Қоғамдағы тәртіп





Аномия - (гр. an- жоқтық және гр. nomos - заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
БҰЛ ҰҒЫМДЫ ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА 1893 ЖЫЛЫ ЭМИЛЬ ДЮРКГЕЙМ ЕНГІЗГЕН
Аномияның жеке психологиялық жағдайы девиантты мінез-құлықтың таралуына және суицидтердің өсуіне себеп болатын моральсызданумен, қоғаммен байланыстың әлсіреуімен, негізсіздік тәжірибесімен, адамдардан алшақтаумен, өмірдің бостығымен және т. б.


Қоғамдық тәртіп
Қоғамдық тәртіп - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.

Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады.
Саналы тәртіп - қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды.

Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады
Суицидалды мінез-құлық - адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді

БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-да шамамен 23-24 адамнан келеді.
Қазақстан 2014 жыл бойынша жасөспімірдер арасында өзінөзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 100 мың адамға шаққанда 25. 6 жас өліп 4-ші орын алған.
Жер бетінде әр 40 секунд сайын өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алады. Жалпылай алғанда бір жыл ішінде қайғылы жағдайға 800 мыңдай адам душар болуда. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялап отыр.
Жалғыздық-суицидке итермелейтін бірден бер себеп

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ - БҰЛ ӘРҚАШАН КӨМЕККЕ ШАҚЫРУ


ҚОРЫТЫНДЫ:
Ол әр қашанда әр елде бірінші орында тұру керек қасиеті, құндылығы сияқты себебі, тәртіпсіз ештеңеге қол жетпес, тәртіпсіз алынған білім адамзаттың қас жауы демекші тәртіп барлық жерде керек соның ішінде қоғамдық тәртіпте!Біздің елімізде өкінішке орай 2022 жылдың алғашқы он күндігінде бұл қоғамдық тәртіп мүлдем сақталған жоқ. Нәтижесін өздеріңізде көрдіңіздер қоғамдық тәртіпсіздіктің салдары неге алып келгенін. Бұл өз ойым, ал енді қазіргі таңда бүкіләлемдік үлкен проблемалалардың бірі болған. Суицидке тоқталсам:ол біздің елдің, бүкіл әлемнің бас қатырар шаруасы. Ең алдымен ол проблеманы шешу үшін оны түсініп алу керек сияқты, яғни неге? Сол суицидке баратын адамның себебі неде?

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz