Ұйқы безі бездері




Презентация қосу
Ішкі секреция
бездерінің
Орындағандар:
Зинабдин Аяжан
қызметінің
Каритонқызы Малика бұзылуы
Тобы:Б-20-1
салдарынан
туындайтын ауру
түрлері.Жыныс
гормондары.
Ішкі секреция бездері-гормондар организмнің сұйық ішкі
ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер.
Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады,
шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай
келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері):
орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге
бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус,
гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге:
қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады.
Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын
аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы
безі, плацента және тимус жатады. Эндокринді бездер
гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене
мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу
деңгейін гуморальды реттеуге қатысады
Гипофиз аралық мидың астыңғы жағына
жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні
үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да
салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз —
безді және жүйке ұлпаларынан тұрады.
Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы
бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін
25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп
алынып, толық зерттелген
Қызметі:
1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын
өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін
арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді
(күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.
Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан
тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін
тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды.
Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде
байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы
болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия деп
атайды.
Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек
рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Терінің дәнекер
ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан
пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді.
Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі ,екіншісінің дене
бітімінің сәйкессіздігі.
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік
дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы
өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы
дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық
жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа
қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі,
психикасының толық дамымауына да себеп болады.
• Мидың ішінде мишықтан кейін орналасқан, пішіні
бұршақ дәніндей бір мүше бар. Оның сыртқы түрі
қылқанжапырақты ағаштың бүріне ұқсайды. Міне,
осы томпақша без — эпифиз деп аталады. Ол ішкі
секреция бездеріне жатады және гормон бөліп
шығарады
• Эпифиз— аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін
ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз
сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер
таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі.
Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ
глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді.
Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және
күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді.
Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын
бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы
калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және
мелатонин гормондарын бөліп шығарады
Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне
қарай екі топқа бөлінеді:

Тек эндокриндік қызмет атқаратын
бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік
бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік
(плацента), эпифиз және тимус жатады.

Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл
топқа ұйқы безі мен жыныс бездері
жатады.
Аралас бездер

Жыныс
Ұйқы безі
бездері
ГОРМОНДАР

• Ұйқы безінен бөлінетін гормон – инсулин.
• Жыныс бездері организмде 2 ге бөлінеді:
аталық және аналық жыныс бездері.
• Аталық жыныс безі өзінен – тестостерон
гормонын бөледі.
• Аналық жыныс безінен – эстроген және
прогестерон гормоны бөлініп шығады.
Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема
ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз
алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп,
сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының
синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты,
йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам
денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша
безде кездеседі.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу
күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке
жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай,
керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады.
Көздері бадырайьш, шарасынан алға қарай шығып тұрады. Мұндай
ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс
дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.
Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп
алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен
де емдейді
Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы
бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің
концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден
бөлінетін гормонның мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты
деңгейде болуына көмектеседі.
Жас балаларда қалканша
бездің гормоны жетіспесе,
бойы өспей, жыныстық
жетілуі тоқталады. Ми
сыңарлары қыртысының
жұмысы бұзылып, ақылесі
кем болады. Мұндай ауруды
кретинизм (фр. «сrtinismе» -
жарымес) дейді. Ауру
асқынбаса, емдеп жазуға
болады.

Ұқсас жұмыстар
Инсулин гармонын бөлетін без
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
Аралас бездер
Асқорыту бездерінің гормондары
Қалқанша маңы бездері
Эндокринді жүйе
Аталық жыныс безі
Аурудың белгісі
Бүйрекүсті безі
Пәндер