Когнитивтік тіл білімінің лингвистика табиғи бағыты


Slide 1

Когнитивтік лингвистика-жеке ғылым саласы.

Беркімбаева Е. Ғ.

МКЯ 20-1

Slide 2

Когнитивизм - адам ақыл ойын, олармен байланысты ментальды процестерді зерттеу объектісі етіп алган ғалымдарға бағытталады.

Когнивистикада адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бақылауға алынған іс - әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды репрезентациясы (ішкі қабылдау, модель), символы, даму стратегиясы зерттеліп, мотивтері мен қалыптасу нәтижесі қатар қаралады.

1960

1970

Когнитивистика

АҚШ

Европада

Ресей

1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивтік зерттеудің алғашқы орталығын құрды. 20 ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала басталды.

Когнитивтік лингвистика - 20 ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болды.

Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті сементика» - когнитивті зерттеулердің алғашқы бастауы болды.

1985

Slide 3

Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулер

Slide 4

Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулер

Slide 5

Когнитивизмнің зерттеу нысаны адам ақыл-ойы, санасы және солармен байланысты менталды үдерістер.

Адамның когнитивті дүниесі оның қылығы мен әрекеті арқылы зерттеледі. Бұл орайда тіл белсенді рөл атқарады. Тіл адамның кез келген әрекетінің ойлау жүйесін, мотивін т. б. танытады. Сөйтіп, когнитивизм Адамды әрекет етуші, және белсенді ақпарат тудырушы және қабылдаушы ретінде қарастырып, бұл процестер барысында, яғни ойлау қызметінде анықталған схема, бағдарлама, жоспар, стратегияларды басшылыққа алатынын түсіндіреді.

Slide 6

Қазір “когнтивизм” термині аясында келесі мәселелер қарастырылады:

Slide 7

Когнитивтік лингвистика - адамның қоршаған орта, әлем тұрғысындағы білімінің, жалпы ақпараттардың санада қабылдануы, өңделуі және сақталуы механизмдерін табиғи тілдік деректерді зерттеу арқылы анықтау мақсатын көздейтін тіл білімінің бағыты.

Когнитивтік лингвистика табиғи тілді зерттеуге бағытталады, бұл орайда тіл ақпаратты ұйымдастырушы, жеткізуші, өңдеуші құрал ретінде, сондай-ақ адамның танымдық қабілетінің бір түрі ретінде түсініледі.

Slide 8

Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған міндеттері:

Slide 9

Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер.

Slide 10

«Когнитивтік тіл білімі орыс. -когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік) -табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т. б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тәсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т. б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» - деген анықтама береді.

Когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» :

Slide 11

Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К. Ә. Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана" (Алматы: Ғылым, 1998, -1406. ) монографиясын атауға болады.

Ғалымның пікірінше: "Тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара қатынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі".

Slide 12

«Танымдық (когнитивтік) ғылым» термині (ағылш. cognitive) алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда «жазылып», ментальды яғни, танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым.

Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым А. Исламның пікірінше:

Slide 13

“БАТЫР” концептісі

Концепт арқылы ұлттық мәдениетке тән ұлттық ойлау, ұлттық қабылдау, ұлттық этикет, ұлттық тілде сөйлеу, ұлттық ой қорыту, ұлттық діл, ұлт ұстанатын дін ерекшеліктерін айқындауға болады.

Slide 14

Батыр сөзінің мағынасы барлық ұлттық таңбаланған білім жиынтығымен, яғни бірнеше мың жылдар бойы халық арасында қалыптасқан мәдени біліммен ассоцияланады.

Батыр (бәһадор, баһадур сөзі парсы тілінен енген сөз деп жорамал айтылады, алайда әлі де талас туғызатын мәселе, толық зерттеліп, түйіндеме жасалған жоқ.

1. Ер, батыл, жүректі.


Ұқсас жұмыстар
Психолингвистика тарихы
Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
ТІЛДІҢ УНИВЕРСАЛДЫ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Тіл мен таным бірлестігі
Когнитивтік лингвистика
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
Тіл теориясы
Тіл және сөйлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz