Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы


Slide 1

23. 00 кейін үнемі магнитофон дауысын

бар күшіне қатты қоятын адамды көршілері жауаптылыққа тарта ала ма?

Қандай

жауаптылық қарастырылған?

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Бөлім тақырыбы: Әкімшілік құқық

Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?

Slide 3

Оқу мақсаты:

9. 6. 2. 1 әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері

мен белгілерін анықтау;

9. 6. 2. 2құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру

Slide 4

Бағалау критерийлері:

Әкімшілік жаза түрлерін анықтай алады.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қандай жаза қолданылатынын түсінеді.

Жағдаяттарға мысал келтіріп, сын тұрғысынан талдай алады.

Slide 5

Әкімшілік жауапкершілік-заңды жауапкершілік түрі. Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар мемлекет белгіленген заңдар мен ережелерді бұзғаны үшін азаматтарға, тиісті жағдайларда мекемелерге де мемлекет белгілеген әкімшілік шаралар қолдануынан көрініс табады.

Әкімішілік құқықбұзушылық- жекетұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексініде әкімшілік жауаптылық көзделген.

Түнгі уақыт- кешкі 23. 00 мен таңғы 6. 00 аралағындағы уақыт. Бұл кезде адамдардың тыныштығы мен демаласын бұзуға болмайды. Басқаша айтқанда, бұл- демалыс уақыты.

Глоссарий

Slide 6

Әкімшілік құқықбұзушылық - кінәлі адамның әрекет немесе әрекетсіздігі түрінде көрінетін мінез-құлық актісі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген жаза беру шаралары тәртібінен көрініс табатын заңды жауаптылық түрі.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі (ӘҚБ) әкімшілік жауаптылық мәселесін реттейтін негізгі құқықтық акт болып табылады.

Slide 7

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің

құқықбұзушылығы үшін жауапкершілік

олардың ата-аналарына немесе заңды

өкілдеріне артылады.

Олар материалдық шығынды орнына келтіруге,

өз балаларын заңды және басқалардың

құқықтарын сыйлауға тәрбиелеуге міндетті.

Slide 8

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне :

Іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік)

Құқыққа қарсы келу

Айыптылық

Іс-әрекеттің жазаланатындығы

Slide 9

Әрекет-міндеттемелерді, заңды талаптарды белсенді түрде орындамау, белгіленген тыйымдарды бұзу.

Әрекетсіздік-заңды немес жекетұлғаға жүктелген міндетті пассивті түрде орындамау.

Құқыққа қарсы келу. Бұл іс-әрекет нәтижесінде әкімшілік құқықтық нормалары бұзылады. Ешқандай әрекет, егер оны жасаған кезде құқық нормалары бұзылмаған болса, әкімшілік құқықбұзушылық деп танылмайды.

Slide 10

Іс-әрекеттің айыптылығы. Тұлға бұл әрекетінің заңға қайшы екенін, оған тыйым салынғанын сезінеді. Айыптылықтың болуы міндетті.

Іс-әрекеттің жазаланатындығы аталған әрекетті жасағаны үшін жеке немесе заңды тұлға ҚР ӘК бойынша міндетті түрде жауаптылыққа тартылатынын білдіреді.

Slide 11

Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы

Құқықбұзушылық объектісі -құқықбұзушылық кесірінен бұзылатын қоғамдық қатынастар

Құқықбұзушылықтың объективті жағы- нақты іс- әрекет белгілері, оның мүмкін болатын салдары, әрекет пен салдар арасындағы себептік байланыс.

Құқықбұзушылық субъектісі- ақыл есінің дұрыс екенін білдіретін белгілері бар, нақты бір жасқа ( жас) жеткен жекетұлға (сонымен қатар лауазымды тұлға) немесе заңды тұлға.

Құқықбұзушылықтың субъективті жағы- қасақаналық немесе абайсыздық формасында көрініс табатын айып (кінә) .

Slide 12

Тапсырма: Кестені толтырыңдар.

Әкімшілік құқықбұзушылық құрамы

Құқықбұзу

шылық

объектісі

Объективті жағы

Құқықбұзу

шылық

субъектісі

Субъективті жағы

Slide 13

Топтық жұмыс

Топтар берілген мәтін оқып өзара талдап, басқа топтарға түсіндіреді.

1-топ. ӘҚБ Кодекісінің 41-бабында әкімшілік жазаның түрлері;

2-топ. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән -жайлар болып мыналар танылады (56 бап) ;

3-топ. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән -жайлар болып мыналар танылады (57 бап) ;

4-топ. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән -жайлар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 35 - 39 баптарында қарастырылған.

.

Slide 14

Жағдаяттарды талқылаңдар

I

14 жастағы мектеп оқушысы автобуста жол жүру ақысын төлемеді. Оқушы құқықтықбұзушылық жасады ма?

Оны әкімшілік жазаға тартуға бола ма?

Мектеп оқушысының ісіне кім жауап беруі керек?

Slide 15

II

Сағат 23. 00-ден кейін көппәтерлі үйдің бір пәтерінің тұрғындары қонақ шақырып бар дауыстарымен ән салып, би биледі. Бүгін мереке деп, көршілерінің еркертулеріне құлақ аспады. Пәтер тұрғындарының істегендері дұрыс па?

Бұл жерде әкімшілік нормалар бұзылды ма?

Үй тұрғындарына қандай ақыл айтар едіңдер? «Түнгі уақыт» дегенді қалай түсінесіңдер?

Slide 16

III

15 жасар мектеп оқушылары сабақтан соң үйлеріне қайтып келе жатты. Жолда олар ескерткіштер мен ғимараттардың қабырғасына бояумен түрлі суреттер салды. Аталған іс-әрекетте қандай әкімшілік жауаптылық қарастырылады?

Кім жауап береді?

Slide 17

Төмендегі сұрақтар аясында ой пікірлеріңді ортаға салыңдар

Біздің қоғамымызда әкімшілік құқық бұзушылықтың қандай түрлері көптеп таралуда?

2. Тым көп құқық бұзушылықтың себебі неде болуы мүмкін?

3. Қазіргі әкімшілік жаза жүйесі қаншалықты тиімді деп есептейсіз?

4. Әкімшілік құқық бұзушылықпен күресудің қандай тиімдірек жолын ұсына аласыз?

Slide 18

Мен бүгін білдім…

Мені қызықтырды…

Мен өзіме көп нәрсе түртіп алдым…


Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Қазіргі кезде әкімшілік құқықта жаңадан енгізілген жазаның түрі
Заңды жауапкершілік
Әкімшілік құқық, бұзушылық туралы
Халықаралық құқық бұзушылық түрлері
Атқарушы билік органдарының әкімшілік - құқықтық мәртебесі
Заң ұғымы мен оның түрлері
ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz