Ақуыз молекуласы пішіні


Slide 1

«Астана медицина университеті» АҚ

Кафедра: «Профилактикалық медицина және нутрициология» кафедрасы

Тақырыбы: Ақуыздар

Нұр-Сұлтан 2022 ж.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Ақуыз туралы мәлімет

Аминқышқылдар

Ақуыздардың организмдегі өзгерісі

Ақуыздардың негізгі көздері

Ақуыздардың ауыз қуысындағы кариеске төзімділігіндегі рөлі

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Ақуыз дегеніміз молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер.

Slide 4

қарапайым ақуыздар - протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар) ;

күрделі ақуыздар - протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер) . Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:

Slide 5

Құрылымы

Ақуыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар - ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организмде үлкен орын алады.

Мысалы:

адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%,

жасыл өсімдіктерде 9 - 16%,

дақыл тұқымында 10 - 20%,

бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 - 35%,

бактерия жасушаларында 50 - 93% ақуыздық заттар бар.

Slide 6

Ақуыз молекуласы пішіні

Шар тәрізді домалақ - глобулярлы ақуыздар

Талшық тәріздес - фибриллярлық ақуыздар

Альбуминдер

Глобулиндер

Гемоглобин

Пепсин

Өсімдік жасушасының ақуыздары

Бұлшық ет ақуызы: миозин, актин

Сіңір ақуызы: коллаген

Малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары

Slide 7

Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірініші реттік құрылым анықтайды. Ақуызды құрайтын а-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс (- CO - NH -) арқылы жалғасады.

Ақуыздардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан - CO . . . HN- арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады.

Ақуыздық оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, -S-S- дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, өте күрделі үшінші реттік құрылым түзіледі.

Ақуыз молекуласы екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік құрылым түзіледі. Төртінші реттік құрылым - кейбір ақуыздарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі.

Ақуыз молекуласы құрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп қарастырады.

Slide 8

Аминқышқылдар

Табиғатта аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар. Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысып гормондар витаминдер мидиаторлар пуринді және пиримидинді азоттық негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі қосылыстарын түзу қызметін атқарады.

Адам организмі қажетті аминқышқылдарының жартысынан астамын өздігінен синтездей алады. Ал сегіз аминқышқылын адам организмі синтездей алмайды. Олар ауыстырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Организмде синтезделмейтін аминқышқылдарын адам қоректік заттармен қабылдауы керек.

Slide 9

Алмасатын аминқышқылдар: Біздің денеміз табиғи жолмен өндіре алады + тамақ өнімдерінен қамтамасыз етіле алады.

Slide 10

Шартты түрде алмасатын аминқышқылдар:

сау ағзада өндіріледі;

аштық немесе туа біткен метаболикалық ауытқулар кезінде өндірілмейді.

Slide 11

Алмаспайтын аминқышқылдар: Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі.

Slide 12

Амин қышқылдары адам ағзасына сіңуі

Адам ақуызды тұтынған кезде оны ағзаға аминқышқылдарын сіңіру үшін оны "бұзу" немесе гидролиздеу қажет. Ол үшін "протеазалар" деп аталатын ферменттер, яғни ақуыздарды аминқышқылдарына және / немесе пептидтерге бөлетін ферменттер әрекет етеді.

Адам ағзасындағы аминқышқылдарының жолы

Дене ақуыздарды гидролиздей бастайды, нәтижесінде аминқышқылдары, дипептидтер және трипептидтер ішекте сіңеді. Сіңіргеннен кейін олар қанға енеді және әр адамның қажеттіліктеріне сәйкес әртүрлі бағыттарға түсуі мүмкін.

Ақуыздың жаңару және ыдырау процесі ағзада үнемі жүреді және бұл "ақуыз айналымы« деп аталады. Осының арқасында біз өмір сүру үшін қажетті динамизмге қол жеткіземіз. Ақуыздардың айналымы сөзсіз, сондықтан ағза әрқашан денені жеткілікті қоректік заттармен қалдыруға тырысады.

Slide 13 Slide 14

Ақуыздардың организмдегі өзгерісі

Ақуыздар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т. б. ) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді.

Аминқышқылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы - аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән ақуызын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі ақуыз емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады. Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т. б. ) дейін ыдырап, энергия бөледі.

Slide 15

Ақуыздардың негізгі көздері

Азықтардың аты

Құрамындағы ақуыздары

Соя

34, 0

Үрме бұршақ

23, 2

Бұршақ

23, 4

Сыр

14, 3-26, 8

Сиыр еті

18, 0-21, 0

Тауық еті

20, 3-22, 4

Балық

14, 0

Қой еті

16, 4-20, 8

Түйе тауық еті

20, 6-24, 5

Үйрек еті

11, 4-17, 8

Сүзбе

16, 1

Жұмыртқа

12, 5

Қарақұмық жармасы

12, 5

Бидай жармасы

12, 0

Slide 16

Ақуыздардың негізгі көздері

Макарондар

11, 0

Күріш

7, 6

Қара бидай наны

6, 3

Бидай наны

-

Сүт

3, 3

Картоп

2, 0

Орам жапырақ (капуста)

1, 8

Сәбіз

1, 5

Алша

0, 8

Алма

0, 4

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Ақуыздардың ауыз қуысындағы кариеске төзімділігіндегі рөлі

Теңгерімді тамақтану тіс тіндерінің кариеске төзімділігін дамытудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Кариозды кезеңге дейін тістің сүйектері мен тіндеріндегі фосфор-кальций алмасуының өзгеруі зерттелетін объектіде кариогенді диетаның болуымен анықталады деп есептеледі.

Notes: Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану процесі ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің және минералдардың қолайлы арақатынасын қамтиды, сонымен бірге қабылданған өнімдердің саны мен сапасы бойынша қанағаттанарлық көрсеткіштері бар.

Slide 20

Ақуыздардың ауыз қуысындағы кариеске төзімділігіндегі рөлі


Ұқсас жұмыстар
Нәруыздың құрамына кіретін Тірі құрылымдар
Рнқ молекуласы
Ақуыз биосинтезі
Жеке ақуыздар құрылысының ерекшеліктері. Доменді және фибриллярлы ақуыздардың құрылысының ерекшеліктері және биологиялық маңызы
Ақуыз құрамы
Ақуыздың құрылысы және қызметі. Ақуыз фолдингі. Шаперондар, жасушадағы қызметі
Ақуыз.Нуклеин қышқылдары
Майлардың құрамы мен құрылысы
Транскрипция процессі
Бактериялардың ферменттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz