Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері: тіршілікті қамтамасыз ету, қоныстану жүйесі және экожүйе талдауы


Slide 1

«Миға шабуыл» сәті

«Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады, бүкіл тарихи үдеріс географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді». Л. Н. Гумилев

Берілген цитата туралы пікірлеріңіз қандай?

Slide 2

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы

Оқу мақсаттары: 11. 1. 1. 1-Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи- географиялық факторлардың әсерін зерттеу;

11. 1. 1. 2- көшпелі мал шаруашылығы мен егінішіліктің ерекшеліктерін «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып анықтау;

11. 1. 1. 3- картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін жіктеу;

Slide 3

Бағалау критерийлері

Жоғары ойлау дағдылары

Талдау:

Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына әсер еткен табиғи- географиялық факторларды SWOT талдау арқылы анықтайды;

Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктерін «тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын пайдалана отырып анықтайды;

Қолдану:

картада көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы дамыған аудандарды белгілейді;

Slide 4

Глоссарий

Тіршілікті қамтамасыз ету- өмірді сақтау жүйесі (маусымдық көшіп-қону, тұрмыс, тұрғын үй және т. б. ) .

Табиғи-географиялық факторлар климаттық және экологиялық жағдайларға, табиғи ресурстар қорына байланысты. Табиғи-географиялық факторларға сонымен қатар аймақтардың аумағының ауданы жатады. Аймақтын аумағы шаруашылық қызмет пен өндірістік күштердің дамуына жетерлік мүмкіндік беруі керек.

Қоныстану жүйесі - аумағы жағынан тұтас, атқарымдары жағынан бірімен-бірі байланысқан мекендер жиынтығы. Ол құрамындағы мекендердің параметрімен де, олардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың қарқындылығымен де сипатталады.

Экологиялық жүйе, экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.

Тіршілікті қамтамасыз ету - өмірді сақтау жүйесі. (маусымдық көшіп-қону, тұрмыс, тұрғын үй және т. б. )

Slide 5

Топтық жұмыс

Тапсырма:

1-топ. Өз білімдеріңмен және мәтін мазмұнын пайдаланып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсеріне SWOT-талдау жасаңдар.

2-топ. «Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе» ұғымдарын қолдана отырып, көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін анықтаңдар.

3-топ. Мәтін мазмұнын пайдаланып, көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы дамыған аудандарды кескін картада белгілеңдер.

Slide 6

SWOT-талдау кестесі

Күшті жақтары

Қолайсыз жақтары

Мүмкіндіктері

Қауіп- қатері

Slide 7 Slide 8

Қорытынды

«Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі», «қоныстану жүйесі», «экожүйе, «табиғи-географиялық факторлар» деген терминдерді қолдана отырып, сабақтың тақырыбына қорытынды жасаңыз.

Slide 9

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған . . . қызықты болды

Маған . . . бұл болашақта қажет болады

Бұл . . . қиындық туғызды

Осы . . . мені ойландырды


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы: тарихи және экологиялық аспектілер
Қазақстандағы көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы және дамуы
Қазақстандағы көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің даму ерекшеліктері
Сақтар мен көшпелі мал шаруашылығы: қалыптасуы, қоныстануы және қоғамы
6-сынып тарих сабағы: Сақтардың көшпелі мал шаруашылығы мен тұрмысы
Сақтар және көшпелі мал шаруашылығы: шығу тегі, қоғамы және мәдениеті
Қазақстанда тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері
Географиялық ақпараттық жүйелер: даму, құрамдас бөліктері және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орталық Қазақстан (Қарағанды облысы): тарихы, табиғи ресурстары, өнеркәсіп және сумен қамтамасыз ету мәселелері
Өндірістік шудың мал шаруашылығы мен құстардың өнімділігі мен денсаулығына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz