Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері



Тақырыбы:Құтырықты диффузды преципитация әдісімен балау.

Жоспар
Құтырық
Таралуы мен тарихи деректер
Қоздырғышы
Індеттанулық деректер
Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері
Диффузды преципитация әдісімен балау
Емі
Алдын алу және сақтандыру шаралары

Құтырық
Құтырық-жануарлардың орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен сипатталатын жұкпалы вирустық ауру.

Таралуы және тарихи деректері.
Ауру жөніндегі мәліметтер ертеден белгілі. Құтырған ит сілекейінің аса қатерлі және жұғымтал екендігін француз ғалымы Цинке дәлелдеген. Кейіннен Л. Пастер үй қоянының миында өсіру арқылы қоздырушыны әлсірету арқасында алғашқы вакцина ұсынған болатын. ХХ ғасырдың басында румын ғалымы Н. Бабеш және италиялық А. Негри құтырған жануар миында нейрондардың ерекше құрылымы (конгломерат) дамитындығын дәлелдеді. Қазақстанда осы ауруға қарсы Бучнев және оның оқушылары алғашқы отандық АЗВИ (Алматы зооветеринариялық институты) вакцинасын ұсынды.

Қоздырушысы
Қоздырушы-нейротропты рабдовирус тұқымдас вирус. Тауық, үйрек жұмыртқасында, т. б. қоректік орталарда өседі. Суық температурада қатырылған ми тінінде айлап, шіріген мида екі-үш апта сақталады.

Індеттанулық деректер
Аталған ауруға үй және жабайы сүтқоректілердің барлығы бейім. Табиғатта құтырық адамның араласуынсыз қасқыр, түлкі, т. б. жыртқыш сүтқоректілердің ықпалымен өрбісе (табиғи ошақ), елді мекендерде ит және мысықтардың ауруды таратудағы маңызы зор. Түлкілердің арасында 2-3 жылда ауру оқиғалары байқалып отырады да, құтырық кезеңдік сипат алады. Ауру қоздырушысының құтырған хайуанның сілекейімен сыртқы белгілері білінбей, тура бөлінуі оның қауіптілігін бірнеше есе арттырады. Сондықтан қоздырушы бейім малға тек тістегенде сәтте жұғады. Азық арқылы берілуі толығымен дәлелденбеген.

Аурудың дамуы мен сыртқы белгілері
Ағзаға енген вирус жүйке талшықтарын бойлап жұлын, кейіннен мидың сұр затында өсіп-өнуіне әкеліп соғады. Алайда, құтыруну белгілерінің байқалу уақыты вирустың енген орнына, оның орталық мидан алшақтығына байланысты. Осының нәтижесінде аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен 2-3 аптаға, ал кейде бір жылға дейін созылуы мүмкін. Итте құтырыну өршіген және бәсеңдеген екі түрде байқалады. Өршіген түрі үш кезеңмен сипатталады. Біліне бастаған кезеңде ит үйшігінен шықпай, шақырған дыбысқа келмейді, кейде иесіне еркелеп, қолын жалайды немесе орынсыз жүгіріп, үреді, жерін жалап, тістелейді. Осы кезеңнің соңында жұтқыншақ еті салдану әсерінен тамақ жей алмайды. Судан қорқады. Көтерілген кезеңде: сілекейі ағып, басқа жануарларды, қамалған темір торды, байлаған шынжырды тістейді, бет алды жүгіріп келеді.

Дене бұлшық еттері салдануына қарай үшінші кезеңі (дел-сал кезеңі) басталғанда: дыбысы мүлдем шықпайды, жағы төмен түсіп, аяқтарын баса алмайды, қимылсыз жатып алады. 3-4 күн ит өледі. Ірі қара малда құтырық салдану түрінде байқалады. Күйіс қайыруы тоқтап, жұтыну қабілеті қиындайды, сілікейі ағып, іші кебеді, басын шұлғып, оттықтағы азықты шашады, қора қабырғасын сүзеді. 3-6 күннен соң өледі. Өлекседегі өзгерістері ауруға тән емес. Денедегі жарақаттар, мойын тұсының сілекейімен ластанғаны, асқазандағы бөгде желінген заттар күдік турыруы мүмкін. Мидағы қан тамырлары қанға толы болады, жеке бастың тазалығын ескере отырып, кесіп алады да, қағаз я болмаса су қапқа ораған соң жолдама қағазымен зертханаға жөнелтеді. Құтырықты Ауески ауруынан, етқоректілердің обасынан, жылқы делбесінен ажыратқан дұрыс.

Құтырықты диффузды преципитация әдісімен балау.
Алдын-ала диагноз індеттік жэне клиникапық белгілері бойынша қойылады. Осы жердегі жэне көрлес территориядағы індеттік жағдай ескеріледі. Анамнезі бойынша кұтырған немесе күдікті жабайы жыртқыштар мен иттің қапқаны немесе жанасқаны анықталады. Клиникалық белгілерінің ең маңыздысы - ешбір себеисіз өшпенділік білдіруі, денесінің салдануы. Клиникалық-індеттанулық диагноз адамдар мен жануарларға ауру жұғуын сақтандыратын жедел шаралар жүргізуге негіз болады, бірак оны лаборатория лық зерттеу арқылы түпкілікті анықтау керек. Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Өлексе мен басты екі қабат полиэгилен қапшықпен металл контейнерге не- месе су өткізбейтін ыдысқа салып, ал миды (жаңадан алынған немесе 30-50% глицеринмен консервіленген) мұқият жабылған банкіге салып, жәшікпен жеткізеді.

Зертханада миды микроскоппен қарап, Бабеш-Негри денешіктерін іздейді. Олар табылмаса да құтырыққа тексеру тоқталмайды. Құтырық антиге- нін табу үшін диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР) қойылады, бұл реакциямен шіріген миды да тексеруте болады. Оның нәтижесі теріс болғанда да қүтырық емес деген қорытынды жасалмайды. Мүндай жағдайда флуорес- ценциялаушы антидене әдісі қолданылады. Материапды қүтырық вирусына тексеру үшін енесінің бауырынан шықпаған ақ тышқанның баласына немесе үй қоянына биосынама қояды. Бөлініп алынган вирусты айқындау үшін тышқанды пайдаланып бейтараптау реакциясын қояды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz