Атомдық кристалдық тор




Презентация қосу
Кристалдық тор
Қатты заттар атомдардан, молекулалардан не иондардан
құралады. Бұлар кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасуы
мүмкін.
Мысалы ас тұзындағы (NaCl) натрий және хлор иондары былай
орналасқан:

Бұлар кеңістікте тор пішінді боп орналасады. Кристалдық тор
дегеніміз осы. Кристалдық торларда атомдар, молекулалар не
иондар белгілі бір тәртіппен кеңістікте орналасады. Қатты
заттардың көбінде кристалдық тор бар.
Кристалдық тордың
түйіндері дегеніміз,
кристалдық торды құратын
атомдар, молекулалар не
иондар. Мысалы
жоғарыдағы ас тұзының
түйіндері натрий және
хлор иондары болады.
Кристалдық тордың
түйіндеріне байланысты,
кристалдық торлар -
иондық, металдық,
атомдық және
молекулалық деп төртке
бөлінеді.
Иондық кристалдық
тор құралады.
Иондық кристалдық тор заряды бар иондардан
Жасыл түспен оң зарядталған, ал сары түспен теріс
зарядталған иондар белгіленген.
Ас тұзы иондық кристалдық тордың мысалы бола алады.
Себебі бұл зат, оң заряды бар натрий ионынан (Na+) және теріс
заряды бар хлор ионынан (Cl-) құралған.

Иондық кристалдық торға ие заттар
негізінен қатты, жоғары температураларда
балқитын болады. Себебі иондар арасында
берік байланыс орнайды. Бұлар суда жақсы
ериді. Мысалы ас тұзы суда жақсы ериді.
Металдық кристалдық тор дегеніміз бұл оң зарядталған
иондардан және метал атомдарынан құрылған
кристалдық торлар. Оң зарядталған иондарды катиондар
деп атайды.

Бұндай кристалдық торлар металдарда (мыс, темір,
алюминий, қалайы, қорғасын және басқалары) және
олардың қорытпаларында кездеседі. Мысалы қолада.

Металдық торға ие заттарда жылтырлық, тоқты
және жылуды жақсы өткізгіштік қасиеттер
болады. Оған қоса майысқақтыққа ие.
Атомдық кристалдық
тор
Атомдық кристалдық тор кеңістікте белгілі бір тәртіппен
орналасқан атомдардан құралған.
Мысалы графит деген зат көміртегінің атомдарынан құралған,
осы заттын атомдары былай орналасқан:

Графиттегі әрбір көміртегі атомы
көршілес үш көміртегі атомымен
қатты байланысқан қабатты
құрайды. Бұл затта осындай талай
қатарлар бар. Бірақ қабаттар бір-
бірімен әлсіз байланысқан.
Соңдықтан графит жұмсақ әрі
сынғыш болады. Бұл заттан
қарындаш жасайды.
Ал алмас деген затта осы
көміртегі атомдарынан
құралған, бірақ бұл заттың
құрылысы басқа:

Жалпы атомдық кристалдық торға ие
заттар негізінен қатты, балқу
температурасы жоғары және аз еритін
болады.

Алмаста көміртегі атомдары бір-
бірімен берік байланысқан.
Сондықтан бұл зат берік болады.
Молекулалық кристалдық
тор
Молекулалық кристалдық тордың түйіндері
молекулалардан құралған. Мысалы I
кристалдық торы мынандай:

I 2 молекулаларының белгілі бір
тәртіппен орналасқан
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Кристалдық тор
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
Кристалдардың құрылуы
Қатты денелердің қасиеттері
МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС МЕТАЛДЫҚ КРИСТАЛДЫҚ ТОР
Аморф заттар Кристалл заттар
Хлордың қасиеттері
Ионды байланыс
Металдардың физикалық қасиеттері
МЕТАЛДАР БЕЙМЕТАЛДАР
Пәндер