Көкөніс дақылдары
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
Тақырыбы: Түркістан облысы Сарыағаш ауданы
жағдайында көкөніс дақылы зиянкестері таралуы,
биологиясы және олармен күресу шаралары
Орындаған:Амангелді А
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Сарыағаш ауданының көкөніс дақылдары
2.2.Көкөніс дақылдардың зиянкестері,күресу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сарыағаш ауданы – Түркістан облысының оңтүстік
бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы
Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш
аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың км². Орталығы –
Сарыағаш қаласы. Сарыағаш ауданы әкімдігі 1992 жылы
ақпан айында құрылған. Аудан жері негізінен төбелі,
қырқалы жазықты келеді. Климаты континенттік, қысы
жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа
температурасы қаңтарда –2 – 3°С, шілдеде 24 – 28°С.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 300 мм.
Шаруашылығы. Сарыағаш ауданында мақта, жүзім,
көкөніс, Сарыағаш ауданының картасы. астық,жеміс,
бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті
мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар,
Мемлекеттік сұрыптау ст. болған. Ауданда 16 өнеркәсіп
орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға,
6976 шаруа қожалықтары бар.
Көкөніс дақылдары
Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты
өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін
өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар.
Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста,
салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз,
қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын
аудандарында өсіріледі.
Көкөніс шаруашылығы – көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен
айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс
шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі – мұнда
көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс
шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс
шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған
жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді. Қорғалған жердегі
көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде (мысалы, осы заманғы
жылыжайларда) өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар
жасалады және жылдың кез келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде
және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік береді. Ашық танаптағы
көкөніс шаруашылығы – көкөністі танаптық жағдайларда өсіреді.
Көкөніс түрлері
Көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау.Көкөніс дақылдары өсіру
кезеңінде және сақтағанда, оларға үлкен шығын келтіретін әртүрлі зиянкестермен және
аурулармен зақымдалады.Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау – ұйымдастыру,
алдын алу, агротехникалық және жойғыш шаралардың күрделі кешені.
Көкөніс дақылы зиянкестерінің таралуы, биологиясы, оларға қарсы күресу шаралары.
Көкөніс дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауіптілеріне
мынадай көп қоректі зиянкестер жатады: шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың
дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар).
Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ
қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің
түрлері жатады. Жылыжайларда көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше
түрлері зиян келтіреді.
Қырыққабат зиянкестері
Қырыққабат зиянкестері. Қырыққабаттың ақ көбелегі-Pieris brassicae L. (Lepidoptera отряды,
Pieridae тұқымдасы). Қырыққабатты, шомырды, шалғамды, тарнаны, рапс пен басқа айқышгүлді
дақылдарды зақымдайды. Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ,
алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрыштары қара, артқы қанаттарында – ішкі жақтарын бойлай
қара жұғындылар бар. Аталықтарына қарағанда аналықтарынының алдыңғы қанаттарының
үстіңгі бетінде 2 дөңгелек дақтар болады. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 40-45мм
жетеді, жұлдызқұрттың үсті сұрғылт-жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған;
денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтар мен нүктелерден тұратын сурет
бар; екі жағы мен артында 3 көлденең сары жолақтар өтеді. Қырыққабаттың ақ көбелегі
қуыршақ сатысында талдарда, шарбақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде
қыстайды. Ол субстратқа жібек белдікшесімен бекітіледі.
Күресу шаралары
Күресу шаралары. Арамшөптермен күрес
жүргізу қажет, кішігірім аудандарда
жұлдызқұрттарды қолмен жинау керек. Жұмыртқа
салу кезінде 3 рет трихограммалар жібереді (1 га
жерге 45 мың дарақтан). Жапырақ дегелек
кезеңінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20
сынама тексеріледі. 5% астам өсімдіктерде
жұмыртқа табылған жағдайда немесе қауданның
түйнектелуі кезеңінде кем дегенде 5-10% егіс
танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10
жұлдызқұрттан келсе, не болмаса жапырақ үсті
25% зақымданғанда инсектицидтерді қолдану
қажеттілігі туындайды.
Қырыққабат қоңыр көбелегі
Қырыққабат қоңыр көбелегі – Barathra brassicae L.
(Lepidoptera отряды, Noctuidae тұқымдасы). Жұлдызқұрттар
көпқоректі, олар қызылшаны, асбұршақты, салатты, пиязды,
темекіні зақымдай алады, бірақ көбінесе қырыққабатты
артық көреді. Көбелек қанатын жайғанда 40-50 мм,
көбелектің алдыңғы қанаттары қара-қоңыр, ішкі жағына
қарай екі толқынды көлденең жолақтары бар; қанатының
ортасында екі қара жиектелген дақтар орын алған, олардың
сыртқы жағындағысы ақшыл бүршік тәрізді, ал ішкісі – қара
дөңгеленген болып келеді. Ересек жұлдызқұрттың
ұзындығы 35-45 мм, екі жағында сұрғылт-жасыл, сарғыш-
қоңыр, кейде қара түсті жуан кіршең-сары жолақтары және
арқасында үш ақшыл көлденең жолақтары болады.
Қуыршақ топырақта 5-10 см тереңдікте қыстайды. Көбелектердің ұшып шығуы сәуір-мамыр
айларынан бастап тамыздың соңына дейін байқалады; көбелектер ымырт түскенде, әсіресе
кешкі 10-нан түнгі 12-ге дейінгі кезеңде белсенді түрде ұшады. Аталықтары жапырақтың
төменгі жағына бір ұяда 10-40 данаға дейін сұр жартылай шар тәрізді жұмыртқа салады.
Құрттар 5-12 күннен кейін пайда болады. Жұлдызқұрттар бастапқыда бірге өмір сүріп, үшінші
жастан бастап жапырақтың астыңғы жағындағы жұмсақпен қоректенеді, олар өсімдікке
өрмелеп шығып, жапырақтарға қисық тесіктер жасайды. Ересек жұлдызқұрттар қырыққабат
қауданында өз нәжістерін қалдыратын терең жолдар тесіп шығады. Жұлдызқұрттар 25-50
күнде дамиды да, топыраққа еніп, сонда қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 12-30 күнге
созылады және шілденің аяғында – тамыздың басында екінші ұрпақ көбелектерін кездестіруге
болады. Зиянкес 1-2 ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары: Қыстап шыққан қуыршақтарды жою үшін терең сүдігер жырту қажет. ЭЗШ
саны 1-3 жұлдызқұрт/өсімдікте 5% егіс танабында табылса немесе 5-8 жұлдызқұрт/м2.,
мөлшерден көп болған жағдайда зиянкеске қарсы бүрку шаралары жүргізілуі қажет.
Қырыққабат күйесі
Қырыққабат күйесі- Plutella maculipennis Curt. (Lepidoptera
отряды, Plutellidae тұқымдасы). Жұлдызқұрттар айқышгүлді
дақылдарды: қауданды және гүлді қырыққабатты, мал азықтық
шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды. Көбелек
қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт-қоңыр
немесе қара-қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды
жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек
жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы 9-12 мм, олардың денесі аяқ
жағына қарай кішірейіп келген және сирек ұзынша қылшықтар
басқан.
Күресу шаралары. Қыстау сатысын жою үшін топырақты күзде
терең қопсыту. Арамшөптермен күресу, шірне беретін
өсімдіктермен көкөніс дақылдарын жақын отырғызу.
Көктемгі қырыққабат шыбыны
Көктемгі қырыққабат шыбыны - Delia brassicae Bouche. (Diptera отряды,
Athomyiidae – гүлшілер тұқымдасы). Қырыққабат, тарна, шомыр, шалғам
мен басқа екпелер мен тұқымдықтарды зақымдайды. Көктемгі
қырыққабат шыбынының ұзындығы 6-6,5 мм. Денесі сұр түсті, арқасында
үш жіңішке жолағы бар, құрсағының жоғарғы жағында қара жолақ өтеді.
Қанаттары түссіз, қара тарамысты. Құрты ақ түсті, ұзындығы 6-8 мм. Артқы
жағында 14 төмпешіктері бар, олардың төменгі төртеуі өте ірі және
барлық денесінде екі- екіден орналасқан. Қуыршақ кезінде топырақта 10-
20 см тереңдікте жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып
шығуы қайың мен беде қышаның гүлдеу кезеңімен сәйкес келеді және
бұл сәуір айында болатын құбылыс. 7-10 күннен кейін аналықтары ақ
ұзынша жұмыртқаларын топыраққа, әсіресе топырақ пен өсімдік
сабағының арасындағы тесікке, кейде топырақ бетіне, сирек жағдайда
крестгүлді дақылдардың төменгі жапырақтарының ішіне салады.
Күресу шаралары. Қырыққабат шыбынының жұмыртқаларын жою үшін
жерді өсімдіктің мойнынан 15 см алысырақ қазып тастайды да, оның
орнына қатар аралықтарындағы жаңа топырақтан салады. Түптеу
қосымша тамырлардың пайда болуына және өсімдіктің төзімділігінің
артуына негіз болады. Төзімді және сау көшеттерді отырғызу.
Жазғы қырыққабат шыбыны
Жазғы қырыққабат шыбыны - Delia floralis Fall. (Diptera отряды, Athomyiidae – гүлшілер
тұқымдасы). Қырыққабатты, шалғамды, шомырды, тарнаны, мал азықтық шалқанды,
ақжелкекті зақымдайды. Жазғы қырыққабат шыбынының ұзындығы 7-8 мм. Денесі
сарғыш-сұр. Қанаттары қоңыр немесе сарғыш, сары тарамыстары бар. Құрттары ақ,
аяқсыз, ұзындығы 7-9 мм. Соңғы анальдық буынтығында бір-бірінен тең қашықтықта
орналасқан алты төмпешіктер байқалады. Қуыршақтар топырақта жалған пілләларда
қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы ерте пісетін қырыққабатты жинаудың бастапқы
кезімен (маусымның аяғы) сәйкес келеді.
Күресу шаралары. Көктемгі қырыққабат шыбынына қарсы күресу шараларымен бірдей.
Капуста ақ көбелегі
Капуста ақ көбелегі Pіerіs brassіcae) – капустаның және
капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады.
Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 – 60 мм,
қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы
қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара
нүктесі бар. Жылына 2 – 4ұрпақберікөбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір –
мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 – 200) капуста
жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың
жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын
егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады.
Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 – 45 мм) бастапқы
кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп
жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді.
Күресу шаралары. Егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту,
арамшөптерді құрту, биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану.
Қызанақ
Қызанақ облыс аумағында қызанақтың егіс көлемі 60-61мың га, немесе көкөніс дақылдары өсірілетін жалпы
егістің 37 % құрайды. Қызынақтан алынатын жалпы өнім 1,2-1,4 млн. тонна немесе жалпы көкөніс өнімдерінің 42-
43% құрайды. Қызанақ жемістерінің өнімі шаруа қожалықтарының негізгі кіріс көзі болып табылады. Алайда
биылғы жылы қызанақ егіс алқабында, Америкалық қызанақ күйе көбелегі анықталды. Бұл белгісіз зиянды жәндік
алқа тұқымдасына жататын барлық дақылдарды зақымдап жемістерін жарамсыз етеді. «Шымкент аграрлық
колледжі» МҚКК оқу өндірістік базасында қызанақты тамшылатып өсіру егістік танабында биылғы жылы бірінші
рет «Америкалық қызанақ күйесін» байқалды. Бұл зиянкес алғаш рет 2015 жылдың 12 қазанында Оңтүстік
Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Біртілек ауыл округінің «Фахирдин» ШҚ жылыжай кешенінің 4,0
гектарының залалдағаны белгілі болды. Осы жағдайды ескере отырып, бұл зиянкеспен жүйелі және тұрақты
күрес шараларын ұйымдастыру басты міндеті болып кетті. Қазіргі таңда біздің облысымыздың сауда сөрелерінде
бір килограмм қызанақ құны 400-1200 теңгеге артты. Оңтүстікке қызанақ көрші облыстардан және басқа
республикалардан тасымалдануда. Демек, келешекте біздің облыста қызанақ және алқа тұқымдастарды өсіру,
аталмыш зиянкестің зақымдауынан тиімсіз сала болуы әбден мүмкін.
Бүгінгі таңда фитосанитарлық диогностика және болжамдар
әдістемелік орталығының зерттеу нәтижесінде жылыжай кешенінің 122,5
ектары зерттеліп, барлық жылыжай жүз пайыз зиянкеспен залалданған
және ашық егістікте 852,5 гектар жерге зерттеу жүргізіліп 285,2 гектар
анабын зақымдағанын анықтаған. Бұл зерттеу жүргізілген барлық
егістік танаптың 33,4 пайызы құрайды (кете-1). Ресей ғалымдарының
деректеріне сүйенсек Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі (Tuta
absoluta) әр жылы 12 рет ұрпақ таратуға қабілетті. Олардың пікірінше
бұл зиянкес жасырын дамып өсуге бейімділігі айқындалған. Әр көбелек
рпақ тарату кезінде 250-300 жұмыртқа салады. Бұл зиянкес алқа
ұқымдас өсімдіктерді зақымдайды және өнімді 100% жарамсыз ететіні
анықталған. Зиянкес өте өсімтал және онымен күресу шараларын
жүргізу өте қиын. Келешекте Оңтүстік Қазақстанда қызанақ және басқа
да алқа тұқымдас өсімдіктерді өсіру тиімсіз немесе мүмкін болмай қалу
ауіпі бар.
Сәбіз шыбыны
Psila rosae, сәбіз шыбыны-сәбіз шыбындары тітіркендіргіш,
ашулы және, өкінішке орай, бағбандарға көп қиындық
туғызатын қарапайым жәндіктер. Олар кішкентай (4, 5-5 мм),
дамып келе жатқан қолшатыр өсімдіктерінің беттерінде жақсы
ажыратылады және типтік шыбындарға ұқсайды. Сыртқы
жағынан бұл қараңғы, жылтыр, сәл денелі денесі бар шыбын.
Оның басы қызыл-сары, сәбіз түсіне сәйкес келеді. Аяқтар мен
тентактарға келетін болсақ, олар ашық сары реңктер.
Қанаттары ұзартылған, мөлдір, іштің астында қисық
орналасқан; мұқият қараған кезде вена сарғыштықпен айқын
қоңыр түсті болады. Имаго кезеңіндегі жетілген шыбындар гүлді
өсімдіктердің шырынына қанағаттанғандықтан, тамырларды
кемірмейді және шыңдарына зиян келтірмейді. Әйелдер
жұмыртқа салу үшін сәбіз отырғызуларына барады,
жәндіктердің личинкалары - өнімнің негізгі жауы.
Алдын алу шаралары
Алдын алу шаралары. Жаңадан бастаушылар үшін қате
түсінік - сәбіз шыбынына төзімді сәбіз тұқымын отырғызу,
содан кейін осы зиянды жәндіктерден қорғауға байланысты
барлық әрекеттерді аяқтау. Дегенмен, сәбіз тұрақты түрде
өсу жағдайын, сондай-ақ егінді шыбын шабуылынан
қорғауға көмектесетін белгілі ауылшаруашылық әдістерін
ұстануды талап етеді қараңғы жерлерге түбірлік дақылдарды
отырғызудың қажеті жоқ, ашық, сәл көтерілген жерлерде
алаңдарды таңдау қажет;ауыспалы егіс ережелерін сақтау
міндетті (сәбіз пияз, сарымсақ, картоп, қызанақ
отырғызғаннан кейін өнімді дамиды);бақшадағы дақылдарды
алмастыру өте пайдалы - жолдар арасындағы қашықтықты
арттыра отырып, пияз жиынтығымен сәбіз отырғызу;
Пияз шыбыны
Пияз шыбыны—Delia antiqua кәдімгі шыбын және ызылдауық шыбын
тұқымдастарының пиязды зақымдайтын бірнеше түрі. Еуропа, Азия,
Солтүстік Америкада пияз егістігінде кездеседі. Пияз шыбынының дернәсілі
пиязшықтың шырынды терісімен қоректеніп, оны зақымдайды. Пиязшық
шіриді, өсімдік жапырағы сарғайып қурайды. Пияз шыбынының ұзындығы
10 мм, түсі ақ. Ол бас пияз, батун-пияз, сарымсақ, шалот-пиязға түседі.
Пияздың ызылдақ шыбынының ұзындығы 6,5—9 мм, түсі сарғыш жасыл,
личинкасының ұзындығы 11 мм. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ, құртқашаш,
кейде картоп, сәбіз, қызылшаның сабағын да зақымдайды. Күрес
шаралары: пиязды ерте себу; пияз тұқымын себер алдында егістікке
инсектицидтер шашу. Көк пиязға пестицид шашуға болмайды.
Алдын алу шаралары зиянкестер мен аурулардың жаппай көбеюі жөнінде хабарлайды. Олар
агротехникалық шаралармен тығыз байланыста болады. Агротехникалық шараларға ауруларға
төзімді сұрыптарды таңдап алу, дақылдардың дұрыс ауысып отыруы, тұқымды дәрілеу,
кінаратсыз аналықтарды таңдап алу және оларды уақытында отырғызу, егістіктегі және
көшеттіктегі кінаратты өсімдіктерді уақытында аластау, екі жылдықтардың және пияздың
кінаратсыз аналықтарын сақтауға таңдап алу, жылыжайларды және булыжайларды
зарарсыздандыру, булыжайлар мен жылыжайлардың топырақтарын ауыстыру немесе
зарарсыздандыру, танаптағы арамшөптерді уақытында жою кінаратсыз өсімдіктер өсіруге
Пияз шыбыны—Delia antiqua
Химиялық тәсіл бойынша
Химиялық тәсілде зиянкестер мен аурулар пайда болысымен улы
химикаттармен бүркеді және тозаңдатып шашады; қажет болса бірнеше рет
қайталайды. Зиянкестермен күресте биологиялық әдіс кеңінен қолданыс табуда: ол
көкөніс шаруашылығының өнімін және төңіректі ластанудан сақтайды, пайдалы
флора мен фаунаны жоймайды, адам үшін қауіпсіз. Бұршақ соғудың зардабымен
күресу. Жазда көкөніс дақылдары кейде бұршақтан зардап шегеді. Пияз, сәбіз,
сонымен бірге қаудан байланғаннан кейін орамжапырақ зақымданудан тез
оңалады; бақшалық және алқалар тұқымдастарының дақылдары бұршақтан
көбірек зақым шегеді. Бұршақ соғудың зардабынан тезірек оңалу үшін зардап
шеккен өсімдіктерді тез әсер ететін азотты тыңайтқыштармен үстеп мол мөлшерде
қоректендіреді, өсімдіктің төңірегін қопсытады және суландыра алуы.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді.
Солтүстігін Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда
жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм,
бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік,
қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда
–2 – 3°С, шілдеде 24 – 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 300
мм. Агротехникалық шараларға ауруларға төзімді сұрыптарды таңдап алу, дақылдардың дұрыс ауысып
отыруы, тұқымды дәрілеу, кінаратсыз аналықтарды таңдап алу және оларды уақытында отырғызу,
егістіктегі және көшеттіктегі кінаратты өсімдіктерді уақытында аластау, екі жылдықтардың және
пияздың кінаратсыз аналықтарын сақтауға таңдап алу, жиын-теріннің қалдықтарын жою, сүдігерді терең
жырту, көкөніс дақылдарының қоймаларын, жылыжайларды және булыжайларды зарарсыздандыру,
булыжайлар мен жылыжайлардың топырақтарын ауыстыру немесе зарарсыздандыру, танаптағы
арамшөптерді уақытында жою кінаратсыз өсімдіктер өсіруге ықпал жасайтын жоғары агротехника
жатады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I Искендирова Р.Ә. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері оқу құралы/
Алматы: ҚазҰау. Айтұмар, 2017-242б.
II Искендирова Р.Ә. Ауыл шаруашылық энтомологиясы, Алматы «Айтұмар»,
2021-248б.
III Ашбаев А.Ж, Тулеева А.К, Сүлейменова З. Ш. Ауыл шаруашылық
дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Алматы 2010-163б.
IV Ғаламтор желісінен.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz