Сольволиз және гидролиз реакциялары: тұздардың гидролизі, гидролиз константасы мен дәрежесі және дәрілік препараттарды алу мен сақтау кезіндегі рөлі


Slide 1

Химиялық пәндер кафедрасы Презентация Тақырыбы: Сольволиз және гидролиз реакциялары. Дәрілік препараттарды алу, сақтау кезіндегі гидролиздің рөлі.

Орындаған: Өмирбек А.

Тобы: ФӨТҚ(Б) -04-21

Қабылдаған: Серимбетова К. М.

Шымкент-2022

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

-Тұздар гидролизі

-Гидролиз константасы және дәрежесі

-Гидролиздің биохимиялық процестердегі рөлі, оның фармациядағы маңызы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Гидролиз- су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.

Гидролиз кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.

Гидролиз- судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы. Соның нәтижесінде сілтілік және сілтілік жер элементтерінің крисстал торындағы катиондар су молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады. Тұздардың гидролизі тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.

Slide 4

Тұздар гидролизі

Тұздардың гидролизі - тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар. Тұздар түзілу табиғатына карай мынадай топқа бөлінеді:

Күштi негiз бен күшті қышқылдан КСІ, K2S04, NaNO3, NaCl;

Күштi негiз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;

Әлсiз негiз бен күшті қышқылдан Al2(SO4) 3, FeSO4, ZnCl2.

Әлсiз негiзбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.

NH4CI + HOH - NH4OH + HCI қайтымды процесс. NH4+ + Cl- + HOH - NH4OH + H+ + ClNH4+ + HOH - NH4OH + H+ орта

Қышқылдық ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

Slide 5

2. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді

Na2CO3+HOH-NaHCO3+ NaOH

2Na+ CO32- +HOH-Na+ + HCO3- + Na+ + OH-

CO32- +HOH- HCO32- +OH- орта сілтілік

3. Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді. Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады:

Al2S3 +6H2O-2Al(OH) 3+3H2S орта бейтарап.

Slide 6

4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мұндай тұздардың иондары сумен әлсіз электролиттер түзе алмайды. Тұздардың иондары іс жүзінде реакцияға қатыспайды. Судың диссоциациялану тепе-теңдігі бұзылмайды, демек ерітінді нейтрал реакция көрсетеді. Сонымен гидролизге тек құрамында әлсіз электролит қалдығы бар тұздар түседі. Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқыл қалдығынан түзілген тұздар гидролизге түспейді. Көп негізді қышқылдар мен көп қышқылды негіздерден түзілген тұздар гидролизге сатылап түседі. Бірінші сатысы көбірек жүреді. Саты саны катион мен анионның зарядына байланысты. Гидролизді жазғанда (сатылы гидролиз үшінде) үш теңдеу жазу керек:

Slide 7

Гидролиздің қысқаша иондық теңдеуі;

Толық иондық теңдеуі

Молекулалық теңдеуі

Өте әлсіз қышқыл мен негіздерден тұрған тұздар гидролизі аяғына дейін жүреді:

Cr2S3+ 6HOH-2 Cr(OH) 3+ 3H2S

2Cr3+ + 3S2-+ 6 HOH-2Cr(OH) 3+ 3H2S

Гидролиз қайтымды процесс. Сондықтан әртүрлі себептердің әсері Ле Шателье принципі негізінде түсіндірілуі мүмкін: температуралардың жоғарылауы гидролиздің тез жүруіне әсер етеді, өйткені ол эндотермиялық процесс; сумен сұйылту (судың сіңірілуімен байланысқан) гидролиздің күшеюіне ықпал етеді.

Slide 8

Еріген зат және су әсерлесуінің алмасу процесі сольволиздің жеке жағдайы болып табылады және гидролиз деп аталады.


Ұқсас жұмыстар
Гидролиз және тұздардың рН есептеулері: биохимиялық және фармацевтикалық маңызы
Тұздардың гидролизі: түрлері, механизмдері, теңдеулері мен қолданылуы
Тұздардың гидролизі: түрлері мен механизмдері
Тұздардың гидролизі: түрлері, механизмдері және қолданбалы маңызы
Көмірсулардың классификациясы, моносахаридтер изомериясы және қышқылдық гидролиз әдістері
Өсімдік және жануар тектес дәрілік шикізаттан дәрілік препараттарды алу технологиясы
Дәрілік препараттарды талдауда және клиникалық зерттеулерде тотығу-тотықсыздану реакцияларының рөлі: перманганатометрия, иодометрия және дәрілік заттардың метаболизмі мен уыттылығы
Дәрілік препараттарды синтездеу мен әзірлеудің теориясы және практикасы
Дәрілік өсімдіктер шикізатынан дәрілік препараттарды дайындау әдістері
Полисахаридтері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар: құрамы, қасиеттері және сапалық реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz