Асқыну емі


Slide 1

Презентация

Тақырыбы: Дәрілік заттарды парентеральді жолмен енгізгенде болатын асқынулар

Орындаған: Алишер М. Қ

Тобы: В-ЖМҚБ-03-20

Қабылдаған: Ыбрақ Н. С

Клиникаға кіріспе кафедрасы

Шымкент 2021-2022

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім 1. Асқыну себептері 2. Инфильтрат 3. Абсцесс 4. Иненің сынуы 5. Майлы эмболия 6. Ауа эмболиясы 7. Жүйке сабының зақымдануы 8. Тромбофлебит 9. Аллергиялық реакция

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.

Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:

Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.

Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.

Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.

Субарахноидалдық кеңістікке.

Slide 4

Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

енгізген дәрі тез әсер етеді;

дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;

бауырдың кедергі ролі жойылады;

жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

Slide 5 Slide 6

Асқыну себептері

Асептика ережелерінің бұзылуы

Инфильтрат, абсцесс, сепсис, гепатит, ВИЧ

Инъекция орнын дұрыс таңдамау

Егу жасау техникасының дұрыс сақталмауы

Нашар сіңетін инфильтрат, периостит, некроз, эмболия, жүйкенің зақымдануы (паралич, неврит)

Иненің сынуы, ауа немесе майлы эмболия, аллергиялық реакция, ұлпалар некрозы, гематомалар

Slide 7

Инфильтрат

Тері астына және бұлшықетке жасалған инъекциялардан кейін жиі кездесетін асқынулар.

Инфильтрат пайда болуының негізгі себептері:

а) инъекция үшін өткір емес инені қолдану;

б) Бұлшықет ішілік инъекция үшін тері асты немесе тері ішіне инъекцияларын орындауға арналған қысқа инемен егу жасау нәтижесінде

в) Инъекция орнын дұрыс анықтамау және егулерді әрдайым бір жерге орындау, сонымен қатар асептика ережелерін сақтамау инфильтрат пайда болуын тудырады.

Асқыну емі: Инфильтрат болған жерге қыздыру компресі, жылытқыш қою

Slide 8 Slide 9

Абсцесс

Жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып, оның ішінде іріңнің жиналуы. Абсцесс пайда болуының негізгі себептері инфильтрат туғызушы себептерге ұқсас. Бірақ бұл кезде асептика ережелерін бұзу себебінен жұмсақ ұлпалардың инфекциялануы.

Асқыну емі: хирургиялық ем

Slide 10

Иненің сынуы

а) Инъекция жасауға ескі қалданыстан шыққан инелерді қолданылуы;

б) Егер инъекция жасар алдында науқаспен психопрофилактикалық кеңес жүргізілмей, науқастың егу кезінде жамбас бұлшықеттерінің қатты жиырылуы

в) Инені конюлясына дейін енгізген жағдайда

Асқыну емі: Иненің сынығын емделушіден шығарып алу немесе хирургиялық ем

Slide 11

Майлы эмболия

Тері ішіне және бұлшықетке егу жасаған кезде иненің кездейсоқ тамырға түсуі нәтижесінде немесе майлы ерітінділерді қателікпен көктамырға енгізгендн пайда болатын асқыну. май артерияға түскен жағдайда оны бітеп тіннің қоректенуін бұзады, некрозға соқтырады. Некроз белгілері : егус жасалған жердің ауырсынуы, ісік, терінің қызаруы немесе көгеруі, денесінің немесе егу орнының қызуының жоғарылауы. Егер май ерітіндісі көктамырға енгізілсе ол өкпе тамырларына түсіп, кенеттен тыныс тарылу ұстамасынжөтел, цианоз(кеуденің жоғарғы бөлігінің көгеруі)

Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен

Slide 12

Ауа эмболиясы

Дәрі-дәрімектерді көктамырға енгізгенде шприц ішіне ауа түскенде және оны ине арқылы тамыр ішіне жібергенде болатын ҚАУІПТІ асқыну. Белгілері эмболияға ұқсас, бірақ тез: бір минут ішінде білінеді.

Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен.

Slide 13 Slide 14

Жүйке сабының зақымдануы

Бұлшық етке немесе көктамыр ішіне егу жасаған кезде егу жерді дұрыс анықтамай инемен механикалық зақымдау. Дәрілік депоның жүйке сабының қасында орналасуы нәтижесіндегі химиялық зақымдану. Жүйкені қоректендіруші тамырдың бітелуі . Асқыну зардаптары невриттен аяқ-қол параличіне дейінгі қауіпте болуы мүмкін.

Slide 15

Тромбофлебит

Көктамырдға егулерді бір жерге қайталап жасау немесе өткір емес инелерді қолдану салдарынан онда тромбтың пайда болуы. Тромбофлебит белгілері тамырдың жүрісімен ауырсыну, тері қанкернеуі (гиперимия), инфильтраттың вена бойымен пайда болуы. Дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін.

Slide 16

Ұлпа некрозы

Қателікпен венаға қатты тітіркендіретін дәрі енгізгенде болады. Көктамырға пунцкия кезінде тамырға иненің түспеуі немесе оны тесі өтіп шығуы кезінде препараттың теріастына енгізілуі. Көбіне 10% кальции хлорид ерітіндісін венопункция жасауды жетік білмегендіктен болады.

Асқыну емі: егуді тоқтату, егу жасалған жерден жоғарырақ жгут салу және препараттың концентрациясын азайту мен ауырсынуды басу үшін инъекция орны мен оның айналасына 0, 5 % новокайн немесе 0, 9 % натрий хлориді ерітіндісін (максималді дозасы 50-80 мл) енгізуге болады.

Slide 17 Slide 18

Гематома

Венопункцияны дұрыс орындамау салдарынан тері асты қызаруы мен қан ұйылуы байқалады, бұл көктамырдың екі жақ қабырғасы зақымданып қаннық тері астына тіндеріне кетуі.

Асқыну емі: Препаратты енгізуді тоқтату, тамырдың үстінен спирттелген мақтаны бірнеше минут бойы қысып ұстау, гематома жеріне жартылаы спиртті компресс қоюға болады. Қажетті көктамыр ішілік егуді басқа венаға жасайды.

Slide 19

Аллергиялық реакция

Ағзаның дәріге жеке кері әсері ететін сезімталдығы. Қышыну бөрітпелер, жедел тұмау, өткір конъюктевит Квинке ісінуі түріндегі белгілері көбіне егуден 20-30 минуттан кейін байқала бастайды. Аллергиялық реакцияның ең қауіпті формасы АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК.

Асқыну алдын-алу: 1) Инъекция жасар алдында емделушімен дәрілерге сезімталдығын сұрастырып анықтау

2) Ауру тарихының бірінші бетінде қандай дәрілерді көтере алмайтындығы жөнінде мәлімет болуы мүмкін.

3) НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Антибиотиктерді алғаш рет егі алдында сезімталдықты анықтау үшін тері ішіне сынама жасау керек. (тері ішіне)

Асқынуды емдеу: емделушіні жалғыз генше ақалдырмау, дәрігерді шақырту, дәрігер келлғашқы көмек көмек корсету.

Slide 20

Анафилактикалық шоктың негізгі белгілері:

Терінің жалпы қызару, бөрітпелер

Бас айналу, бас ауру

Кенет әлсіздік

Ентігу, жөтел ұстамасы

АҚ төмендеу, пульс аритмиясы

Құсу

Ауыр жағдайларда бұл белгілерге коллапс симптомдары қосылады, науқас өлімге анафилактикалық шоктың алғаш белгілері пайда болғаннан бірнеше минут ішінде ұшырауы мүмкін. Анафилактикалық шок кезінде емдік шаралар дененің жалпы қызаруы байқалғаннан бастап жедел түрде өткізілуі қажет.

Slide 21

Дәрілік препаратты енгізген сәттен бірнеше секунд немесе минут ішінде дамиды. Шоктың неғұрлым тез басталуы, нәтижелердің соғұрлым ауыр болуын түсіндіреді.

Slide 22

Қорытынды

Иъекция алдында мейірбике қолын сабындап жуып, спиртпен сүртіп алуы тиіс. Содан соң шприцті жинайды. Теріастына, етке, көк тамырға енгізетін дәрілік заттарды ампуладан сорғызып алмас бұрын, оның не дәрі екендігін ыдысының бүтіндігін, оның ішіндегі сұйықтықтың тұнықтығын, дәрінің сапалылығына, көз жеткізіп алуы керек. Ампуланың мойнын спиртпен сүртіп, кескішпен кесіп, шприцтің инесімен сорып алады. Ішіндегі ауасын шығару үшін шприцті тік ұстап, поршенін ақырындап жылжытады. Соңғы кездері ел арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың шприц арқылы тарай бастауына байланысты (жүре пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар кесел, сары ауру) бір мәрте пайдаланатын шприцтерді кеңінен қолдануда.


Ұқсас жұмыстар
Босану жарақаты
Еркек жыныс мүшелерінің аурулары
Іш жарығының асқынулары, қысылған жарықтар, емі алдын-алу шаралары
Өңештің зақымдануы және аурулары
Тілменің сипаттамасы
Метостазды пневмония
Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі
Жатыр жарақаты
Протей
Шашыранды склероз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz