Обаның (Yersinia pestis) этиологиясы, клиникалық формалары, алдын алу және Қазақстандағы бақылау шаралары


Slide 1

Slides. kz - Қазақша слайдтар порталы

Slide 2

Оба(лат. pestіs - кенеттен басып кіру) - аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.

Slide 3

Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С. Китазато (1853 - 1931) мен француз бактериологы А. Йерсен (1863 - 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан.

Slide 4

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 - 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы - ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т. б. ) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды.

Slide 5

Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 - 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 - 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.

Slide 6

Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан. -ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.

Slide 7

Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар

Slide 8

Назарларыңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Сіреспе: анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көріністері және алдын алу шаралары
Құтыру ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Бақайқұрт: этиологиясы, клиникалық белгілері және емдеу-алдын алу шаралары
Құс ларинготрахеиті: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Жылқы тұмауы: этиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Түйнеме (Сібір жарасы): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі және алдын-алу шаралары
Пастереллездің этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен жою шаралары
Сіреспе: этиологиясы, клиникасы, емдеу және алдын алу шаралары
Геморрагиялық қызбалар: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және алдын алу мен емдеу шаралары
Қарасан (Gangrena emphysematosa): этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz