Модальділік қандай категория



Тексерген: ф. ғ. д., проф. Есенова Қ. Ө.
Орындаған: Игэлэг Қарақат
Модальділік түрлері: бағалаушы, дәйектеуші, эмоционалды

Модальділік қандай категория?

Модальділік пен модаль сөздердің тіл білімі терминдерінің
түсіндірме сөздігінде берілуі:
Модальділік айтылған пікірдің шындық болмысқа қатысын, сонымен бірге оған сөйлеушінің әртүрлі субъективтік бағасын білдіретін функционалды - семантикалық категория
модаль сөздер айтылған пікірдің шындық болмысқа қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер

Қазақ тіл білімінде модальділік категориясы Е:Жанпейісов, А. Н. Нұрмұханова, О. Төлегенов, Қ. Мамаділов, С. Құлманов сияқты зерттеушілердің еңбектерінде арнайы зерттелді. Модальділік категориясына қатысты газет мәтіні шеңберінде негізінен мынадай үш міндет орындалуы тиіс. а) берілген ақпаратқа баға беру; ә) оны дәлелдеуге қатысты логикалық іс-шаралар; б) мәтіннің эмоционалдық құрылымын сипаттау.
1. Бағалауыштық модальділік -
субъективті модальділікті даралайтын негізгі белгі. Контекстік сипат алғанда бағалау реңкі субъекті аралық коммуникация негізінде, автордың пікірі, суреттеуінен қалыптасады. Бұл жағдайда автор бағалауы мен оқырманның бағалауы үнемі көзге түседі.
2. Дәйектеуші модальділік
Мұндағы негізгі мәселе автордың тілдік құзыреті мен журналистік шеберлігіне және дәйектеу өнерін (аргументация) терең меңгеруіне келіп тіреледі. Яғни өзі ұсынған ақпаратқа аудиторияны сендіру үшін адресант бірнеше сатыдан тұратын логикалық шара - дәлелдеуді жүзеге асыруы тиіс
3. Эмоционалды модальділік
Автор қандай да бір мақаланы жазуына себеп болған түп мақсатын адресатқа барынша терең, жан-жақты жеткізу үшін аудиторияны белгілі бір эмоционалдық күйге түсіруді көздейді. Осы прагматикалық міндеттің орындалуы мәтінде әртүрлі эмотемалардың медиа-мәтінде қуаныш, қорқыныш, ашу-ыза тудыратын т. б. эмоцияларды туындататын түрлі лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдар түрінде қамтылады.
ф. ғ. д., Есенова Қ. Ө. газет мәтінінің модальді-прагматикалық аспектісін жіктелуі:

Алматылық келіншектің 11 миллионын алдап алған алаяқ 6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews. kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жәбірленуші танысу сайттарының бірінде Александар есімді ер адаммен танысқан. Танысудың арты кездесуге жалғасқан. Александр келіншектің сеніміне барынша кірген. Жәбірленуші өзі танысқан адамның парақшасында жазылған ақпараттардың барлығы ойдан құрастырылғанын соңына дейін білмеген", - дейді хабарламада. Алаяқ түрлі сылтаулармен (анасының өлімі, көлігінің бұзылуы, қылмыстық іс, карта қарызы) жәбірленушіден 11 171 400 теңге алдап алған. "Ол ақшаны әртүрлі жолмен берген. Ұялы байланыс арқылы төлеу, не карталық шоттарға аудару, айтқан жеріне тастап кету. Адамдардың жанашырлығымен, көмектесуге деген құлшынысымен ойнаған . Ф. алдап алған ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Көп бөлігін букмекерлік кеңседе ұтылған", - деді сот отырысында. Ер адам Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Эмоционалды модальділік және дәйектеуші модальділік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz