Орта және шағын бизнесті ұйымдастыру




Презентация қосу
Тақырыбы: Орта және
шағын бизнесті ұйымдастыру.
Жоспар :
1. Бизнесті ұйымдастыру формалары.
2. Кәсіпкерлік мүмкіндіктерді бағалау.
3. Кәсіпкерлік венчурды құру
тәсілдері.
Нарықтық жағдайларда тек ірі кəсіпкерлікпен ғана айналысуға
болады, орта және шағын кəсіпкерлік өмір сүруге қабілетсіз деген пікір
бар. Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде, шағын бизнес
ірі бизнеспен табысты түрде бəсекелесуде, себебі ол дағдарыс
жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым
тұрақты болып келеді жəне үнемі түрде дамып отыруға қабілетті.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай
формула танымал болатын: «Шағын нəрсе
тамаша!». Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
бағдарламасының мəліметтері бойынша əлемдік
экономикада шағын кəсіпорындардың саны барлық
кəсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады.
Біздің еліміз үшін шағын бизнесті дамыту – ең
бір басты міндеттердің бірі. Шағын бизнес
жұмыссыздықтың азаюына, нарықты отандық
тауарлармен жəне қызметтермен толықтыруға
мүмкіндік.
Соңғы жылдары кəсіпкерліктің даму қарқынының
жоғарылығына қарамастан, экономиканың осы
секторының сапалы дамуына тежеу болып отырған
біраз проблемалар бар. Атап айтқанда:

– заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кəсіпкерлік туралы заңнама
нормалары ескірген. ШОБ дамыту мəселелері бойынша нақты норма
жоқ, бұл əкімшілік тосқауылдардың көбеюіне жəне қолданыстағы
заңнаманың екі түрде түсіндірілуіне алып келеді;

– кəсіпкерлік субъектілерін анықтау проблемалары – кəсіпкерлік
субъектілерін шағын жəне орта бизнес санатына жатқызу өлшемдері
əлемдік іс-тəжірибеге сай емес. Олар бизнестің табиғи «ұсақталуына»
жол береді, отандық кəсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен
оның бəсекелесу қабілетінің төмендеуі орын алады;
.
– əкімшілік тосқауылдар – əкімшілік тосқауылдардың болуы шағын жəне
орта бизнестің дамуы үшін елеулі кедергі болып табылады. Алайда оларды
кешенді түрде талдау аталған проблеманы барынша тиімді шешудің жолы
болып табылады;

– кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының əлсіз жəне жарым-жартылай
дамуы – Қазақстанда орын алған ШОБ қолдау инфрақұрылымы шағын
жəне орта бизнестің кешенді қолданылуын қамтамасыз етпейді жəне
жоғары транзакциялық шығындардың болуына себепші болады;

– шағын жəне орта бизнес өнімінің бəсеке қабілеттілігінің төмендігі –
тұтастай алғанда ШОБ секторының қормен жарақтандырылу деңгейінің
жеткіліксіздігі, тозу деңгейінің жоғарылығы жəне негізгі қаражаттың
жеткіліксіз жаңартылуы, сондай-ақ технологиялылығының төмендігі шағын
жəне орта бизнес өнімінің экономикалық тиімділігін жəне бəсекелесу
қабілетін төмендетеді;
Қазақстанның тəуелсіздік алған кезінен бастап
кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік
шаралар тарихын мынадай кезеңдерге бөлуге
болады:
1. Бірінші кезең – 1992-1994 жылдар аралығы;
2. Екінші 994-1996 жылдар аралығы;
3. Үшінші кезең – 1997-2000 жылдар аралығы;
4. Төртінші кезең – 2001-2003 жылдар аралығы;
5. Бесінші кезең – 2004-2007 жылдар аралығы;
6. Алтыншы кезең – 2008 жылдан бастап, қазіргі
уақытқа дейін.
Кəсіпкерлік топтарын белсенді қалыптастыру үшін
қажетті жағдай туғызу мақсатында, сонымен қатар
республикада экономикалық реформаның сенімді əлеуметтік
базасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан
Республикасындағы кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне
дамыту жөніндегі 1994- 996 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарлама əзірленіп, қабылданды. Шағын
кəсіпкерлікті өнеркəсіп секторын əртараптандырумен бірге
дамыту «Қазақстан – 2030» Стратегиясының бірден-бір
негізі болып табылды.
Шағын кəсіпкерліктің дамуына кедергі болатын алдыңғы
кезеңдегі проблемаларды болдырмау, жəне мемлекеттің
қол жеткізген оң беталыстарын бекіту мақсатында, 1997-
2000 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге
асырылды:

1. «Шағын кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды жəне
жандандыруды күшейту шаралары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398
Жарлығы қабылданып, ол шағын кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту
шараларының мəртебесін мемлекеттік экономикалық саясаттың
басым саласымен ресми түрде бекітті жəне жүзеге асырылатын
шараларды, бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге,
олардың əлеуметтік проблемаларын шешуге жəне еңбек
белсенділіктерін арттыруға, тұтыну нарығын көптеген тауарлар мен
қызметтердің түртүрімен толтыруға жолдады.
.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 26 сəуірде Шағын
кəсіпкерлікті дамыту қорын құрды («Шағын кəсіпкерлікті дамыту
қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997
жылғы 26 сəуірдегі № 665 қаулысы)

3. Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөніндегі 1999-2000
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол
мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда, нарықтық экономикадағы
оның ерекше рөліне байланысты, шағын бизнесті қолдаудың басты
бағыттарын белгілеп берді. 2001 жылы Қазақстан
Республикасындағы шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау
жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған кезекті Мемлекеттік
бағдарлама қабылданды.
Мемлекет Басшысы Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –
Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» атты 29.01.2010 ж. Қазақстан халқына
Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан
Республикасы Үкіметі 13.04.2010 ж. «Бизнестің жол картасы
2020» атты Кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасын əзірлеп, бекітті.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізат емес
секторларындағы аймақтық кəсіпкерліктің тұрақты жəне
теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс
орындарын сақтап қалу жəне жаңа жұмыс орындарын ашу болып
табылады.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын
іске асыру кəсіпкерлікті қолдаудың үш
бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Біріншіден, бизнестің жаңа бастамаларына қаржылай
қолдау, яғни аймақтарда жаңа заманауи кəсіпорындар
құрылатын болады.

Екіншіден, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, яғни
дағдарыс кезінде қаржылық қиыншылықты басынан
өткізген, қазір жұмыс істеп тұрған бизнес-ке қолдау
көрсету.
Үшіншіден, экспортқа бағдарланған өнді рістерге
қолдау көрсету, яғни өнімдерін сыртқы нарыққа
шығаратын кəсіпкерлерді қолдау.
Кәсіпкерлік ұйымдық – құқықтық формасына байланысты: серіктестік,
акционерлік қоғам, кооперативтер. Экономиканың дамуы мен өсуі тек
шағын кәсіпкерлікке негзделмейді. Бүгінгі күнде мемлекеттік экономиканың
алдында тұрған негізгі мақсат. шағын кәсіпкерлікті ірілендіруі, яғни
мемлекеттік экономиканың оның ішінде бизнестік өркендеуі. Ірі
кәсіпорынды шағын кәсіпкерлікпен салыстырғанда олардың бірқатар
артықшылықтары бар.

1. жаңа, қымбат бағалы жоғары өнімділікті жабдықты
пайдалануға мүмкіндігі бар;
2. ірі кәсіпорындар толық маркетингтік зерттеулер
жүргізуге мүмкіндіктері бар.
3. персоналдардың біліктілік деңгейін арттыруға.
4. жабдықтың толық қуатын пайдалануға мүмкіндігі
бар.
Ірі кәсіпкерліктер тек ұлттық экономикада ғана емес сыртқы
нарықта да өндіріс және қызмет көрсету бойынша бәсекеге түсе
алады. Ол мемлекеттік жалпы экономикалық жағдайын және
өзінің бизнесін, пайдасын арттырады. ҚР – да шағын және ірі
кәсіпкерлік қызметтің реттейтін бір қатар заңдар қабылданған,
оларда негізгі мынадай сұрақтар қарастырылған:
1. еркін шаруашылық қызмет
2. жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
3. шаруашылық серіктестіктерді дамыту акционерлік, өндірістік
кооперативтерді, мемлекеттік кәсіпорындарды, жеке
кәсіпкерліктерді, шаруа қожалықтарын, әлеуметтік –
экономикалық заңдарды дамыту.
4. заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын қорғау
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы
корпорацияның кең тараған формасы.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі.
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын
бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.
Кәсіпкерлер идеяның, яғни тауар немесе көрсетілетін қызметті, жасау
мен көрсетудегі мүмкіндіктердің орындалуын жан жақты
қарастыруды қажет етеді. Мүмкіндіктер не үшін, қашан, қалай
қолдануға болады сұрағымен тығыз байланысты. Сонымен қатар,
кәсіпкер үшін мүмкіндіктерді анықтау процесін түсіну негізгі
қадамның бірі.
Кәсіпкерлер барлық уақытта іс-әрекетін дамыту үшін ішкі және
сыртқы ортаны зерттеп отырады және олар байқайтын
мүмкіндіктерді басқалар байқай бермеуі мүмкін.
1. Трендтер, трендте ағымдық жаңалықтар айтылады.
Әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және үкіметтік
тренттерге қатысып сонғы ақпараттармен хабардар болуы.
Әлеуметтік трендтер: демографиялық жасы, салауатты өмір
салты мен фитнеске сұраныстың өсуі.
Экономикалық трендтер: халықтың табысының денгейі,
қосымша жалақы алатын отбасылар, еңбек өнімділігінің артуы.
Технологиялық трендтер: мобайл технология, е-комерция
(электрон сауда), интернет жетістіктер.
Үкіметтік трендтер: реттеудің күшеюі, мұнай
бағасы, терроризм.
2. Тосын жағдайлар, Жоспарсыз әрі күтпеген табыстар немесе кейбір
сәтсіздіктер инновация көзі бола алатыны дәлелденуде. АҚШ орын алған
қайғылы жағдайды айтамыз. Осы оқиға Америка қауіпсіздігіне
инновациялық шешімдердің пайда болуына ықпал етті.
3. Келіспеушілік. Күту мен шынайы оқиғалар арасында да келіспеушілік
пайда болады. Мысалы: Фред Смит бір түнде пошта жеткізу қызметін
ұсынғанда оған сенбегендерде болған. Идеясын іске асырып Смит FedEx
компаниясын құрды.
4. Процесс қажеттігі Венчурлық капиталистер
нарықтағы процесс қажеттігін «дерт» ретінде
қарастырып, инновациялық шешімдерді осы
«дерттің емі» ретінде жиі ұсынады. Бір нәрсені
жақсырақ жасау керек болса, онда
инновациялық жаңа медициналық құралдар,
пайдалы тағамдар, әсері күштірек дәрі-
дәрмектер және уақыт үнемдейтін құралдар
шешім бола алады.
5. Индустрия және нарықтағы өзгерістер.
Тұтынушылар көзқарасы, технология
жетістіктері, нарық құрылымының өсуі. Осы
өзгерістер арқылы мүмкіндіктер пайда болады.
6. Демографиялық өзгерістер. Халықтың жасы,
саны, білім алу денгейі, кәсібі, тұрғындылығы,
географиялық орналасуы кәсіпкерліктің
мүмкіндіктері.
Кәсіпкерлік венчур қүрудың жаңа-жаңа тәсілдері.
Қазір күн сайын нарыққа жаңа өнімдер немесе қызметтер еніп
жатыр. Мысалы, смартфондар, МРЗ плеерлер, плазма
теледидарлар, ғаламдық орналасу жүйесі және т.с.с. бізге ірі
корпорациялардың зерттеу және дамыту талпыныстарының
нәтижссі ретінде ұсынылды. Алайда мұндай қайталанбас
идеялар тек үлкеи компаниялардың еншісіндегі касиет емес,
жеке тұлғалар да осыидай дүниелерді жасай алады.
Шағын кәсіпорындардың көбі бірден айрықша
идеялармен басталмаған. Олар нарықта бар өнімдср
мен қызметтер түрлерін ары қарай дамытып басқа
салаларға ұсынысты кеңейту арқылы іскерлік
қадамдарын бастайды. Осы себепті бұл ескі-жаңа
тәсіл деп аталады. Мысалы, мсйрамхананы, киім
сататын дүкендерді аймақтарда ашу. Әрине,
мұндай кәсіпкерлік тәуекелді талап етеді, себебі
бәсеке пайда болуы оңай. Сондықтан кәсіпкерлер
көшіріп ала алмайтын өнімдср мен қызмет түрлерін
ұсынуы қажет.
Назарларыңызға
рахмет !!!

Ұқсас жұмыстар
РЕСПУБЛИКАСЫ НДА ШАҒЫН
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау
Шағын және орта бизнес
Жеке кәсіпкерлік бастамаларды көтеу саласында мемлекеттік саясат саласының негізгі бағыттарын анықтайтын
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Қазақстан Республикасы кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау. Кәсіпкерлікті қолдаудың нормативті- құқықтық базалары
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының болашағы мен мәселелері
Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшіліктері
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры - бейкоммерциялық қаржы ұйымы
Пәндер