ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал


Slide 1

Сөздіктердің түрлері

№4-практикалық жұмыс

Абдиуалиева Анар ПиМНО-21А

Slide 2

Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың стильдік айырмашылығын білу керек. Ол үшін қазақ тілінің сөздіктерін пайдалана білу керек.

«Сөздік» деген ұғым бұрын бір ғана атау болған, қазір түрлі мәнді, кең мағыналы сөз. Сөздікті көне түрік тілдерінде лұғат деп атаған.

Сөздік - белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы я белгілі бір саладағы жеке сөздердің алфавиттік тәртіппен тізіліп, жүйеге түскен құрал

Slide 3

Түсіндірме сөздіктер адамзат тарихының әрқилы кезеңдерінде, әртүрлі мақсат- мүдделерге сай, алуан түрлі жүйе мен құрылымда жасалып келеді. Мәдениет үлгілері ертерек хатқа түсіп, жазба дәстүрі үздіксіз дамып келе жатқан елдерде бұл сала - халықтық білім мен біліктің шежіресі іспеттес.

Түсіндірме сөздік екі түрлі жолмен жасалады.

екіншісінде - сөздік ұя жүйесімен жасалады. Мысалы, орыс тілінің академик В. И. Даль жасаған түсіндірме сөздігі ұя жүйесімен берілген . Мұндай сөздіктің пайдалы жағы - кітаптың көлемін ықшамдайды, берілетін сөз саны азаяды, төркіндес сөздер топталады, сөз төркіні көрінеді. В. И. Дальдің сөздігінде 200 мыңнан астам сөз болса, Д. Н. Ушаковтың сөздігінде 85000 сөз бар, бірақ екеуі көлем жағынан қарайлас. Ал ұялы сөздіктен іздеген сөзді табу қиын. Сондықтан ұя жүйесімен жасау осы күнгі сөздіктерде кездеспейді деуге де болады.

Бірінде - тілдегі сөздер алфавит тәртібімен реестр етіліп беріледі;

Түсіндірме сөздік бір тілдің негізгі сөз байлығын қамти отырып, сол тілдің әдеби тілінің нормасын қалыптастырады. Сондықтан оны норматив сөздік деп те атайды.

Slide 4

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді.

Сөздік екі рет жарық көрген

1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 - 61, жалпы редакциясын басқарған - академик І. Кеңесбаев) . Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес қамтылған;

2) он томдық академиялық сөздік (1974 - 86, жалпы редакциясын басқарған - А. Ысқақов) . Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508 фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген.

Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен - барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген.

Slide 5

Аударма сөздік лингвистикалық сөздіктің бір түрлі. Аударма сөздік екі тілді немесе көртілді болып келеді.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
АУДАРМА СӨЗДІК
Бей үндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану
Терминологиялық сөздіктердің түрлері
Тіл білімі
Лексикография туралы түсінік
Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
Қазақ тілінің мәдени лексикасының түркі тілдер жүйесінде зерттелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелу
Жаңа сөздердің жасалу жолдары
Төртжолақты қарашұбар жылан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz