Көркем дискурс және сөз мәдениеті


Slide 1

Көркем дискурс және сөз мәдениеті

Slide 2

«Дискурс» ұғымы туралы Ю. Хабермас өзінің «Теория коммуникативного действия» атты еңбегінде алғаш болып айтты.

Дискурс термині тіл білімінде өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қолданыла бастады.

Slide 3

2012 жылы шыққан «Тіл білімі терминдерінің сөздігінде» дискурсқа мынадай анықтама беріледі:

«Дискурс - прагматикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық, т. б. экстралингвистикалық фактормен, шындық өмір уақиғасымен байланысты нақты мәтін»

Slide 4

Көркем дискурстің басты тілдік алғышарты әдеби нормада сөйлеу болып табылады.

Тілдік норманың грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық түрлерінің де өзіндік маңызы болғанымен көркем сөйлеуде басты назарда лексико-фразеологиялық норма болуы тиіс.

Көркем стильдің негізгі қасиеттері:

Slide 5

Көркем мәтін - құрылымы ерекше семиотикалық құрылым. Соған орай мәтіндегі тілдік таңбалар кодтар жүйесі ретінде қарастырылады.

Көркем мәтін - айрықша тілдік код

Тілдік кодта автор лексика-грамматикалық, дыбыстық т. б. бірліктерді діттеген мақсатына қарай іріктеп, ақиқат дүниеде кездесетін референттерді мәтінде өзіндік “тілмен” өзгеше атайды

Slide 6 Slide 7

Мәтінде осылар арқылы оқырманға ерте заманның «есігі» ашылады.

Slide 8

Тілдік білім дегеніміз сөзді, оның мағыналарын, сөйлем оның мағыналары мен құрылымдарын білу

Тілдік білім құрылымы және семантикалық өріс мәселесі ақиқат болмыс пен тіл; тіл мен адам; адам мен ақиқат болмыс қатынастарына онтологиялық, гносеологиялық және лингвистикалық аспектілерде талдау жасауды қажет етеді.

Slide 9

Тілдегі ұлттық код

Slide 10 Slide 11

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы.

Сөйлеу мәдениеті

Slide 12

Мәселен, жастар арасында көптеп кездесетін жаргон, сленг сөздер немесе өзге тілді араластырып шұбарлап сөйлеу сияқты тіл мәдениетін бұзатын жайттар да орын алып жатады. Ал кейбір жандар ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп қиналып жатқандығын да байқаймыз.

Сөйлеу - адамзат баласына берілген ең құнды қасиеттердің бірі. Тіл мен сөйлеу байырғы заманнан бері адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарып келеді.

«Сөйлей білу - өнер». Қазіргі таңда сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталып жүр.

Slide 13

Қазақ жастары арасында кеңінен қолданылатын сленгтер қатарына : "Жынды", "базар жоқ", "өшіп қал", "братуха", т. б сөздер қатары жатады.

Сонымен қатар, мағынасы әртүрлі сленг қатары да бар.

Мысалы, "тусовка" сөзін жастар арасында "мерекелік кеш" деп түсінсе, қылмыстық ортада "ұрылардың жиналысы" деген мағынаны береді.

Студенттердің жаргон сөздері: танкісі бар, балмұздақ, балқаймақ, крышасы бар.

Slide 14

1. Өзіне көп алады -

2. Типа -

3. Ботан -

4. Орнына қойып тастадым -

5. Грамотно айтып тастады -

6. Забей -

7. Мықты шарит, прошаренный -

Төмендегі сленг сөздердің баламасын айтыңыз

Тапсырма:

артық кетті, шектен шығу

сол сияқты, тәрізді, секілді

сабақты өте жақсы оқиды

орынсыз екенін дәлелдедім

өте орынды пікір білдірді

ұмыт, қоя сал

ойлау қабілеті жылдам

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер:

Slide 16

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
СӨЗДІҢ ФУНКЦИОНАЛД
Дискурс Ғылыми дискурс
Қазіргі тіл біліміндегі дискурс және мәтін мәселелері
Морфологиялық стилистика
МӘТІН ЖӘНЕ ДИСКУРС
Қарым-қатынас.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарымқатынас мәдениеті
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК
Фуко философиясы
Сөзбен сергітіп сөйлеу
Шешендік сөйлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz