Ауғанстан мәңгілік жан жарасы




Презентация қосу
Ауғанстан мәңгілік
жан жарасы
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің
өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Ауғандағы және оның
айналасындағылардың шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес
Одағына өтініштер түсе бастады. Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер: КСРО - ның Ауғандағы және
төтенше және өкілетті елшісі А. М. Пузанов, лейтенант Л. Н. Горелов арқылы берілді. Ауғандық өкімет
басшылары өз елінің ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты. 1979 жылы
маусымда Орта Азия республикасының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім
қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округтерінің,
мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе барлаушылар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыс
тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Батальон тек қана жаңа техникамен және қару жарақпен
жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі
майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне
жақын жердегі әскер қалашыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын
игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне, қару жарақтың бәр түрінен ату, бетпе бет айқасу, жүгіру, мина
істерін игеруге дайындалды. Ауған жетекшілері Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу
туралы сұраныстарын тоқтатпады, ал кеңестік өкілдер болса ауған жетекшілерінің өтініштерін тізбектей жаза
отырып, Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады. Ал бұлай хабарлама жіберіп отыру, кеңес әскерлерінің 1979
жылдың 25 желтоқсанда Ауғанстанға енгеніне дейінгі күнделікті дағдысына айналды. Сол жылдағы кеңестік
сарапшылардың бағалауы бойынша КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын
білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше алмаған қиын қадамға тап болды. Мұсылмандық батальон 10 -
12қарашада Ташкент, Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Барлық
офицерлермен, солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10 желтоқсанда КСРО Қорғаныс
министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға кеңес
әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75 - 80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді.
КСРО әскерлерінің енгізілуі, 1979 жылдың
желтоқсаны
ОТБ деректертері бойынша Ауғанстан оппозиция күштері,
қыркүйек 1985 жыл.
Қазақстан үлесі
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза
тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық
ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық
ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан
бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден
мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан
жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап
берді.
Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
орталық мұражайында кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан
шығарылуына 25 жыл толуына орай «Жан жарасына айналған Ауғанстан»
атты естелік-көрме ашылды
15-ақпан — Ауғанстан жерінен
Кеңес әскерінің шығарылған күні
15-ақпан — Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні. Сондықтан
Қазақстанның жер-жерінде бұл күн ескерусіз қалмайды. Жыл сайын елім деп
өткен боздақтарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Қаламыздағы
Ж.Шанин атындағы драма -театр атаулы датаға орай жазушы Мархабат
Байғұттың «Бозтороғайдың ұясы» атты драмасын қойды. Қойылымдағы
рөлдерді сомдаған әртістердің шеберлігі соншалықты — көрермендердің көзіне
жас үйірілді
15 ақпан - интернационалист-
жауынгерлерді еске алу күні
1979 - 1989
• Ауған соғысы 1979 жылғы 25 желтоқсаннан 1989 жылғы 15
ақпанға дейін, яғни 2238 күнге созылды
Тараздағы опат болғандарға ескерткіш
Соғыстан келмегендерге
мәңгілік естелік.

Ұқсас жұмыстар
Ауғанстандағы босқындар
Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы
Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологисы
Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау
Ауғанстан экономикасы
Асқазан ойық жарасы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік көмек
Ресей саясатындагы
Ассамблеяның ХХІ сессиясында
Жыраулар поэзиясының тақырыптары
Иранның жағдайы
Пәндер