Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын



Орындаған: Жорабек Ж
Қабылдаған: Мамыт А
Тобы: М1701-11
Ахмет Байтұрсынұлы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі Ақаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны - “Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер . . . Ақаң - еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі - артынан келе жатқан жастар . . . Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын . . .
Қаламынантамған бал ем болудан айнымайды.
М. Әуезов
Ұлттың ұлы ұстазы

А. Байтұрсынов - 20 ғасырдың басында демократиялық бағыттағы зиялылардың көшін бастаушылардың бірі, сондай -ақ Алаш партиясы мен Алаш автономимясын құруда басты рольді атқарушылардың бірегейі болды десек артық айтылмайды.

Ұлттық жазудың реформаторы, ұлы ағартушы педагог, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.

Қан жылаған қазақ баласына өлеңдері арқылы демеу берген Ахмет Байтұрсынұлының әр туындысы жоғары бағаға ие. Әсіресе, 1911 жылы Орынборда жарық көрген “Маса”өлеңдер жинағына ақынның қазақ халқының өткені, бүгіні мен ертеңі жайлы жазылған өлеңдері енген.
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? - дейді ақын “Маса” өлеңінде.

“Қазақ қалпы”өлеңінен ақынның алаштың өткен күніне деген сағынышын және Ресей мемлекетінің билігінен кейінгі қазақтың жағдайына деген күйінішін байқауға болады.
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнімізде шарпылмаған?! Алаштың адамының бәрі мәлім: Кім қалды таразыға тартылмаған? Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, Жақсылық өз басынан артылмаған. Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.

XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы, “Достыма хат” деген өлеңінде қоғам әділетсіздігін суреттеп, ақшаға, абыройын арын сатқан адамдарды сынаған. “Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр” деген өлең жолдарынан ақынның азаттықтың таңы үшін қиын-қыстау кезеңді басынан өткеріп жүргені байқалады.
Қырағы, қия жазбас сұңқарым - ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым - ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің - ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, Түнерген төбемізден бұлт арылмай. Көк етті, көн терілі, көніп қалған, Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай.

Ахмет Байтұрсынұлы “Ойлар” атты өлеңінде өзі қайтыс болса да, ерең еңбегінің өлмейтінін жазған.
Мен өлсем де өлемін жөнімменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен?! Өлген күні апарып тығары - гөр, Мен жоқ болам көміліп тәнімменен. Тән көмілер, көмілмес еткем ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін дамытуда айрықша маңызға ие болған тұлға. 8 ғасырдан бастап қазақ даласына исламның таралуына байланысты араб жазуы біртіндеп ене бастады. Араб әліпбиінде қазақ тілінің барлық дыбыстарының нақты көрінісі үшін қажетті көптеген әріптер жетіспегеніне қарамастан, қазақ тілі араб әріптері негізінде құрылды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің табиғатын терең зерттеп, араб тілінің негізінде жаңа қазақ алфавитін құрды.
Ол сол кезде қазақ тілінің даму қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын, оның грамматикалық және фонетикалық құрылымын көрсетпейтін латын, әсіресе орыс алфавитін енгізуге қарсы болды. Ол өз халқына әліпби сыйлап, қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы, синтаксисінің негізін қалады, алғашқы оқулықтарды жазды. Ресми түрде ҚР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталды.

XX ғасырдың 30 - жылдары қазақ зиялыларын жаппай қуғындаудың басталғаны мәлім. Сталиндік жазалау машинасының қармағына іліккендердің бірі де Ахмет Байтұрсынұлы болды. 1938 жылы ол әуелі тұтқындалып, кейіннен атылды.
1988 жылы ақталды.
Ахмет Байтұрсынұлы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үркердей жарқыраған жарқын шоғырының келбетті өкілдерінің бірі. Оның өмірі өз халқына деген, ел - жұртының мәдениеті мен әдет- ғұрпына деген айнымас махаббаттың айқын үлгісі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz