Әл-Фараби, Шоқан Уалиханов және Ыбырай Алтынсарин: аударма ісінің тарихы мен мәдени-ағартушылық рөлі


Slide 1

Аударма саласында Әл-Фараби аудармалары.

Шоқан мен Ыбырайдың орны

Беркімбаева Е.

Slide 2

Аударма- кез келгенге сыбаға ретінде беріле салмаған, тілдік түйсігі терең дарын иесінің сыйы саналатын шығармашылық өнер, өзегін талдырып, танбай, талмай еңбек етуді талап ететін кәсіп.

С. Құлманов

Аударма процесі үш кезеңнен тұрады:

Slide 3

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Slide 4

Қалыптасу жолы

Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды.

Slide 5

Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы - дәуір сұранысынан туған ізденістер еді.

Көрнекті шығыстанушы Е. Э. Бертельс:

“Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Бірінші және екінші Аналитика”, “Топика”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика” секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді “Екінші ұстаз” атандырды” деп жазады .

Аристотель бағытын жалғастырушы

Slide 6

Фараби еңбектерінің аударылуы

Slide 7

Шоқан Уалиханов

Slide 8

Қалыптасу жолы

Slide 9 Slide 10

"Қытай, монғол және түрік сөздерінің сөздігі“ еңбегі

Г. Н. Потанин: "Ағылшын әдебиеті жөнінде, көбіне аудармалар бойынша, әрине Шоқаннан құлақтанатынбыз. Ол Англия және ағылшын өмірі туралы оқуды жақсы көретін", - деп еске алады.

Ағылшын философы, әрі тарихшысы Томас Карлейльдің (1795-1881) 1837 жылы жарық көрген "Франция революциясының тарихы" деген үш томдық кітабын Шоқан түпнұсқада, ағылшын тілінде оқыған. Шоқан көптеген елдердің қоғамдық өміріне ықпал етіп келе жатқан ұлы Француз революциясының тарихымен танысуды аса қажеттілік ретінде санап, кітапты оқып қана қоймай, оны конспектілеп, өз еңбектерінде бірнеше жерде пайдаланады. Қазақтар арасындағы шамандық туралы еңбегінде Ш. Уәлиханов "Көк тәңіріне табынатын шамандық жөніндегі тамаша түсініктемені біз Карлейльдің жауабынан табамыз" деп жазады.

Ш. Уәлиханов қазақ халқының бастауларын зерттеу барысында Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарих", Мұхаммед Хайдардың "Тарих и-Рашидиі", Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих", т. б. шығыс ғұламаларының еңбектеріндегі мағлұматтарды орыс деректерімен, даланың ауызша тарихнамасындағы мәліметтерімен салыстыра отырып өзінің ой әлемінде қорытады.

Аударма саласында

Slide 11

Ыбырай Алтынсарин

Slide 12

Қалыптасу жолы

Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В. В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.

Slide 13

Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К. Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды.

Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л. Н. Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д. И. Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.

Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, И. Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.

Аударма саласында


Ұқсас жұмыстар
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин: философиялық көзқарастары мен ағартушылық еңбектері
XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары мен рухани мәдениеті: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсарин
XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы
XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбайұлы
Ыбырай Алтынсарин: өмірі мен ағартушылық қызметі
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаевтың ғылыми-әдеби және білім беру қызметі
Ыбырай Алтынсарин: өмірі, ағартушылық қызметі және шығармашылығы
Шоқан Уәлиханов (1835-1865): өмірі мен ғылыми-мәдени мұрасы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): ағартушылық қызметі, оқулықтары және өлеңдері
Қазақ философиялық ойының қалыптасуы және көрнекті ойшылдар: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Бұқар жырау, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz