Әдеби бағыттар



ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдамалар. Халық ақындар шығармашылығының дамуы
Notes: Оригинальные шаблоны для презентаций: https://presentation-creation. ru/powerpoint-templates. html
Бесплатно и без регистрации.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиетінің тарихын, көне дәуірден бүгінге дейінгі өткен жолын зер сала қарасақ, сол дәуірдің бәрінде де жалғасып үзілмей келе жатқан бір ұлттық идеяны көреміз. Ол - халықтың бірлігі, тәуелсіздік, ешкімге бодан болмай дербес ел болу идеясы.
ХХ ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында ұлы өзгерістер мен үлкен асулар кезеңі, яғни, айбынды да айлалы саяси күрес, ащы ыза мен кекке толы көтерілістер дәуірі болды. Дәл осы тұста қазақ арасында оқу-ағарту жұмыстары өркен жайып, қазақ зиялылары алдыңғы қатарға шыға бастады. Қазақ тілінде кітап бастыру, газет- журнал шығару жолға қойылды. Халықтың сана-сезімі оянып, руханияттың басты қайнар көзіне айналды
Қазақ әдебиеті

Ұлт зиялылары
1913 жылғы ақпанның екісі күні Орынборда «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты. Осы «Қазақ» газетінің тұңғыш нөмірінде жарияланған оқырманға арнау мақаланың авторы - Әлихан Бөкейханов.

«Құрметті оқушылар!» деп басталатын осы мақаласында ол: «Әуелі - газета халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа газетасы бар жұрттардың қасында, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» деп баспасөздің халыққа қажет екендігін айтып кетті.

Ахмет Байтұрсынов
XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын.
Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқыксыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады.
Ақынның отандастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор болды.

Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі.
Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы - халықтардың проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі.
Өз заманындағы қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М. Дулатов отандастарын жаңа өмірге шақырады, баска халықтардағы жақсылық жағын үйренуге үндейді, ғылымды, білімді жақтайды.
Міржақып Дулатов (1885-1935)

1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады.
Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, "Орал”, "Пiкiр”, "Қазақ” газеттерiне мақалалар жазады.
Халел Досмұхамедов Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым ретінде тарихта өзіндік орны бар тұлға.
Халел Досмұхамедов

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды.
Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды.
Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды.
1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын.
Мағжан Жұмабаев

XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды

Баспасөз саласында
«Серке» (1907)
«Бірлік туы» (1917)
«Қазақ газеті» (1907)
«Қазақстан» (1911-1913)
«Ешім даласы» (1913)
«Қазақ» (1913- 1918)
«Айқап» (1911-1915)
«Алаш» (1916-1917)
«Сарыарқа» (1917)
«Үш жүз» (1917)
«Тіршілік» (1917)

Аударма саласында
ХХ ғасыр басында қазақ ақын-жазушылары томаға-тұйық күйде қалмай, жазба әдебиеті биікке көтерілген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне көз салып, әдеби байланысқа түсе бастады.
Қазақ аударматану ғылымының зерттелуі, іргелі тұжырымдар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастау алады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ тілінің өміршеңдігін сақтау, лексикалық қорын сақтау, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мақсатында жасалған шаралардың басында А. Байтұрсыновтың тіл білімінің терминдерін қазақ тіліне аударуын, Қ. Жұбановтың қазақ терминологиясына қатысты тұжырымдарын, М. Әуезовтың көркем аударма мәселелері төңірегіндегі пікірлерін атауға болады.

Әдеби бағыттар
01
02
03
М. Көбеев
Н. Наушабаев
М. Байзақұлы т. б.
А. Байтұрсынов
М. Жұмабаев
Ә. Бөкейханов
М. Дулатұлы
Ж. Аймауытұлы т. б.
Ш. Құдайбердиев
С. Торайғыров
М. Сералин
С. Дөнентаев т. б.
Шығыстық ағартушылық бағыт
Батыстық ағартушылық бағыт
Ағартушы демократиялық бағыт

Кітап шығару ісінің беталысы
Әлемдік оңтайлы өзгерістері мен маңыздылығы жағынан адамзат өркениеті тарихында тіл мен жазудың пайда болғанынан кейінгі үшінші орында кітап шығару тұр.
Ендеше XX ғасыр басында-ақ білімі, ғылымы, интеллектуалды қарым-қабілеті әлем оқымыстыларымен иық тірестіре алған Алаш зиялыларының қазақ кітабы мәселесімен айналысуы - заңды құбылыс.

1. Өздерінің қаламынан туған, жарыққа шыққан төл туындылары;
2. Қазақша немесе басқа тілде жарияланған кітаптарды таныстыруы, жарнамалауы;
3. Рецензиялары;
Алаш зиялыларының кітап ісіндегі ғылыми-тәжірибелік мұрасын, пайым-тұжырымдарын, қызметін әлденеше салаға жіктеуге болады. Олар:
4. Таяу-алыс елдерде жарық көрген кітаптарды қазақ тіліне аударуы;
5. Кітап шығару ісінің ережелері мен талаптарын тиянақтауы;
6. Кітап авторы жайлы ой-пікірін білдіру, мәлімет тарату;
7. Кітаптың қазақ тағдырындағы, ұлттық тіл мен кодты сақтаудағы, т. б. миссиясын ашуы

ХІХ ғасырдағы Абай қара сөздерінің, Ыбырай әңгімелерінің ізімен ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді мақсат тұтқан Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді.
Міржақып Дулатов жазған қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман - “Бақытсыз Жамал” 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса өздері роман деп атаған Т. Жомартбаевтың “Қыз көрелік” (1912), М. Кәшімовтің “Мұңлы Мәриям” атты ұзақ әңгімелері, С. Көбеевтің “Қалың мал” (1913), С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” (1914) романдары жарыққа шықты.
Алғашқы романдар

20 ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің еңбектерінде әдеби-эстетикалық ілімдер қазақ әдебиетінің орыс мәдениеті арқылы Еуропамен және Шығыспен тоғысуы нәтижесінде қалыптасты. Терең эстетикалық ойлар М. Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердіұлының, Ғ. Қараштың, С. Торайғыровтың, С. Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, т. б. шығармаларында айтылды.
Әдеби-эстетикалық ілімдер
Олардың талқылаған басты тақырыптары - қазақ сөз өнерінің ерекшеліктері, дәстүр мен жаңашылдық, өнердегі гуманизм мен имандылық мәселелері, фольклордағы рәміздік кейіпкерлер, өнердегі әлеуметшілдік, ұлтты сүю мен азаматшылдық, т. б. болды.

ХХ ғасырдың 20-жылдары ұлт ақыны Мағжан Жұмабайдың бастамасымен құрылған «Алқа» әдеби ұйымы да - ұлттық әдебиетіміздің мүмкіндігі әлемдік деңгейде үздік эстетикалық пайымдар мен тұжырымдарға ие зор әдебиет екенін дәлелдеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz