Сана және тіл



Сана, рух және тіл

Жоспары:
Сана туралы түсінік
Сананың тарихи сипаты
Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау
Рух және тіл

Сана - өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте - анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.


Сана-объективті дүниенің бейнесі.
Сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін- сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми олрды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми-ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінще дәлме-дәл болмайды. Сана-оның идеалдық бейнесі. Сана бір жағынан жинақталған білім, ал екінші жағынан-таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол-үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродуктивті) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды.

Сананың тарихи сипаты
Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен қатар және ең бастысы әлеуметтік - тарихи заңдылықтарға байланысты.

Сананың тарихи сипаты
Сананың тарихи сипаты оның жануарлар психикасынан айырмашылығын көрсетеді.
Адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық және индивидуалды-гностикалық бірлік - адам санасының жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіреді
Адам санасының санасының мақсат-бағдарлы және белсенді сипаты - оның жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіреді.
Адам санасының маңызды айырмашылық ерекшелігі - өзіндік сана-сезімнің барлығы.
Ақиқаттың адам санасында жалпылама және жанама түрде бейнеленуі - сананың жануарлардың психикасынан айырмашылығын білдіреді.

Сана бейнелеудің ең жоғары формасы.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Олардың ойынша, адам санасында обьективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, дию, су перісі ұғымдар болады.

Бейнелеудің сатылары:
- қарапайым бейнелеу - бейнелеудің бұл түріне субьект обьектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі) .
- информациялық бейнелеу -бейнелеуші бейнеленушінің бойында белсенді әрекет, -өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы лекция оқушы ұстаздың студенттердің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бірклеткеалы жануарлар мен өсімдіктердің тітікенуі.
- әлеуметтік бейнелеу- қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.

Бейнелеу түрінің эволюциясы
Бейнелеу-жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпал жатыр. Өлі материяда бейнелеудің екі түрі кездеседі: бірі-изоморфизм, екіншісі-гомоморфизм. Изоморфизмді бейнелейтін объект пен оның бейнесі арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Ал гоморфизм дегеніміз бейнелейтін объект пен бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде болады.

Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнеленуіде әр қилы болады. Өлі материяда ондай бейнелеу негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейіделу пайда болады. Ең алғашқы қарапайым бейнелеуге - тітіркену жатады. Ол бірақ тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмдерде ол рефлекс туғызады. Рефлекс шартты және щартсыз болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес организм реакциясы да саналы және инстинктивті болып бөлінеді.

Сана-сезім (өзіндік сана)
Сана белгілі бір дәрежеде - сана-сезімге айналады. Сана-сезім - өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы.
Сана-сезім дегеніміз - адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттнетін субъект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ сана-сезім - адамның өзін-өзі түсінуінен гөрі кең ұғым. Өйткені оған адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері кіреді.



Сана және тіл
Сана ең жоғарғы ұйымдасқан материя - мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті. Оның пайда болуына екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. “Алдымен еңбек, одан соң бөліп-бөліп айтылатын тіл, - дейді Ф. Энгельс, - маймылдың миын адам миына айналдырды”.

Рух - кең мағынада сана, психикалық іс-әрекеттің жоғарғы формасы, тар мағынада ойлау ұғымымен бара-бар. Адамның денесі болғанымен, ол ең алдымен - рух. Өткен замандағы және қазіргі ойшылдардың бәрі де адамның рухани пенде екенін қажымай айтып келеді. Кең түрде алғанда, рух деп біз адамның психикалық өмірінің ең биік, санамен байланысты, оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз. Рухтың қайнар көзі материалдық дүниенің терең қабаттарына кетеді. Ол - заттардың біртұтастығын және бір-бірімен байланыстарын қамтамасыз етіп, оларды жетілуге итермелейтін күш. Уақытында П. Т. де Шарден айтқандай, оны біз молекуланың өз ішкі тартуынан-ақ байқауымызға болады. Оны Платон «морфе» (заттың болмыс формасы), Аристотель қайсыбір дененің «энтелехиясы» (оның болмысын анықтайтын ішкі мақсат-мұраты), В. Г. Лейбниц «монада» (көзге көрінбейтін рухани күш), - деп атап кеткен болатын.

Жан - адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің) бойындағы тіршілік қуаты. Дәстүрлі түсінік бойынша, жанның заттық қасиеті жоқ делінетіндіктен, оны ғылым жолмен тану мүмкін емес деп есептелген. Бірақ қазіргі замандық зерттеулер бойынша жан адам денесінің тұтас жүйесіне және миындағы нейрондардың қозғалысына тәуелді дейтін функционализ идеясы қалыптасқан. Ол бойынша жан тіршілік жасушасының ерекше қасиеті мен қабілеті. Жан - ақыл, ерік және сезімнен тұрады. Ойлау, сезіну, жоспарлау, ұйымдастыру, мәлім іске шоғырлану, шашырау, шабыттану, қалжырау дегендер жанның қабілеттері. Жан арқылы адам баласы таниды, өзара қарым-қатынас жасайды. Жеке тұлғалық қасиеттер жаннан бастау алады. Алаңдау, тынышу, қуану мен қайғыру жанның күйі есептеледі.


Неміс ғалымдары Ф. Э. Д. Шлейермахер, И. Г. Гаман көзқарасы:
Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ. Бұл - менталистік бағыт деп аталады дейді.
Неміс ғалымы Ф. Э. Бенеке көзқарасы: Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние.
Неміс ғалымдары Ф. Э. Д. Шлейермахер, И. Г. Гаман көзқарасы: Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлау өте жақын. Бұл бихевиористік бағыт деп аталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz