Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Презентация қосу
ИНКЛЮЗИВТІ
БІЛІМ БЕРУ
■ ”Инклюзивті” – деген термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген,
араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды
олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының
әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл
аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.
■ инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін
білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс
■ Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның
жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға
ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың жалпы білім беру үрдісіне
енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына,жынысына, этникалық, діни
өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне
коррекциялықпедагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау
көрсету,белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету.
Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:
Толықтай кіріктірілген –Дамуында Толық емес кіріктірілген – Психикалық
бұзылуы бар балалардың нормаға дамуы жас ерекшелік нормадан төмен
сәйкес дамыған балалармен бірге болуынан жүйелі коррекциялық көмекті
оқуы ( балалардың дамуы жас қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе
ерекшелік нормаға жақын және оқуға қабілеттілігінің жетіспеуі,сонымен
психологиялық жағынан даяр қатар сыныптан тыс жұмыстарға
болуы). қатысуы
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;
2. Адамдарды шектеудің болмауы;
3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке
қабылдау;
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, мінез-құлықтың
коммуникативті моделін игерту,
5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;
6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау;
7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар,ата-ана, логопед,
психолог, дефектолог, т.б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі
8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген сенімділікке үйрету.
Инклюзивті білім беруде Қазақстан Республикасының
төмендегідей заңдарына сүйенеді:
1)ҚР «Білім туралы заңы» 2007, өзгертулер мен
толықтыру 2021
2)«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік,
медициналық-педагогикалық коррекциялық
қолдау»
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің мүмкіндігі
шектеулі адамдардың білім алуы мен қамтамасыз етілуі мәселесін
төмендегідей құжаттармен айқындап берді:
1945 ж. Адам құқығы туралы декларация;
1960 ж. Білім саласында дискриминациямен
күресу туралы конвенция;
1959 ж. Бала құқығы туралы Декларация;
1971 ж. Ақыл-ойы кем адамдар туралы
Декларация;
1975 ж. Мүгедектер құқығы туралы
Декларация;
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың
қиындықтары, олар:
а) функционалдық қиындық;
б) науқастанудан туындаған қиындық;
в) дамудағы кемістіктен туындаған қиындық;
г) сыртқы ортаға бейімделе алмаудан туындаған қиындық;
д) қоғамдағы әр түрлі пікірлерден туындаған қиындық
Ерекше балаларды жалпы білім беретін мектепке
қабылдау жүргізіледі:
■ Ата-анасының жазбаша өтініші немсе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту форма
сын ұсынды).
■ Ерекше балаларды оқытатын сыныптар: Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емс
ерекше баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы;
■ Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және
материалдық-техникалық жағдай жасау.
■ Коррекциялық – педагогикалық қолдау дефектолог, психолог, әлеуметтік пелагогпен
бірлестікте жүргізіледі.
Ерекше балаларды оқытуды сүйемелдеу үдерісі білім
беру мекемсінен тыс мы надай орындарда
жүргізіледі:
Арнайы білім беру мекемелерінің мамандары;
ПМПК мамандары;
Психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінде;
Логопедиялық пункте;
Келісім – шарт негізінде медицина мекемелерінің мамандары.
■ 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте
оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады.
■ 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған
Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы
ең көп саны – 2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша
арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына
«енгізілген»;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар
қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен
командаға бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық
оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
■ АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары
міндетті мектепте білім беру енгізілді,
соған байланысты ақыл-ойы жетілмеген
балалар үшін және «мінез-құлқын
түзетуге болмайтын» балалар, саңырау
немесе физикалық мүгедек балалар
үшін сыныптар құрылды.
1975 жылы №94-142 Мемлекеттік заңы қабылданды, ол ерекше
білім алу қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды
кепілдіктерді ұсынды:
- «минималды шектеулері бар ортада» білім беру;
- тегін және адекватты білім беру қызметі;
- әділетті және дискриминациясыз бағалау және қажетті
құқықтық
қамтамасыз ету;
- жеке оқу жоспары.
«...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға
көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін
Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға
тиіс – бұл өзіміздің және қоғам
алдындағы біздің парызымыз»
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz