Файол бірінші және толық менеджмент теориясының авторы
Презентация қосу
БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ
ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН
ПРАКТИКАСЫ
Менеджмент теориясының пайда болуына 3 фактор себеп болған, атап
айтқанда: дамудың экстенсивті жолы, бәсекелестікпен күрестің шиеленісуі
және өндірістің ішкі құрылымының пайдалылығын көтерудегі белсенділік.
Осыған орай ХХ ғасырда америка мен еуропа ғылымында менеджменттің
іргетасы қаланды.
Менеджменттің пайда болуы мен дамуына Макс Вебердің (1864-1920)
«Шаруашылық тарихы» және «Протестанттық этика және капитализм рухы»
кітаптарындағы капиталистік өндірістегі протестантизм этикасы бастауын
талдауы негіз болды. Ол капиталистік өндіріс құрылымында еңбек бөлінісін
оңтайландыру идеясы жатыр деп есептеді. Ол «әрекеттің мінсіз типі» түсінігін
енгізіп оның 4 түрін қарастырады:
А) дәстүрлі;
Б) аффективті;
В) құндылықты – оңтайландырылған;
Г) мақсаттандырылған.
Қолайсыз капиталисттік тип бойынша табиғи шаруашылық және
тауар айырбастаудағы теңсіздік әулеттік құрылымнан дамыды деп шешті.
Капиталисттік бұл әрекет тауарды қайта сатудан ғана пайда әкелетінін,
бірақ осы жағдайдан соң нарықта тауар тапшылығынан қоғам
байымағанын атап көрсетті.
Қолайлы шіркеудің реформацияланып, еңбектің діни мағынаға ие
болып, адамдардың басты құндылығына айналуы себепші болды. Тарих
бойынша капиталистіктің екі типі бір мезгілде өмір сүрді, тек үстемші тип
ретінде еңбекті қолайлы пайдалану дамыды. Соның нәтижесінде басқару
жүйесі, ғылым, білім сияқты жаңа құрылымдар пайда болып Вебердің
бюрократия теориясын туғызды.
Оның пайымдауынша бюрократия басқаруды ұйымдастырудағы негізгі жол
болып саналды. Жұмысшылар басқарушының бұйрығына емес, тиімді
ережелер жиынтығына бағынуды қалайтынын көрсеткен бұл теория
«басқарудың ғылыми баспалдағы» болып саналды.
Менеджменттің негізін салушы еңбектерінің бірі ретінде
француз инженері, оқымыстысы, кәсіпкері, әкімшілік басқару
мектебінің негізін қалаушы Анри Файольдың (1841-1925)
еңбектері саналады. Ол 20 жыл көлемінде тау – кен және
металлургиялық компаниясының директоры болды. Ол
«General and Industrial Administrating» (« Жалпы және
өндірістік әкімшілік») және «The Basic of Management» («
Менеджмент негізі») жұмыстары арқасында еуропадағы
ғылыми менеджмент бағытындағы белгілі тұлға болды.
Файол бірінші және толық менеджмент теориясының авторы.
Файол басқаруды жоспарлау, ұйымдастыру,
мотивациялау, бақылау сияқты бірнеше байланысқан
функциялардан тұрады деп есептеген. Ол
компанияның құрылуына себепші жоспары болуы
керек деп есептеген:
Фирма қорлары (капитал, ғимарат, шикізат,
болдыру жүйесі, даңқ)
Бітпеген өндірістің маңыздылығы және құрам
есебі;
Техникалық, қаржылық, коммерциялық және басқа
шарттарға тәуелді болашақ беталысы.
Файоль басқарудың 14 ұстанымын құрастырды,олар әлі күнге дейін мамандармен
қолданылып келеді:
Тәртіп, яғни фирма мен оның арасындағы келісімге бағыну мен құрметтеу. Тәртіп
сонымен қатар әділ қолданылған санкцияларды шамалайды.
Қызметкерді марапаттау, соның ішінде лайықты еңбекақымен.
Әділдік: қайырымдылық пен төреліктің қосылысы.
Бірлесу рухы, яғни қызметкерлердің ұйымдасуы мен бірігуі.
Жеке қызығушылықтарын ортақ қызығушылықтарға бағындыру. Жеке қызметкердің
немесе топтың қызығушылығы компания қызығушылығынан аспауы қажет.
Еңбектің бөлінуі, яғни мамандану. Оның мақсаты көлемі және сапасы бойынша жұмысты
сол жағдайларда да жақсы атқару.
Өкілеттілік және жауаптылық. Өкілеттілік бұйрық беруші құқығына ие жақ, ал
жауаптылық оған қарама – қарсы құрамдас бөлігі.
Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс.
Бір бағыттылық. Бір мақсатқа жұмыс істейтін әртүрлі топ бір жоспармен жұмыс істеп, бір
басшыға бағынуы тиіс.
Орталықтандыру. Бұл жерде орталықтандыру мен орталықтың күшін жоюдың тең
мөлшерін анықтау басты міндет. Жұмыстың соңында жақсы нәтижеге ие болу үшін оған
жетудің өлшемін анықтау.
Скалярлы тізбек. Бұл ең жоғарғы басшыдан ең қарапайым қызметкерге дейінгі аралық.
Реттілік. Орын барлығына, бәрі өз орнында.
Қызметкер орынының тұрақтылығы. Жұмысшылардың тұрақсыздығы жұмыстың пайдасын
төмендетеді.
Америкалық инженер әрі менеджер Фредерик
Уинслоу Тейлормен (1856-1915) жүргізілген зерттеу
барысында ол «ғылыми менеджмент» (scientific
management) немесе «ғылыми басқару» деген атқа
ие қоғамдық қозғалыс туғызды. Тейлор еңбек
шығынын тиімді есептеудің, өндірісті басқарудың
жолдарын құрастырып, еңбек шығынына кететін
уақыт нормасын статикалық талдау барысында
анықтады. Ол еңбекті бөлу үрдісі кезінде
менеджерге жоспарлау, ал жұмысшыға орындау
мүмкіндіктерін берді.
Тейлордың зерттеулерінің басты міндеті өндірістен
алынатын өнімді оны кеңейту арқылы алу емес, керісінше
еңбекті ынталандыру арқылы жетістіктерге жету. Ол ең
алғаш рет «адами фактор» түсінігін енгізіп, өзінен кейінгі
көптеген ғалымдардың жаңалықтар ашуына себепші
болды.
Ұйымның ғылыми өндірісінде Тейлор 3 ұстанымды ашып көрсетті:
Саралау қызметі ұстанымы, жеке жұмысшыларға берілген
нұсқаулар тобы. Жұмысшыларға белгілі бір өндірістік
тапсырманы орындаудың әдістері көрсетілген жазбаша
нұсқаулар берілген.
Мамандану ұстанымы, әр адамның мүмкіндігі белгілі бір басты
қызметті орындауға жұмсалуы тиіс.
Материалды қызығушылық ұстанымы,. Тейлордың жұмыстары
материалды қызығушылықтар ұстанымына басты рөль беретін
«экономикалық адам» концепциясының негізін қалады.
Жұмысшы істеген жұмысына қарай жалақы алу тиіс деп
пайымдады Тейлор.
Америкалық белгілі маман Дуглас Мак – Грегор (1906-
1964) Х және У әріптерімен белгіленген басқарудың екі
теориялық концепциясын жасап шығарды. Автор бұл
теориялар адам табиғатына әртүрлі көзқарас туғызады: егер
Х теориясы адамды өндірісте жекешеліктен айрылған
механистикалық көзқарасты анықтаса, У теориясы адамды
оның ішкі ортасымен қатынасының органикалық байланысы
көзқарасы ретінде түсіндіреді.
Х теориясының шарттары бойынша адам жекешеліктен
ада өндіріс факторы ретінде есептеліп келесі ретте
көрсетіледі:
1. Қарапайым адам жұмыс істеуді ұнатпайды, әрі
жұмыстан мүмкіндік болса жалтаруға тырысады.
2. Басшылыққа жұмысшылардың өз міндеттерін атқаруы
үшін күш көрсетуге және жазаға тартуға тура келеді.
3. Қатардағы жұмысшы селқос әрі өзін басқарғанды
қалайды, шешім қабылдауға әрі жауапкершілікті
мойнына алуға құлықсыз.
Х теориясын қолдануда Мак – Грегор сәйкес ұстанымдарын
құрастырды:
o Ұйымды қатаң басқару.
o Заң өкілеттерін дәстүрлі түрде орталықтандыру.
o Шешім қабылдау үрдісінде жұмысшылардың аз болуы.
У теориясы ұстанымы басқаша ретте:
1) Жұмыс адам үшін демалыс немесе ойын сияқты табиғи;
2) Өзін – өзі ынталандыру мен жұмыс үрдісінде адам рахаттану үшін ол ұйымның
мақсаттарының орындалуына ортақтасып, ерікті түрде жұмыс істейді.
3) Ынталандырудың бір факторы ретінде жұмысшының қоғам өміріне араласуы , өзіне
міндет жіктеуі болып табылады.
4) Адамның жұмыс істеуіне жағдай жасалса ол өзіне жауапкершілік алудан
қорықпайды.
5) Шығармашылық және басшылық мәселелерді шешуді адамдардың аз тобына емес,
жұмысшы топқа беру керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz