Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты



«Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Болашаққа бағдарланған даму бағыттары

.
Сабақтың жоспары:
1. ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы және оның маңызы . Нұр Отан партиясының “ Нұрлы болашақ жолында“ доктринасы
2. Ұлтаралық татулық. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) бағдарламасы
3. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру
Сабақтың мақсаты:
Жастарды мемлекеттің жаңа саяси бағытына дағдылау
Қазақстан 2050 стратегиясының әрбір бағдарламасына сипаттама беріп түсіндіру

.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан - 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр - ол «Қазақстан - 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» [1] .
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан - 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды [2] .
«Қазақстан - 2050» Жаңа Стратегиясы - ол бір жағынан «Қазақстан - 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан - бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

Қазақстан - 2050 стратегияларының бағыттары
Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - ұлттық экономиканың жетекші күші.
Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары - әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
Білім және кәсіби біліктілік - қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты -пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

Қазақстан - 2050 стратегияларының бағыттары
Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты -пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н. Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті:Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс. Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу. Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет. Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту. Бесіншіден, бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет. Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет. Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.

2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - ұлттық экономиканың жетекші күші.
Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н. Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н. А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.
Біріншіден, адам өзін бизнесте сынап көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толық құнды қатысушысы болуға, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта деңгейге көшуге қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға мүмкіндік жасау керек.
Екіншіден, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында берік диалог құру үшін бизнестің нығайту жұмыстарын жалғастыру керек, ол жаңа стратегияны іске асыруда барлық кәсіпкерлердің қызығушылығы мен кең қамтылу мәселесін шешеді.
Үшіншіден, мемлекет өзінің рөлін өзгерту керек, стратегиялық емес кәсіпорындар мен қызмет көрсетулерді жеке қолға беретін кең ауқымды жекелендірудің екінші толқыны қажет.

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары - әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
Осы стратегиялық бағытты орындау мақсатында Елбасы келесі мақсаттарды анықтады. Біріншіден, мемлекет, әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде азаматтарға төменгі әлеуметтік стандартқа кепілдеме беру қажет және экономика мен бюджет өсіміне тәуелді төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдемелерді орнату қажет. Екіншіден, мемлекетәлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуітиіс. Қоғамныңәлеуметтік жағдайы төмен топтарына атаулы қолдау көрсетудетолық жауапкершілікалу, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, аналық пен бабалықты қорғау, оқыту бағдарламасын және жұмыссыздарды қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа белсенді алу бойынша жағдай жасау. Үшіншіден, аймақтарды дамытуда әлеуметтік үйлесімсіздік мәселелерін шешу бойынша жинақталу маңызды болып табылады, аймақтарды дамытуда басымды мәселелерді шешумен барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау қажет. Төртіншіден, жұмыскерлердің мүдделерін шешуге бағытталған, еңбекпен қамту және төлеуді қамтамасыз ету саясатын жаңғырту қажет. Бесіншіден, жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі аналық және бала мәселелерін қорғау болып табылады, елімізде әйелдердің рөлін көтеру, оларға еңбекпен қамтудың икемді түрлерін беру және үйде жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Қазіргі заманғы әйел мансап жасауға талпыну керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруларға белсенді қатыстыру қажет, әсіресе аймақтардағы жергілікті жерлерде. Әйелдердің бизнес ашу мен жүргізу үшін алғышарттар жасау керек. Мемлекет пен қоғам жетімдерді асырап алу мен отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын қолдау керек. Балаларды тәрбиелеу - болашаққа деген едәуір салым болып табылады. Бұл мәселеде біз дәл осылай істеу керекпіз және балаларымызға ең жақсы білім беруге талпыну керекпіз. Алтыншыдан, медициналық қызмет көрсетудің халықаралық сапасын енгізуді жылдам қарқынмен орындау керекпіз. Медициналық кластерлерді құру, жаңа медициналық технологиияларды енгізу ауру мен өлім көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

4. Білім және кәсіби біліктілік - қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
ВЫБЕРИТЕ МЕНЯ
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
Елбасының ойынша, бұл стратегиялық мақсаттың шешімі іс-шара кешенімен шартталады, оның ішінде:
- мемлекеттік жоспарлау мен болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру, жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;
- басқарудың сауатты ортақтандырылуы, орталықтан үкіметтің аймақтық органдарына шешім қабылдау үшін қажетті ресурстар мен құқықтың берілуі;
- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
- мемлекеттік апараттың бизнес-қоғамдастықтарымен өзара әрекет етудің жаңа жүйесін орнату, жекеменшік құқығының тұрақтылығына кепілдік беру, келісімдік міндеттемелердің қорғалуы;
- тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық қағидатын қалыптастыру;
- жемқорлықпен қарсы күресте мемлекет пен қоғамның бірыңғай бағытын қалыптастыру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz