Сүлейманидың кегін қайтарамыз деп, АҚШ-тың Ирактағы екі базасын зымыранмен атқылады. Сол аралықта Иран Тегераннан Киевке ұшып шыққан Украина ұшағын да 176 жолаушысымен атып түсіріп, онысын 3 күн өткен соң ғана мойындады.

Slide 5

Америка Құрама Штаттары - Солтүстік Америкадағы мемлекет. Тәуелсіздік күні - 1776 жыл 4 шілде. Астанасы - Вашингтон. Ресми тілі - Америка ағылшын тілі. Үкімет түрі - Федеративті президенттік республика. Президенті - Джо Байден. Мемлекеттік діні - Зайырлы мемлекет. Халқы - 329 млн адам (2019, әлемде - 3-ші орын) . АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:

Заң шығарушы: АҚШ Парламенті - Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.

Атқарушы: АҚШ Президенті - мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады

Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар

Slide 6

Иран - 1979 жылдан бастап Иран Ислам Республикасы - Азияың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Тегеран қаласы. Ресми тілі - Парсы тілі, Үкімет түрі - Унитарлы Хомейнистік президенттік Ислам Республикасы. Мемлекеттік діні - ислам дінінің шиит тармағы. Иран - діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (2021 жылдан бастап Сейид Ибрахим Раиси) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган - бір палаталы парламент - Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Халқы 83, 1 млн. адам.

Slide 7

Америка Иранды террорлық топтарға қарсы күш біріктіріп, «бейбітшілікті сақтауға» тырысатынын айтып келеді. Дональд Трамп Таяу Шығыста соғыстың болдырмауға күш салатынын айтып, Иранды мәмілеге шақыру арқылы көрші елдермен қарым-қатынасын жақсартқысы келетінін айтқан.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі екі елді келіссөз үстеліне отырып, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырумен шектелді.

Slide 8

Қазіргі кезде АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіске нақты бір шешім табылып, нүкте қойылған жоқ. Бұл екі мемлекеттің арасындағы қақтығыс биыл басталған жоқ және алда әлі біраз жылдарға созылады. Менің ойымша бұны шешудің бірден бір жолы. ол үшінші тараптың көмегімен, екі жаққа да тиімді жағдайларды қарастыра отырып, бейбіт келісімге келу.

Slide 9

Қорытынды тест

Саяси шиеленіс дегеніміз не?

А) дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуі

Б) екі немесе бұдан да көп әр бағыттағы күштердің қақтығысы

В) сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі

Г) қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруы, басқаруы

Д) әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажырату мүмкіндігі


Ұқсас жұмыстар
1991 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастардың дамуы
Экономикалық шиеленіс пен дағдарыстар: түрлері, факторлары және Қазақстандағы жағдай
1905-1911 жылғы Иран конституциялық революциясы: себептері, кезеңдері және нәтижелері
Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық пен инфляцияның себептері, салдары және саясаттық шаралар
Стресс пен депрессия: себептері, салдары және жеңу жолдары
Әлеуметтік өзгерістер: түрлері, себептері және салдары
Қазақстан Республикасындағы діни экстремистік идеялардың таралу себептері мен салдары
Кеңес Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы: себептері мен салдары
Крест жорықтары: себептері, негізгі кезеңдері мен салдары
Ауытқыған тәртіп пен нашақорлық: түрлері, себептері және салдары (Қазақстан жағдайы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz