Тілдік нормадан


Slide 1

СӨЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ. ҰЛТТЫҚ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАР, ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР, ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР

МКЯ 20-1 Беркімбаева Е.

Slide 2

Сөз мәдениетінің этикалық аспектісі

Slide 3

Сөз этикасы - дүниетанымдық компоненттерден, этикеттік компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі құрылым.

1. Сөз этикасының дүниетанымдық бөлігі адамзаттық құндылықтар жөніндегі ұғым, түсініктерден тұрады. Тілдік тұлғаның сөз әрекеті адамгершілік, ар-ұят, жауапкершілік, парыз, ізгілік, мейрімділік, әділдік, шыншылдық, ақиқат тәрізді жалпыадамзаттық құндылық принциптеріне бағынады. Тілдік қарым-қатынаста, сөйлеушінің саптаған сөз өріміне осы принциптер негіз болады.

Қарым-қатынасқа осы принциптерді ұйытқы етіп алушылық қазақтың байырғы ұлттық сөз өнері дәстүрінде, әсіресе шешендік сөз өнерінде айрықша орын алғандығын айқын аңғаруға болады: тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ; сөзді шын тоқтатады, суды шым тоқтатады.

Сөз этикасының дүниетанымдық компонентіне тіл субъектісінің (тіл иесінің) тілге, сөзге қатысты мақал-мәтел түріндегі пайымдауларын жатқызуға болады. Өйткені ұлттық сөз этикасы өнер алды - қызыл тіл; тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады; сиыр мүйізінен байланады, адам сөзінен байланады; таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді т. б. пайымдауларды да тірек-таяныш етеді.

Slide 4

2. Сөз этикасының этикеттік бөлігі байланыс орнату, байланысты жалғастыру, байланысты аяқтау тәрізді қарым-қатынас тәртібінің ережелерін білу, сол ережелерді коммуниканттың мәртебесіне сай, қарым-қатынастың ресми/бейресми жағдаятында іс жүзінде қолдануға тірек-таяныш болады.

Сөз этикасы - дүниетанымдық компоненттерден, этикеттік компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі құрылым.

Үлкенді сыйлау, құрметтеу; сөйлеушінің сөзін бөлмеу, сөйлеуші тыңдаушыны назардан тыс қалдырмауы, өзін төмен ұстауы, мадақ сөзден қашуы т. б. тәрізді ұлттық сөз саптау дәстүріндегі талаптар сөз этикетіне ұйтқы, тірек-таяныш болады.

Сөз этикетінің қатысты мұндай талаптар мақал-мәтелдерде айқын аңғарылады: сәлем - сөздің анасы; бір күн үзеңгі жолдасқа қырық күн сәлем; анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без, атасы тұрып ұлы сөйлегеннен без; сіз деген - сөздің сынығы, сен деген - сөздің анығы т. б.

Slide 5

3. Қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүрінде этикалық ұғымдарға қоса эстетикалық компоненттер де қабаттаса, қатарласа жүреді.

Сөз этикасы - дүниетанымдық компоненттерден, этикеттік компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі құрылым.

Мысалы: құр айқай бақырған /құлаққа ән емес/ өнерсіз шатылған/ Жігітке сән емес (Абай) ; Аузынан сөзі түскен, қойнынан бөзі түскен(мақал) ; сөйлеуші желдей есілген, тыңдаушы бордай езілген(М. Әуезов) ; Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын (мақал) т. б.

Slide 6

Лингвоэкологиялық зерттеудің түпқазығы болып саналатын қоғам мүшелерінің тілдік санасының қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық-тілдік тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық, этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы.

Мәдени тілдік ортаны қалыптатыратын, тілдің ұлттық мәдени-көркем, эстетикалық мәнін сақтап, тілдің шұбарлануының себебін зерттейтін жаңа қалыптаса бастаған тіл білімінің саласы.

Тілдік тұлға - тіл жүйесінде бір-бірінен қызметі, құрылысы, орны жағынан дараланатын тұрақты тілдік элементтер. Тілдік тұлға тілдің негізгі қызметін атқаратын материалды-заттық мағыналық атауыш сөздер.

ТІЛДІК ОРТА

ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ

ТІЛДІК ТҰЛҒА

Сөз мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері

Slide 7

Әдеби тілдің нормаларын кодификациялаудың негіздері

Slide 8

Сөз мәдениеті

Slide 9

Тілдік және тілдік емес нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың түрлері мен типтері

Slide 10

Тілдік нормадан прагматикалық ауытқу

Нормадан ауытқудың бұл түрі тілдік жүйе және құрылымға тікелей қатысты. Тілдік норма дегеніміз қоғамдық коммуникация кезінде әбден іріктелген, уақыт сынынан өтіп тұрақталған тілдік жүйенің бөлігі, жиынтығы.

Тілдік нормадан прагматикалық мақсатта ауытқуға сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру;

сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру;

фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану;

орфографиялық норманы бұзып қолдану;

орфоэпиялық норманы бұзып қолдану.

Slide 11

Мәтін нормасы/сөз нормасынан (норма речевые) прагматикалық ауытқу.

Мәтіннің, сөздің тұтастығын мәтіннің құрылымдық бірліктерінің өзара байланысын, мәтіннің бір мәнді сипатын, белгілі бір стильге, жанрға жататынын қамтамасыз ететін жазбаша немесе ауызша сөз саптаудың, мәтін құрудың ережелері. Сөз әрекеті кезінде прагматикалық мақсатқа байланыста сөз, мәтін нормасынан әдейі ауытқу риторикалық тәсілге жатады. Тілдік норма бұзылмайды.

Сөз сөйленім, мәтін нормасынан ауытқудың риторикалық тәсілдеріне

амплификация,

анадиплозис,

антиэллипсис, т. б. жатады.

Slide 12

Логикалық нормадан прагматикалық ауытқу

Логикалық нормадан прагматикалық ауытқу - әдеттегі, қалыпты сөзде формалды логика заңдарының сақталуы логикалық норма дегенге саяды. Прагматикалық мақсатпен байланысты ауытқу паралогикалық риторикалық тәсіл деп аталады.

Мысалы, бір нәрсенің бір мезгілде әрі жалған, әрі ақиқат болуы мүмкін емес. Мысалы, күн шайдай ашық кезде жаңбыр жаумайды, күн жауса, шайдай ашық болмайды. Алайда бұлтсыз күнгі найжағай деген қолданыс ешкім күтпеген, табан астында болған оқиғаға байланысты айтылады.

Осылайша логикалық нормадан мақсатты түрде ауытқи отырып, ақылға қонымсызды ақылға сыйдыру сөз шеберлігінің бір қырына жатады. Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді; Қалауын тапса қар жанады дейтін мақал-мәтелдер паралогикалық тәсіл арқылы жасалған.

Slide 13

Онтологиялық нормадан прагматикалық ауытқу

Онтология - ақиқат дүниенің тілдік бейнесі, болмыстың жалпы адамзатқа тән, я болмаса белгілі бір мәдени-тілдік қоғамдастыққа тән құрылымдары, заңдары, формалары.


Ұқсас жұмыстар
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ
Коннотация ұғымының лингводидактикалық тұрғыдан нақтылануы
Бір жағынан бала қандай бір грамматикалық заңдылыққа немесе лексикалық уәжге сүйеніп айтып тұрған жоқ, себебі оның жасы небәрі екіде
Қысқарған аясы сөздердің қолданылу
Фразеологиялық оралымдардың мағынасындағы эмоционалдық семалардың бағалауыштық семалармен байланысы
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Девиантты мінез - құлық әлеуметтенуі
Судың сапасын жақсарту
Суды коагуляциялау әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz