Жерге мемлекеттік меншік



Жерге меншік құқығы
Орындағандар: Қалдыбек Аружан, Абдыхаимова Елдана, Иржан Дамир
Қабылдаған: Киргизбаева Динара

2
Кіріспе
Жерге мемлекеттік меншік құқығының және жер учаскелеріне жеке меншік құқығының пайда болу негіздері
Жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері
Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының объектілері
Мазмұны
Жерге жеке меншік құқығының мазмұны

Жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік меншік құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Меншіктің бұл түрі ҚР жер кодексінің 5-бабында көзделген жер туралы заңнаманың барлық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл жөнінде біз осы оқу құралының басында атап өткенбіз.
Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылып, теңдей қорғалады.
Меншікті пайдалану қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен анықталады. Мұндай заң болып Қазақстан республикасының Жер кодексі және республиканың меншік құқығы мен жер пайдалануға қатысты туындайтын қатынастарды реттейтін басқа да заңдары табылады.
3
Кіріспе

4
2. Жер учаскесіне азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік құқығын орнықтыру - бұл объективтік қажеттілік. Бұл мыналармен байланысты:

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің түсіндірмесінде аталғандай, табиғи ресурстық құқық (соның ішінде, жер, су және орман құқықтары) және экологиялық заңнама құқықтың дербес салаларына бөлініп шықты. Олардың өздеріне тән құқықтық қатынастарды реттейтін нормалары мен азаматтық заңнаманың арасында қайшылықтар болған жағдайда аталған құқық салаларының нормалары жоғарғы заң күшіне ие болатын болды. Осылай, азаматтық заңнама табиғи ресурстық және экологиялық құқықтың нормаларына айрықша мән береді.
5

6
Сол себепті, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 28-бабының нормалары ҚР Конституциясының жерге меншік құқығы туралы нормаларына, Жер кодексінің өзіне және ҚР Азаматтық кодексінің 1-бабының нормаларына қайшы келеді. Осыған сәйкес, ҚР Жер кодексінің 2-бөлімі мен 5-тарауының атауларынан «заттық құқық» сөзін алып тастау қажет. Ал ҚР Жер кодексінің 28-бабының мәтінін өзгертіп, былай көрсеткен жөн: «Жер пайдалану құқығы - бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін мерзімсіз (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзімде (уақытша жер пайдалану), ақылы немесе ақысыз негізде иелену және пайдалану құқығы». Бұл өзгерту ҚР Жер кодексінің 12-бабының 30-тармағына сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасындағы жерге меншік ҚР жер заңдарының міндеттеріне, нарық жағдайындағы экономиканың даму шарттарына жауап береді.
Қазақстан Республикасындағы жерге меншіктің, ҚР Конституциясы мен Жер кодексінде аталғандай, екі түрі бар: мемлекеттік және жеке меншік.
Мемлекеттік меншік - бұл Қазақстан Республикасы аумағының шегін қамтитын және оның меншігі болып танылған жерлер.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 32-тармағы) .

3. ҚР Жер кодексінің «Жер учаскесі - меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде» атты 5-тарауында мынадай ережелер қарастырылған:
Жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру (44-бап) ;
Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерін беру (45-бап) ;
Оралмандарға жер учаскелерін беру (46-бап) ;
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу (47-бап) ;
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу (48-бап) ;
Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзартып сату кезінде оларға құқықтар алу (49-бап) ;
8

Жер учаскесіне меншік құқығының пайда болуының бірінші негізі ретінде ҚР ЖК 43-бабының нормаларын атауға болады. Жерге орналастыру жобаларын ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері жаса, ал комиссияның қорытындысы - бұл жергілікті өкілдік органның депутаттары, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдері қабылдаған құжат. Жер учаскелерін таңдау нәтижелері құрылыс салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитарлық-қорғау аймағын белгілеу үшін жер учаскесін таңдау туралы актімен рәсімделеді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса беріледі.
9

4. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Бұл мәселені ҚР Жер кодексінің 26-бабы толығырақ ашады. Оған сәйкес, мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ, жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер меншікте болады.
10

11
5. Мемлекет - Қазақстан Республикасы меншік құқығының субъектісі ретінде белгілі бір әрекеттерді өз бетімен жүзеге асыру құқығына ие. Заң бұл әрекеттерді жерге меншік иесінің құқықтары шегінде анықтайды. ҚР Жер кодексінің 21-бабына сәйкес, меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және (немесе) ақысыз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Жерге билік ету құқығы - мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 28, 30, 31-тармақтары) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz