Әлеуметтік ілімінің міндеті - әлеуметтік кұбылыстардың болжауға негіз болатын жоғары деңгейде жалпыланған эмпириялық негізделген теориялық қағидаларды жасау
Презентация қосу
01
Әлеуметтанудағы классик ойшылдардың (Конт,
Дюркгейм, Вебер, Сорокин т.б.) әлеуметтанудың
пәні мен нысаны туралы негізгі ойлары.
Орындаған: Мәлікова Азиза
Әлеуметтану (франц., sociologie –
қоғам туралы ілім) – бұл біртұтас жүйе
ретіндегі қоғам мен олардың тұтас
қоғаммен байланысын қарастыратын
жекелеген әлеуметтік тәртіптер,
үдерістер мен топтар туралы ғылым.
Әлеуметтану дербес ғылым ретінде XIX
ғасырда қалыптасты. Оның негізін
салушы француз философ-позитившілі
Огюст Конт (1799-1857) болып
есептеледі. Өзінің 1830 жылдан бастап
1842 жылға дейінгі кезеңде
жарияланған, әйгілі бес томдық
«Позитивті философиясында» Конт бес
ғылымды: астрономияны, физиканы,
химияны, физиолгоияны (биологияны)
және әлеуметтік физиканы немесе
әлеуметтануды қарастырды.
Әлеуметтанудың пәні деп
отырғанымыз – қоғам мен
адамның беймәлім қырлары,
құпия жақтары, яғни олардың
арасындағы қатынастар,
байланыс механизмі мен
құрылымы, әлеуметтік
ұйымдар, әлеуметтік
институттар, әлеуметтік іс-
әрекет пен адамдардың мінез-
құлықтары, мүдделері мен
мұқтаждықтары,
құндылықтары, бұлардың
ӛмірде байқалуы мен ӛзгеріске
ұшырауын қалыптастырған
себептер және олардың
нәтижелері.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір
ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта
бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік
теория мен тұжырымдамалар көбіне
тәжірибелік мәселелерді шешуге
бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда
әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі
алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын
қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді.
Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен
үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды
күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор.
Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік
дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі
мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы
мекемелер мен билік өкілдері, саяси
партиялар және алуан түрлі бірліктер
өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде
әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін
пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда
әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын
атқарады.
Батыс әлеуметтануының негізін салушы,
француз философы және социологы — Огюст
Конт (1798-1857). Исидор Огюст Мари Франсуа
Ксавье Конт 1798 жылдың 19 каңтары күні
дүниеге келген. Әлеуметтану пәнінің пайда
болуы мен пәндік аясының анықталуына Огюст
Конт зор үлес қосты. Ғылыми айналымға алғаш
рет «социология» термині .
Огюст Конттың позитивті ілімі үш негізгі іргелі
қағидаға негізделеді:
• Әлеуметтік кұбылыстар кез келген аналитикалык
тұрғыдан карағанда сапасы табиғи кұбылыстар
сияқты;
• Жаратылыстанымдық ғылымдардағы талдау
әдістерін әлеуметтанулық зерттеулерде де
пайдалануға болады;
• Әлеуметтік ілімінің міндеті — әлеуметтік
кұбылыстардың болжауға негіз болатын жоғары
деңгейде жалпыланған эмпириялық негізделген
теориялық қағидаларды жасау.
н енгізген де — Конт.
Эмиль Дюркгеймнің XIX ғасырда кең тараған
Карл Маркс идеялары хақында өзіндік пікірі
болды. Ол социализм мен тап күресі
арасындағы байланысқа қатысты ойларын
ашық білдірді. Э.Дюркгейм Маркс іліміндегі
экономикалық фактордың рөлін
айқындайтын тұжырыммен келіспеді.
«Таптық күрес пен экономиканың арасында
қандай байланыс болуы мүмкін?», — деп
сұрақ койған Э.Дюркгейм оған өзі
«ешқандай» деп жауап береді. Әрине, бұл -
Э.Дюркгейм қоғамдық дамудағы
экономикалықтың рөлін түбегейлі жоққа
шығарды деген сөз емес, дегенмен ол діни
факторларға басым назар аударды. Ал
маркстік социализм идеясына келетін
болсак, Дюркгейм социализм идеясын үнемі
назарында ұстады. Өз заманының белгілі
қайраткерлерінің бірі, француз социалисі
Жан Жореспен достық қарым-қатынаста
болды және оның көзқарастарына,
социалистік қозғалысқа қызығушылық
танытты
Әлемдік әлеуметтік ой тарихында ерекше орны
бар ғалымдардың бірі — Макс Вебер (1864-
1920).Макс Вебердің ғылыми
шығармашылығындағы ерекше орын алатын —
дін әлеуметтануы. Вебердің атақты жұмыстары
«Протестанттық этика және капитализм рухы»,
«Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» және
«Дін әлеуметтануы» осы саладағы іргелі
зерттеулер болып табылады. Әсіресе Веберді
қызықтырған мәселе — діннің шаруашылыққа
ықпалы.Макс Вебер бюрократияның әлеуметтік
рөлін, оның позитивті жағын көрсетті. Жалпы
бюрократияның негативті рөлі туралы көбірек
айтылады. Ал «бюрократияның позитивтілігі
неде?» дегенге Вебер «заңды орындау -міндетті,
орындамау анархияға алып келеді, сондықтан да
бюрократия қажет» деп жауап береді.
П.Сорокиннің еңбектері
Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық
деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында
"Революция әлеуметтануы", "Қазіргі әлеуметтанулық,
теориялар", "Әлеуметтік және мәдени мобильдік",
төрт томдық іргелі шығарма: "Әлеуметтік және
мәдени динамика" және т.б. бар. П. Сорокин
әлеуметтануды теориялық және практикалық деп
бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол үш бөлімге:
әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға,
әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика
әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі
формаларын зерттейді.
Сорокин әлеуметтанудың құрылымын жасап, оны
жалпы және арнаулы деп бөледі. Жалпы әлеуметтану
әлеуметтік - мәдени құбылыстардың түрлерінің
қасиеттері, қатынастары мен заңдылықтары жөніндегі
теория, ол өзі тағы жалпы құрылымдық және жалпы
динамикалық социологияға бөлінеді. Арнаулы
әлеуметтануларға салалық жіктелуді көрсететін
теорияларды - экономикалық, ауыл шаруашылық,
соғыс, дін, отбасы, өнер және т.б. айтады.
Әлеуметтану жинақтап қорытушы ғылым ретінде
әлеуметтік - мәдени жүйені тұтастық деп қарайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР БАРЛЫҚ ХАЛЫҚТАРДА БАР. ӘРБІР ЗЕРТТЕУШІ ОНЫ
ӨЗІНШЕ КӨРІП, АШУҒА ТЫРЫСАДЫ. СОЦИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ҚОҒАМДЫ ӘР ТҮРЛІ
ӘДІЛ
– ТӘСІЛДЕРМЕН ЗЕРТТЕЙТІНДІГІМЕН ДЕ ТАМАША.СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ
ҚОҒАМҒА
ЕДӘУІР ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. СОЦИОЛОГТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ АДАМДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ
ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ҚАТЫНАСЫН ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН, ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК
САЯСАТТЫ БАҒАЛАУҒА ЖӘРДЕМДЕСЕДІ, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН АҚПАРАТТАР
ЖИНАЙДЫ. ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРДЫ ДАМЫТУҒА МҮДДЕЛІ БОЛУЫ ТИІС,
ӨЙТКЕНІ БҰЛ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӨРІСІНДЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚОҒАМ ОРГАНИЗІМІНІҢ
ӨМІР СҮРУІНЕ ҚАЖЕТТІ АСА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАТЫР.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz