Тұтынушылар табысының өзгеруі




Презентация қосу
Сұраныс
пен ұсыныс
теориялар
ы
Орындаған: Құдайберген А.Н.
Толыбаева А.Б.
Тексеруші: К.э.н., Аға-оқытушы Каримова
М.Д.
Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін
факторлары, заңдары, қисықтары.
Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта,
белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір
көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем
қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс
көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл
тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт
бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің
максималды саны.
Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін
төмендегідей ұғымдарды енгіземіз:
1. Сұраныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып алу көлемі
арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Игіліктің бағасы
өскен сайын сатып алу көлемі азайып, тұтынушылардың сатып алушылық
қабілеті төмендейді. Және керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып
алу көлемі ұлғайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.

2. Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін сатып алу
үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Тұтынушылар бұл
жерде игілікті сатып алуда өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек ,
яғни нарықта қолындағы қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.

3. Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт
бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды саны. Нарық
жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиынын тұтынады деген
болжам жасалады.
4. Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен
сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа
әсер ететін маңызды фактор баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер
ететін бағалық емес факторлар да бар:

а) тұтынушылардың табысы;

ә) алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы;

б) тұтынушылардың талғамы;

в) алдағы уақытты немесе болашақты күту;

г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т.б.

Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс
детерминанттары деп те атайды.Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы
болып табылады:

QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В) ,

мұндағы, QD – сұраныс; Р – баға; I – табыс; Z – талғамдар мен қалаулар; W – күтулер
(waiting); Psub – алмастырушы (субститут) тауарлардың бағасы; Pcom – толықтырушы
(комплементарлы) тауарлардың бағасы; N – сатып алушылардың саны; В – басқа да
факторлар.
СҰРАНЫС
ҚИСЫҒЫ
Сұраныс қисығы теріс еңкіште
болады, себебі ол екі
ауыспалының - баға және
тауардың сатылу көлемінің
санының арасындағы кері
сызықтық тәуелділікті
бейнелейді, тағы да оның
бағасының төмендеуімен
түсіндірілетін, осы тауардың
әрбір қосымша сатылуының
төмендетілген шектелген
пайдалылығымен байқалады.
А және В әрбір нүктесі екі белгілі мағынасына сәйкес: баға және сатылу
көлемі. D қисығы өзгермейді, оның сол немесе басқа жаққа қозғалуы болған
жоқ. Бұл дегеніміз, сұраныс өзгермеді. Ол орында қалды. Бағаның өзгеруі
тек тауардың сатылу көлемін өзгертті, ал сұранысы өзгерген жоқ.
Сұранысқа бағадан басқа әсер ететін факторлар болады. Сол кезде сұраныс
қисығы «жоғары» немесе «төмен» орнынан жылжиды.

1. Тұтынушылардың талғамының өзгеруі.

2. Сатып алушылардың санының өзгеруі.

3. Тұтынушылар табысының өзгеруі.

4. Қос тауарларға бағаның өзгеруі. Қос деп тауарлардың келесі екі түрін
айтады:

Өзара айырбастайтын тауарлар – бұл сол және сондай қажеттілікті
қанағаттандыратын тауарлардың тобы. Өзара толықтырушы тауарлар –
бұл, бір-бірінен «айырылмайтын» тауарлар, оларға сұраныс бір уақытта болады.

5. Халықтың сол тауарды тұтынушылығындағы
қанағаттандырушылық деңгейі: ол жоғарылаған сайын, оған сәйкес
сұраныс төмендейді. Осыған байланысты, шектелген пайдалылықтың
азаюы деп аталатын заңға тұтынушылық бағынады. Заттың пайдалылығы
– бұл адамның бірден бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі.
Шектелген пайдалылық – бұл, тұтынушының сол тауардың әрбір жәңасын
сатып алудағы қанағаттанушылық. Шектелген пайдалылықтың азаюы заңы,
әрбір келесі, немесе сол басқа өнімнің пайдалылығының төмендейтінін
көрсетеді. Тұтынушыға сол тауардың сатып алуын көбейту үшін оның бағасын
төмендету керек.
Сонымен, сұранысқа бағалық
фактор әсер еткенде сұраныс
көлемі, бағалық емес
факторлар әсер еткенде
сұраныстың өзі өзгереді.
Сондықтан сұраныс көлемінің
өзгеруі мен сұраныстың
өзгеруін шатастырмау қажет.
ҰСЫНЫС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Ұсыныс - сатушылардың белгілі бір уақытта
игіліктердің берілген көлемін белгілі бір баға
бойынша нарықта сатуға деген даярлығы немесе
сата алу қабілеті, тауардың бағасын тауардың
сатылымдарымен байланыстыратын тәуелділік.
Ұсыныс мөлшері - тауардын бағасы белгілі мәнге
ие болғандағы сатушылар сатуға дайын
тауарлардың жалпы мөлшері.
Мысалы, сиыр етінің бір килограмының бағасы — бірінші күні 1010 теңге, екінші күні 1090
теңге, ал үшінші күні 1163 теңге болды делік.
Осы бағаларға сәйкес сиыр етінің сатушылар ұсынған жалпы мөлшерлері мынандай
болсын: 1 күні 130 кг, 2 күні 143 кг, ал 3 күні 167 кг.
Бұны кесте арқылы көрсетуге болады:

баға (тг) 1010 1090 1163

сатылымға ұсынылған еттің мөлшері
130 143 167
(кг)
Ұсыныстың мәнін толық түсіну үшін
төмендегідей ұғымдарды енгіземіз:
1. Ұсыныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сату
көлемі арасындағы тура байланысты сипаттайтын
нарықтық ұстаным. Нарықта баға жоғары болғанда,
сатушылар игіліктерді сату көлемін арттырады. Және
керісінше, нарықта баға төмендегенде, сатушылар
игіліктерді сату көлемін қысқартады.
2. Ұсыныс бағасы – сатушының нарық жағдайында
берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы.
3. Ұсыныс көлемі – нарықтағы барлық сатушылардың
берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға
дайын игіліктерінің жалпы саны.
4. Ұсыныс функциясы – ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың
өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік .
Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс
детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детерминанттары деп нарық
жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін
бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз . Ол факторлар мыналар :
а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы;

ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары;

б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты;

в) болашақ бағаны және тапшылықты күту;

г) салықтар мен субсидиялардың көлемі;

ғ) сатушылардың саны; т.б.

Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады :
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),
мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К – технология; Т – салықтар мен
субсидиялар; N – сатушылардың саны; В – басқа да факторлар.
ҰСЫНЫС
ҚИСЫҒЫ
Егер баға жоғарыласа, онда сол
нарыққа сатуға көп тауарлар түседі.
Және керісінше, егер тауардың
бағасы төмендесе, осы тауарлардың
өндірісі және нарықта сол тауарға
ұсыныс қысқарады. Бұндағы
алдыңғы негізгі фактор – баға, ол
өнім өндіруші үшін белгі береді.
Суретте көрсетілгендей тауардың
ұсынысы нәтижелі еңкею қисығын
көрсетеді, тауардың бағасы және
оның нарықтағы сату көлемін
бейнелейді.
Ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты ұсыныс қисығы өзгеріске ұшырайды.
Баға факторы әсер еткенде ұсыныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын
алады. Мысалы, игіліктің бағасы өскенде ұсыныс көлемі де өседі немесе баға
төмендегенде ұсыныс көлемі қысқарады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес
факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде
ұсыныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, ресурстардың
бағасы төмендесе, онда ұсыныс кеңейіп қисық оңға жылжиды немесе ресурстардың
бағасы өссе, онда ұсыныс төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес
факторлар өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды
төмендегі суреттерден көруге болады.
Баға өзгермеген жағдайда ұсыныс қисығы «жоғары » немесе «төмен » жаққа
мынадай жағдайларда өзгереді:
1. Ресурстарға бағаның өзгеруі. Тұқым және тыңайтқыш бағасының
төмендеуі бидай өндірісін арзан жасайды және бидайға ұсыныс өседі .
2. Технологияның өзгеруі.
3. Салықтар және субсидияның өзгеруі.
4. Басқа тауарға бағаның өзгеруі. Қарақұмық бағасының төмендеуі ,
фермерлерге жүгері өндіруді оятуы мүмкін , онда жүгеріге ұсыныс өседі .
5. Ауа райы жағдайы. Ауа райының жайлы болуы, өте көп жоғары өнім
жинап алғызады және өнімдерге ұсыныс көбейеді .
6. Өндірушілер санының өзгеруі. Елдердегі көп және одан да көп кіші
наубайхананың көбеюі, нан, тоқаш заттардың әртүрлі ұсынысын жасайды
да, көбейтеді.
Сонымен, жоғарғы көрсетілген факторлардың бәрі сол тауардың өндіріс
шығындарына әсерін тигізеді, олардың бәрі сол тауардың нарықтағы
ұсынысының өзгеруіне шешуші әсерін тигізеді .
Қорыта айтқанда, сұраныс пен ұсыныс
нарықтық экономиканың құралдары ретінде
маңызды қызмет атқарады. Олар бір –
бірінсіз жүрмейтін үрдістер және бір – бірін
толықтырып, қалыптастырып отырады.
Нақтырақ айтсақ, ұсыныс сұранысты
өндірілген тауар ассортименті мен олардың
бағасы арқылы қалыптастырады. Ал сұраныс
болса, тауар ұсынысының көлемі мен
құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы
мойындаған нәрсе ғана ұдайы өндіріледі.

Ұқсас жұмыстар
Нарықтың субъектілері
KFC және McDonalds стратегиялық жоспарлары
Сатып алушылар санының өзгеруі
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Бағаның деңгейіне ықпал ететін сыртқы факторлар
Сұраныстың қисығы
Сұраныс икемділігінің түрлері
Маркетнигтік экономикалық маңызы
ЭНГЕЛЬ ҚИСЫҒЫ
Экономикадағы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
Пәндер