Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне микроб алып жүретін жануарлар
Презентация қосу
Паратуберкулезді балау,дауалау індет
ошағынан арылу шаралары
Паратуберкулез
Паратуберкулез (Paratuberculosis) немесе солма - созылмалы өтетін, ішектің баяу
өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс
арықтауға экеліп соқтыратын жүқпалы ауру. Тарихи деректер. 1895 ж. X. Ионе мен Г.
Фротингем ауырған сиырдың ішегінен алынған жұғындыдан инфекция қоздырушысын
тауып, сипаттады. Б. Банг 1906 ж. ауруды бұзауға қолдан жүқтырды. Қоздырушысы -
Mycobacterium avium subsp.paratuberculosis, бұрыигы атауы. Mycobacterium
paratuberculosis - жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша (0,5-1,5 0,2-0,5мкм), қышқылға,
спиртке, антиформинге төзімді, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, Циль-
Нильсен әдісімен жақсы боялады, ауру малдың нәжісінен зақымданған ішек пен
шажырқай сөл түйінінен алынған жағындыда үймелеп, топтасып, кейде жеке дара
немесе жұптаньш орналасады. Жасанды қоректік ортада баяу өседі де, өсінді шоғыры
'15-120 күн өткенде пайда болады. Кэдімгі қоректік орталарда өспейді. Өсіру үшін
арнайы Дюбо-Смиттің өзгертілген казеин ортасы, Данкин, Ренжер, Лоң, Генгли
қоректік орталары пайдаланылады. Сұйык ортада өсірілгенде ауру жүққан малда
аллергиялық реакция беретін улы зат паратуберкулин. немесе йонин пайда болады.
Паратуберкулездің микобактериясы зертханалық жануарлар үшін зардапсыз.
Төзімділігі. Солманың микробы сыртқы орта мен дезинфектанттардың эсеріне
айтарлықтай төзімді. Топырақ пен көңде 10-12 ай, жемшөп пен суда 8- 10 ай
сақталады. 85°С кезінде 5 мин., жабық ыдыста қыздырылған сүтте 63°С кезінде 30
мин., 80°С кезінде 1-5 мин. өткенде өледі. Күн сэулесі 10 айда жояды. Кейбір
туберкулезге қарсы қолданылатын : синтетикалық :қоспалар, сульфаниламидтер мен
антибиотиктер паратуберкулездің қоздырушысын өлтіре алмайды, тек қана (in vitro)
өсуін тоқтатады. Бүл микроб үшін ең сенімді дезинфектант формальдегидтің 3%
сілтідегі (3% күйдіргіш натрий) ерітіндісі, 20% жаңадан сөндірілген эк, 1:500 езілген
алмас (сулема), ксилонафтың 5% эмульсиясы болып есептеледі.
Індеттік ерекшеліктері. Паратуберкулезбен негізінен сиыр, қой, түйе, сирегірек басқа
күйіс қайыратын жануарлар: ешкі, қодас, бүғы ауырады. Кейбір жағдайда бірен-саран
зоопаркте ұсталатын жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады. Көбінесе солма
аздаған індеттік түтану ретінде оқтын-оқтын байқалып .түрады. 4 айға дейінгі бүзау жэне
2-3 жасқа дейінгі түйеге ауру тез жүғады. Сөйтсе де жасырын кезеңі өте үзақ
болғандықтан негізінен аналық малда 1-2 рет төлдегеннен кейін ғана білінеді. Малдың
нашар күтімі, біржақты сүрлем, сірне, болжыр сияқты қышқыл азықтармен қоректендіру,
минералды заттардың жетімсіздігі, глист инвазиялары, суыққа немесе ыстыққа шалдығу
аурудың таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, басқа! жақтак әкелінген жерсінбеген
жануарларға үйреншікті емес жайсыз жағдайда солма тез жүғады. Паратуберкулез
жылдың кез келген маусымында байқалады. Қышқыл, балшықты, сортаң топырақты
өлкелерде, жсмшөпте фосфор жэне кальций түздары жетімсіз болғанда, жиі кездеседі.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне микроб алып жүретін жануарлар. Олар
қоздырушыны нэжіспен, шаранамен, несеппен, тіпті сүтпең де бөліп шығарады.
Қоздырушыны таратушы факторларға ластанған су, малды күту жабдықтары жатады.
Ауру жайылым арқылы да жүғады. Жас төлге сүтпен немесе уызбен де беріледі. Төлдің
тіпті тумай түрып енесінен.солманың микробын жүқтыруы да мүмкін.
Дерттенуі. Алиментарлық жолмен енгеңде паратубервсулездің қоздырушысы аш
ішектің зақымданған эпителийінен өтіп, ретикулярлык клеткалар арқылы фагацитозға
ұшырайды. Түтылған микобактериялар қүрамындағы стеарин қышқылдары мен балауыз
тақылеттес заттардын арқасында қорытылмайды да, босап шыққан микробтар қайтадан
фагоциттермен түтылады. Бастапқыда ішектің түгінде, кейіннен тереңгі қабатында жэне
шажырқай сөл 253 түйіндерінде микобактериялар мен зақымданған, макрофагтар
шоғырланады. Осыдан барып ішектің эпителийі мен сөл түйіндері атрофияға жэне
ұлғайып қабынуға ұшырайды. Ішектің ферменттік, секреттік жэне copy кызметі,
минералдық жэне су алмасу бұзылады. Бұнын бэрі организмнің интоксикациясы мен
арықтауына экеліп соғады. Жас төлде паратуберкулез таяқшалары қанға өтіп, кейіннен
эр түрлі үлпершекті ағзаларға барып тұрақтайды
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1 айдан 12 айға дейін, ірі қарада 2-6 жылға
дейін созылады. Ауру созылмалы өтеді де, симптомсыз (латентті, субклиникалық) жэне
клиникалық кезеңдерге бөлінеді. Симптомсыз кезеңі малдың физиялогиялық күйіне
байланысты өсіп жетілуінің баяулауы, қоңдылығының төмендеуі арқылы байқалады да,
бірнеше жылға дейін созылады. Ауру әсіресе, қойда симптомсыз өтеді де, клиникалық
белгілері күтімі нашарлағанда, қоздағаннан кейінгі уақытта байқалады.
1-сурет. Сиырдың паратуберкулез кезінде іші өтіп, арықтауы.
Клиникалық кезеңі басталғанда бастапқыда жануар енжар тартып, жатып
қалады, табыннан бөлініп қала береді. Жемшөп жеуі дұрыс болғанымен күйі
төмендейді. Терісі қатқылданып, жүні ұйпаланады. Ауық-ауық іші өткенімен,
аралығында нәжісі қалыпты болады, сүті қайтып кетеді. Бара-бара іші жиі өтіп,
тоқтамай қояды. Нәжісі судай сұйылып, көк-жасыл, қоңырқай тусті, жалқақ пен
қан араласып, газ көпіршіктері мен аса жағымсыз иісі болады.
Іші өтуі ұзаққа созылып, организмдегі сұйықтың азаюынан көзі ішіне еніп,
бұлшық еттері солып (эсіресе, сан еттері мен бел омыртқасы) жануар шөлдей
береді. Кейде анустың сфинктері ұстамай, нәжісі еркінен тыс судай ағады. Малдың
арты нәжіспен ластанып, сауыс болып тұрады.
Дененің ыстығы қалыпты жағдайда болады, өлер алдында төмен түседі. Қанда
эритроциттер мен гемоглобин азайып, ядросы солға ауысқан лейкопения
байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер сиырдың аш ішегінде, мықын ішегінде,
шажырқай сөл түйіндерінде, қан тамырларында кездеседі. Ішектің кілегей қабығы бірнеше
есе қалындап, жиырылып, көлденең жэне тік қатпарлар түзеді, бетінде қоймалжың
кілегейлі сұйық болады. Ішектің зақымданған жэне зақымданбаған телімдері алма-
кезектеніп ұшырасады. Қатпарлар тегістеген кезде жазылмайды, кілегейлі қабығы сүрғылт
ақшыл түсті, кей жерлері қан толып қызарып, ұсақ-ұсақ қанталаған жерлері кездеседі.
Мықын ішек пен бүйеннің аралығындағы илеоцекальдік клапан домбығып, қара
қошқылданып, сәл көгереді.
Кілегейлі кабықтың қалыңдауы ондағы грануляциялық ұлпаның өсуінен туындайды. Ол
эпителиоидты, лимфоидты жэне плазмалық торшалардан тұрады, арасында гигант
торшалар мен Лангерганс типтес торшалар да кездеседі. Шажырқай сөл тамырларында
гранулемалар пайда болады, сөл түйіндері ұлғайып, мөлшері эр түрлі эпителиоидты
торшалардан тұратын сұрғылт ошақтар ұшырасады.
Қойдың ішегі зақымдануымен қатар әдетте шажырқай сөл түйіндері мен тамырларында
эктенген казеозды ошақтар пайда болады. Мұндай ошақтар ішектің кілегейлі қабығының
терең қабатында да кездеседі.
Түйенің аш ішегінде ошақты дистрофия жиі байқалады да, ішек жұқарып, ар жақ-бер
жағы көрініп тұрады. Тоқ ішегі әр жерінен жуандап, қатпарланады. Шажырқай сөл
түйіндері шектен тыс ұлғаяды. Сонымен қатар, бауыры, көк бауыры, бүйректері
зақымданып, жақ асты, жұтқыншақ жэне шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды.
Балау. Диагноз қою үшін патологоанатомиялық жэне зертханалық
зерттеулердің нэтижесі шешуші рөл атқарады. Ағзалардағы өзгерістердің
ерекшеліктерін анықтап, зақымданған телімдерден жағынды алып, микроскоппен
қарайды. Патматериалды гистологиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен
эдісімен бояу арқылы микобактерияларды көру түпкілікті балау үшін негіз
болады. Тірі жануарлардың нэжісіндегі жалқақты, ішегінен алынғак қырындыны
микроскопиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен эдісімен боялған жағындыда
микобактериялар қызыл-күрең түске боялып, шоғырлана орналасады. Сиырды
аллергиялық тексеру үшін қүс альттуберкулинін, ад қойды тексеру үшін қүстың
тазартылған ППД туберкулинін қолданады. Серологиялық диагноз үшін ІСБР
қойылады.
Ажыратып балау үшін туберкулезді, алиментарлық энтеритті, ішек
қүрттарын, кокцидиозды, молибденнен улануды, мыстың жетімсіздігін ескеру
керек. Туберкулезді аллергиялық тексеру арқылы, ішек қүрттары мен
кокцидиозды капрологиялық зерттеумен, алиментарлық энтеритті анамнездік
деректер мен клиникалық тексеру, симптоматикалық емнің нәтижесі арқылы
анықтайды. Мыс жетіспегенде көздің айналасындағы жүн түседі де,
атаксияға байланысты аяқтарын шатқаяқтап басады. Молибденнен уланғанда,
мыс жетіспегенде рационды ретке келтіргенде аурудың белгілері басылып
қалады.
Емі. Паратуберкулезбен ауырған малды емдеу эдістері жолға қойылмаған.
Иммунитет. Паратуберкулез кезінде жануар организмінде аллергиялық жэне
серологиялық тәсілдермен айқындалатын иммунологиялық реакциялар байқалады. Бүл
ауруға қарсы Франция мен Англияда аттенуацияланган тірі вакцина қолданылады. Бірақ,
егілген жануардың туберкулинге сезімталдығы байқалатын болғандықтан вакцинаны
пайдалану шектетіледі.
Дауалау және күресу шаралары негізінен ауырған малды жойып, төлді ауру жүғудан
сақтауға бағытталады. Жас бұзауларды кэрі сиырлар мен тауықтан оқшаулап үстайды.
Паратуберкулезден сау емес сиыр фермаларында аурудың клиникалық белгілері бар
малдарды серологиялық жэне аллергиялық тексерудің нэтижесіне қарамастан бөліп алып,
етке сояды. Қалған малдың жасы 18 айдан асқандарын қан сарысуын КБР бойынша
тексеріп, оң нәтиже бергендерін бөліп алады. 15-20 күн аралатып КБР жэне қүстың
альттуберкулинімен тексереді. Реакция бергендерін бөліп алып, сояды. Қалғандарын жыл
бойында екі рет (көктемде жэне күзде) серологиялық жэне аллергиялық тексеруден
өткізеді.
Сау емес шаруашылықтағы 10-18 айлық тайыншаларды қүстың альттуберкулинімен
бөліп алып, 30-45 күннен кейін қайта тексереді. Реакция бергендерін сойып,
бермегендерін табынға қайта қосады.
Паратуберкулез кезінде дезинфекция жасау .үшін 10-12% хлорлы эк, 5% формалин,
лизол, креолин, күйдіргіш натрий, 2% фенол ерітінділері жэне басқа да туберкулезге
қарсы қолданылатын дезинфектанттар пайдаланылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz