Балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды диагностикалау және логопедиялық тексеру әдістері мен қағидалары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы:Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды анықтау.

Орындаған: Бектасова Б.

ТП-18-2К1

Қабылдаған:Калыбекова Сауле Кураловна

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5

Логопедиялық тексеру қағидалары

Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың өзінің диагностикалық және коррекциялық іс-әрекетінде негізгі теориялық ұстамдарды басшылыққа алуы деп түсіну қажет.

Диагностикалық және коррекциялық жұмысты ұштастырудың басты теориялық негізі Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің еңбектерінде қарастырылған компенсаторлық және даму заңдылықтары, баланың дамуының қозғалтқыш күштері туралы ілімдері болып саналады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

1 кезең

Бағдарлау кезеңі

2 кезең

Сөйлеу тілін және іс-әрекетін бағдарлау кезеңі

3 кезең

Оқу барысында баланы динамикалық бақылау және сөйлеу қорытындысын анықтау кезеңі

Логопедиялық тексерудің кезеңдері

Slide 9 Slide 10

Балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың тәсілдері

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тіліндегі мүкістіктің ішкі сырының ерекшелігін және оның ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сөйлеу тіл жүйелерінің қайсы бөлігінің ақауланғанын талдай білу қажет. Сөйлеу тілнің мүкістерінің ерекшелігі мен оның күрделілігіне байланысты әрбір нақтылы жағдайға сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу керек. Бірақ қандай жағдай болмасын кейбір негізгі талаптарды естен шығармау қажет.

Мүкістіктер сөйлеу тілінің фонематикалық, лексикалық және грамматикалық жақтарын да қамтитыны белгілі. Бұл сөйлеу тілінің фонематикалық барысын, сөздік қорын, грамматикалық құрылысын жан-жақты тексеру деген сөз. Сонымен бірге мектеп оқушыларының оқуы мен жазуын да тексеру қажет.

Slide 11

Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізу қажет. Әңгімелесу барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жара-қаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (анамнез жинақтау) . Ата-аналардың берген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзы­луының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді.

Сөйлеу тілі ақаулыктарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру керек. Сондықтан, баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан ары қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет.

Slide 12

Есту кабілеті дұрыс бала, логопедтің 6-7 м. жерден сыбырлап айтқан сөзі мен қысқа сөйлемін жақсы естиді және қайталайды. Бала логопедтің сөзін теріс қарап тұрып қайталайды. Баланың есту кабілетін жақыннан бастап, сосын ара қашықтығын біртіндеп алыстата отырып тексереді. Тексеру жүргізетін бөлменің бұндай сынаққа ыңғайы келмесе, онда логопед керекті қашыктыққа сәйкес келетіндей етіп теріс қарап тұрып сөйлеп тексереді.

Құлағының жеңіл мүкістігі бар бала бір қалыпты дауыспен сөйлеген сөзді 6-дан 8 метрге дейінгі, ал сыбырлаған сөзді 3 метрге дейінгі қашықтықтан естиді. Құлағының мүкістігі ауыр баланың есту қашықтығының алшақтығы қысқарады және соған лайық сыбырлаған сөзді анық естуі мен оны қайталауы қиындайды. 1 метрге жетпейтін қашықтықта сыбырлаған сөзді анық түсіне алмаса, онда есту мүкістігінің ауыр екендігін көрсетеді.

Тексеруге кірісерде логопед ең алдымен баланың сөйлеу тілінің толықтығы, анықтылығы, ырғақтығы, жатықтығын толығымен түсініп алуы керек.

Slide 13

Анамнез жинау

Анамнез жинау барысында сөйлеу тілінің, моторикасының ерекшеліктері туралы деректер логопедке баланың жағдайын дұрыс бағалауға, сосын логопедиялық түзету жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Анамнезді мүмкіндік болса анасымен әңгімелесу барысында жинақтау тиімді, болмаса жақындарынан жиналады.

Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Балалардың сөйлеуін логопедиялық тексерудің қағидалары мен кезеңдері
Балалардағы сөйлеу тілінің патологиясы: себептері, түрлері және логопедиялық түзету әдістері
Мектепке дейінгі балалардағы сөйлеу тілінің бұзылыстарын диагностикалау және түзету
Арнайы мекемелердегі диагностикалау мен түзету: еңбекке баулу, логопедиялық қызмет және Multikid жүйесі
Сөйлеу жылдамдығының бұзылыстарын түзетудегі логопедиялық бағыттар мен әдістемелер
Қан түзу жүйесінің патологиясын диагностикалау: субъективті және объективті тексеру әдістері мен клиникалық синдромдар
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі қателіктер: себептері, ерте диагностикасы және түзету жолдары
Күрделі сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне инклюзиялау: психолого-педагогикалық негіздер және логопедиялық түзету
Есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің дамуы: кезеңдері мен бұзылыстары
Сөйлемейтін балалармен логопедиялық түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz