Магнит өрісі


Slide 1

Магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі.

СРСП

Группа: 21-1 ЛЭ(С)

Орындаған: Асан Қ. Е.

Slide 2

Жоспары:

Магнит өрісі

Био - Савар - Лаплас заңы

Лоренц, Ампер күші

Магнит ағыны

Магнетиктер

Slide 3

Магнит өрісі - қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды.

Магнит өрісінің графикалық бейнесі

Slide 4

Ленц ережесі

Индукциялық ток магнит өрісі индукциясының ағынын тудырады, ал оның ∆Фi өзгерісі сыртқы магнит өрісі индукциясының ағынының ∆Ф өзгерісіне кедергі жасайды, демек ∆Фi және ∆Ф бағыттары қарама-қарсы, яғни электрмагниттік индукция өрнегіндегі пропорционалдық коэфф. -1-ге тең. Сонда:

εi=-∆Ф/∆t

Индукциялық ток шамасы:

Ii=-1/R∆Ф/∆t

Егер контурдың кедергісі нольге тең болса, онда магнит ағынының өзгерісі нольге тең, яғни Ф1=Ф2, бұл магнит ағынының сақталу заңы.

Slide 5

Био - Савар - Лаплас заңы

Кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі Био-Савар-Лаплас заңымен анықталады. Суреттегі А нүктесіндегі токтың элементі тудыратын магнит өрісінің индукциясы Био - Савар - Лаплас заңымен анықталады.

Slide 6

Био - Савар - Лаплас заңын векторлық немесе скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:

- векторлық түрде жазылған Био - Савар - Лаплас заңы,

-скалярлық түрде жазылған Био - Савар - Лаплас заңы.

- Мұндағы магнит тұрақтысы

Slide 7

Магнит өрісін сипаттау үшін индукция векторымен қатар магнит өрісінің кернеулік векторы енгізілген. Магнит өрісінің кернеулігі ортаның қасиеттеріне байланыссыз, ол магнит өрісін туғызатын токтың шамасына тікелей байланысты болады.

Кернеулік векторының өлшем бірлігі:

Вакуумдегі магнит өрісінің индукция векторы мен кернеулік векторы арасындағы байланыс келесі түрде жазылады:

Slide 8

Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы

Slide 9

Лоренц күші

Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды.

- Лоренц күшінің формуласының векторлық түрі.

- Лоренц күшінің формуласының скалярлық түрі.

Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады.

Лоренц күші қозғалыстағы зарядталған бөлшектің тек қана қозғалыс бағытын өзгертеді. Ал оның жылдамдығын және кинетикалық энергиясын өзгертпейді. Электр және магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсер ететін Лоренц күші келесі өрнекпен анықталады:

Slide 10

Ампер күші

Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды. Магнит өрісі біртекті болған жағдайда тогы бар өткзгішке әсер ететін Ампер күші келесі өрнекпен анықталады:

Ампер күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады. Сол қолдың төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттас етіп бағыттап, индукция векторы алақанды тесіп өтетін болса, 900-қа қайырылған басбармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

Ампер түзу токтардың өзара әсерінен келесі заңдылықтар ашты:

Бағыттас параллель токтар бір-біріне тартылады;

Бағыттары қарама-қарсы токтар бір-бірімен тебіледі;

Параллель емес токтар бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.

Slide 11

Заттың магнеттик қасиеттері

Магнит өтімділігі

Сыртқы өріс болмаған жағдайда

Мысалы:

Диамагнетиктер

Магнит өрісін тудырмайды.

Алтын, күміс, мыс, мырыш, сынап

Парамагнетиктер

Магнит өрісін тудырмайды.

Кальций, қалайы, қорғасын

Ферромагнетиктер

Магнит өрісін тудыруы мүмкін.

Темір, никель, кобальт, гадолиний

Белгілі бір ортаның магнит өрісінің индукциясы вакуумдағы магнит өрісінің индукциясының неше есе артық екенін көрсететін физикалық өлшемді заттың магниттік өткізгіштігі деп атайды.

Slide 12

Кюри температурасы

Кюри температурасы дегеніміз:

Заттың асқын өткізгіштік күйге өту температурасы

Заттың балқу температурасы

Заттың ферромагниттік қасиеті жойылатын температура

Сұйық пен оның қаныққан буының физикалық қасиеті жойылатын температура

Сұйықтың қайнайтын температурасы

Slide 13

Есептер:

Индукциясы В = 0, 2Тл бiртектi магнит өрiсiнде бойынан I = 5А ток ағып өтетiн, ұзындығы l = 15см өткiзгiш орналасқан. Өткiзгiшке F = 0, 13Н -дық күш әсер етедi. Токтың бағыты мен магниттiк индукция векторы бағытының арасындағы α бұрышты анықтаңыз.

600В-тық үдемелi потенциалдар айырымынан өткен протон магниттiк индукциясы 0, 3Тл бiртектi магнит өрiсiне ұшып кiредi де, шеңбер бойымен қозғалады. Шеңбер радиусын табыңдар.

Электрон индукциясы В=4 мТл біртекті магнит өрісінде қозғалады. Электронның айналу периодын табыңдар.


Ұқсас жұмыстар
Магнит өрісі. Магнит өрісінің тірі организмге әсері
Жердің магнит өрісі
Магниттік өріс пен магниттік тізбектер
Контурдың магнит моменті
Магнит өрісінің бағыты
Векторлық өріс
Ампер күші
Электромагниттік толқындардың әсері
Магнит өрісін қолданатын диагностикалық және терапиялық құралдар
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТ ӨРІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz