Махмұт Қашқари мен Диуани лұғат ат-түркінің құрылымы, тілтану және тарихи-әдеби маңызы


Slide 1

Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк»сөздігі

Орындаған:Әскерхан Карина

Slide 2

Махмұт Қашқари

Түрік жұрты, түрік ұлысы жөнінде былай деп сөз қалдырыпты:

«Мен тәңірінің дәулет ұясын түріктер жұлдызына жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырып қойғанын көрдім. Тәңірі оларды «түрік» деп атады. Әрі оларды мемлекетке еге қылдырды. Заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты, оларды адамдарға бас қылды, хақ істерде соларды қолдады, олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады.

Slide 3

Ғұлама ғалымның қайтыс болған, туған жылы белгісіз.

Ол жөнінде кітапта да деректер кездеспейді, зерттеулерде жоқ.

Slide 4

.

“Диуани лұғат ат-түрк”

Slide 5

Еңбекті венгр, түрік, орыс, неміс, мысыр ғұламалары қызығып зерттеген.

Slide 6

Махмұт Қашқари : «Мен бұл кітапты хикмат сөздер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, ражаз және наср секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзіп шықтым. Үйренушілер мен қызығушылар керекті сөздерді тез, оңай табуы үшін көп жылдар бейнет шегіп, сөздерді орын-орындарына қойдым. Көмескілерін аштым, жарық еттім, қателерін жұмсарттым, түзеттім»-деген. Ақыры, бұл кітабын(сөздікті) сегіз бөлікке жіктегенің көрсетеді.

Slide 7

Сондай-ақ, түрік тілінде сөз араб тіліндегідей әйел, ер жынысына қарай (Муж. род. Жен. род) ежіктелмейтіндігін айтқан, етістіктің жақтары мен жіктелуі хақында да араб грамматикасына салыстыра отырып қағидалар түзеді.

Махмұт Қашқари бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен Әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза кітабы»деп атаған. Екіншісі, «Сәлім кітабы», яғни құрамында «харфи илет» деп аталатын «әліп (а) , уау (у), иай (й) » әріптері болмағпн сөздер, әріп қайталанбаған сөздер . Үшіншісі, Мұзоаф кітабы, яғни бір әрпі қайталанатын сөздер кітабы. Төртіншісі, Мисал кітабы, яғни «харфи илеттің» бірінен басталған сөздер кітабы. Бесіншісі, үш әріпті кітап. Алтыншысы, төрт әріпті кітап. Жетіншісі, мұрын дыбысты әріптер кітабы, «ғұнналылар» деп аталады. Сегізінші, екі сөздікпен қатар келген сөздер кітабы.

Кітаптарда әуелі есімдерді, одан кейін етістіктерді түзеп отырады. Былайша айтқанда, әр кітапта сөздер «Есімдер» мен «Етістіктер» деген екі үлкен бөлімнен түзілген.

Slide 8

Кітапта түрік тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды, күдіксіз түсіндіріледі. Түрік әліппесінің ерекшелігі де талданған. Түрік тілінде негізгі 18әріп бар екендігін, оның сыртында екінші ретте тұратын тағы 7 әріп бар екендігін, оларсыз түрік сөзінің құралмайтынын да, жазылмайтынын да баяндайды. Үңдестік заңы, үңдестік заңына сәйкес қосымшалардың, жалғаулықтардың үңдесуіне қатысты қағидалар түзеді.

Түрік жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері этнологиялық ерекшеліктері «Түрік сөздігінде» барынша нақтылық тарихи сипатпен баяндалған.

Slide 9

«Түрік сөздігінде» 242 шумақ өлең, жыр, 200 ден астам даналық сөз бен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер болса, солардың барлығы да белгілі бір мағынаны, ордалы ойды, тебіреністі толғамды білдіріп тұрады. Ол жырларда негізінен жат-жұрттықтармен соғыстар, ел ішіндегі рулық-тайпалық қақтығыстар, тарихи адамдардың ерліктері, қаһармандық, ақиқат, тағдыр, тіршілік туралы ой толғамдар, табиғат суреттері, адамның әр түрлі көңіл-күй сезімдері толғанады.

Мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, сонымен қатар, тұрақты тіркестердің сонау IX-XI ғасырлардан бүгінге дейін жалғасқан тарихи жолы сайрап жатыр. Оларды әлі зерделеу үстінде.

Slide 10

Қорыта айтқанда, Махмуд Қашғаридың теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық т. б. тұрғыдан мейлінше бай мұра болып табылады.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!

Пайдаланылған әдебиет:Асқар Егеубай еңбегінен


Ұқсас жұмыстар
Махмұт Қашқари және Диуани лұғат ат-Түрк: алғашқы түркі сөздігінің құрылымы мен лингвистикалық ерекшеліктері
Диуани Лұғат ат-Түрік: Махмұд Қашқари еңбегінің тілдік, әдеби және этнографиялық маңызы
Махмұд Қашқари мен Диуани лұғат ит-түрк еңбегінің құрылымы, тілдік ерекшеліктері және тарихи маңызы
Махмұд Қашқари және Диуану лұғат-ит-түрк: түркі тілтануының энциклопедиялық дереккөзі
Диуан лұғат ат-түрік: Махмұд Қашқаридің түркі тілдері мен мәдениетінің классикалық еңбегі
Махмұд Қашқари мен Диуану луғат ит-турк: түркі тілдерін зерттеудегі рөлі және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер
Қожа Ахмет Ясауи: өмірі, сопылық ілімі мен Диуани Хикметтің тарихи-әдеби маңызы
Қазақ философиялық ойының қалыптасуы және көрнекті ойшылдар: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Бұқар жырау, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Яссауи, Макиавелли және Гоббс
Ахмет Йасауи мен Диуани хикмет: тарихи-әдеби және поэтикалық талдауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz