Сыртқы талдау


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мелекеттік университеті

Орындаған: А. Серікқызы

Тексерген: Е. Бытымбаева

БӨЖ

ТақЫрыбы: ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау.

Slide 2

Әдістемелік нұсқау

Сыртқы талдау: Құжат қашан қабылданды, қай кезде, қанша рет өзгеріс енгізілді, қанша бөлімнен, баптан тұрады т. с. с.

Ішкі талдау: Құжат мазмұны неде, яғни не туралы айтылған. Конституция баптарын немесе бөлімдерін көшірудің қажеті жоқ, Конституцияны мұқият оқып не түсінгеніңізді талдау

Slide 3

1993 жылы қабылданған ең алғашқы конституция

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылТәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

халықтық егемендік

* мемлекет тәуелсіздігі

* билікті бөлісу принцип

* қазақ тілін мемлекеттік деп тану* Президентті мемлекет басшысы деп тану* сот органдарын -- Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

Slide 4

Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды

Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді.

Slide 5

Екі заңның бір-бірінен екі мемлекеттей айырмашылығы

1993

1. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика болды

2. Әрі жоғарғы Кеңес жалғыз заң шығарушы жоғарғы билік органы болған.

3. Президент Жоғарғы Кеңеске есеп беретін және билігі шектеулі

Жоғарғы Кеңестің қызметі

1) ҚР Конституциясын қабылдап, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) Заңдардың орындалуын қадағалау;

3) Келіспеушіліктер туындаған кезде заңды талқыға салу;

4) Елдің шекарасын анықтап, әкімшілік-аймақтық дауларды шешу; 5) Мемлекетік бюджетті бекіту және өзгерістер енгізу және оны бақылау; 6) Қаржы жүйесін, салық саясатын құру, мемлекеттік қарыздар туралы шешімдер шығару;

7) Президент, премьер-министр, министрлерді тағайындау.

Slide 6

1995 жылғы конституция

Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы -- Сенат, төменгі палаталы -- Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
Маркетинг тік зерттеулер
Көші - қон
Мәселенің шешімі
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ БӘЙТЕРЕК ПОЭМАСЫ
Бәсекелестермен қүшті және әлсіз жақтарын анықтай білу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Дәм сезу мүшесі
Кәсіпорындардағы есепке алу - талдау жұмысының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz