Жылқы стронгилятозы



Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті. Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ветеринария факультеті.
Тақырыбы: Жылқының ас қорыту жүйесінің стронгилятоздарын балау (стронгилез, деляфондиоз, альфортиоз) . Күйістілер ас қорыту жүйесінің стронгилятоздарын балау (гемонхоз, нематодироз. Фюллеборн әдісі. Негізгі антгельминтиктер. Жайылым профилактикасы.
Орындаған: Керимбаева Айжан
ВМ-404
Тексерген: Усмангалиева С. С.

СТРОНГИЛЯТОЗДАР
Жылқы стронгилятозы Қазақстанда кеңінен таралған гельминтоз.
Стронгилятоз ауруын малдың тоқ iшегiнде мекендейтiн Strongylidae (стронгилиделер) жəне Trichonematidae (трихонематиделер) тұқымдастарына жататын нематодалар тудырады. Олардың балаңқұрттары түрлерiне байланысты дененiң саналуан ұлпаларын жайлайды. Паразит жылқыдан басқа - есек, қашыр сияқты тақ тұяқтыларды да зақымдайды. Стронгилятоздар жылқыны құлын-тай күнiнен бастап, ересек жасына дейiн iндетке шалдықтырады.

Этиологиясы
Қозырғышы: стронгилятоздардың бас жағы тегiс, ауыз тесiгiн бiр немесе екi қатар тiзiлген жапырақшалар қоршап алған, ауыз қуысы мен көмейдiң пiшiнi құрттардың түрлерiне байланысты əрқилы келедi, ауыз бен өңештi жоталы өзек жалғастырып жатады; ауыз қуысының түбiнде, жоталы өзек айналасында тiстерi орналасады немесе олар мүлдем жоқ болуы мүмкiн. Стронгилиделердiң ұзындығы 1, 5-4, 7 см-ге жететiн нематодалар, олардың ауыз қуысы жақсы жетiлген, аумақты тостаған не шар тəрiздi. Аталған тұқымдастың көптеген түрлерi бар, бiрақ негiзгiлерi үшеу - олар делафондия, альфортия жəне стронгилюс.

Эпизоотологиясы
Жылқы стронгилятозы барлық аймақтарда кең тараған жəне олармен түлiктiң жасы-кəрiсi бiрдей ауырады. Дерттi таратушы гельминтозға шалдыққан тақтұяқтылардың өздерi. Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар ыстық-суыққа өте төзiмдi. Мəселен, дала жайылымында олар жазда екi ай бойы өз тiршiлiгiн сақтай бередi, ал қыста топырақ, қар астында, шөп-сабан арасында өлмей, тiрi қалады. Келесi жылы көктем шығысымен олар тiршiлiгiн қайта бастайды.

Аурудың даму механизімі
Мал денесiнде ұрықтанған ұрғашылары iшкi ағзаларға көптеген жұмыртқалар салады. Олар мал нəжiсiмен сыртқы ортаға тарайды. Қоршаған ортада олар өздерiне қолайлы жағдайда (8-380С) дамиды. Белгiлi уақыт өткен соң жұмыртқаның қабығын жарып iшiнен балаңқұрт шығады, ол екi рет түлейдi де 6-7 күн арасында инвазиялық сатыға өтедi. Личинкалар ылғалы мол жерлерде, əсiресе жауын-шашыннан кейiн пайда болады. Олар топыраққа араласып, өсiмдiк сабақтарына да өрмелейдi. Жылқылар жұқпалы балаңқұрттарды су-шөп арқылы жұқтырады.

Клиникалық белгілері.
Клиникалық белгілері айқын байқала қоймайды. Егер мал денесiнде құрттар аз болса клиникалық көрiнiстер бiлiнбейдi. Күтiмi жақсы, жылқыда дерт белгiлерi байқалмайды, ал оның қоңы төмендесе, ауру дендеп кетедi, ол мiнiске, жегуге жарамайды, азыққа зауқы азаяды, кейде денесi қызып,
iшi өтедi, арықтай бастайды, нәжісінен көптеген жұмыр құрттарды көруге болады.

Патанатомиялық өзгерістер.
Түлiк тым арық. Iшектiң сыртындағы iрi қантамырлары жарақаттанған, олардың iшкi қабығының көптеген жерлерi нүктедей болып қанталаған, кейде кейбiреулерiнiң жарылғандығынан құрсақ қуысында қан жиналып қалады. Осыған ұқсас өзгерiстер бүйен т. б. ағзалардың қантамырларында ұшырасады. Шажырқай қантамырларының əр тұсынан ұйыған қан көзге шалынады. Қарта мен тоқ iшектi жарып қарағанда iшiнен жүздеген, мыңдаған нематодалар табылады, iшкi қабығы суланып, қанталаған немесе жарақаттанған.

Диагноз
Ересек құрттар тудыратын стронгилятоздарды анықтау ерекше клиникалық көрiнiстердiң жоқтығы себебiнен қиынға түседi. Кейде нəжiс арасынан гельминттердi көрiп қалуға болады. Гельминто-овоскопия əдiстерi арқылы (Фюллеборн, Дарлинг т. б. ) тек қана жалпы стронгилятоз қойылады, өйткенi нематодалардың барлық түрлерi жұмыртқаларының құрылымы бiркелкi. Гельминтоларвооскопия тəсiлдерi тиiмдiрек, олармен iшқұрттардың туысына, ол кейбiреулерiн түрлерiне дейiн ажыратуға болады

Емі.
Қолданылатын антгельминттердiң iшiндегi тиiмдiлерi, төрт-
хлорлы көмiртегi, пиперазин тұздары, фенотиазин т. б. Көрсетiлген
дəрiлердiң алғашқы екеуiмен параскаридоз-стронгилятоз
қоздырғыштары бар құлын-тайларды ғана емдейдi, ал емдеу тəсiлi
малдың параскари-дозындағыдай.
Стронгилятоздар жиi кездесетiн шаруашылықта
жылқыны аурудан сақтандыру үшiн оларды жылына екi дүркiн-
көктемде жəне күзде дегельминтизациядан өткiзедi. Сонымен бiрге
қораны, айыр, күректердi т. б. құрал-саймандарды түгелдей
зарарсыздандырады.

Деляфондиоз
Жылқы деляфондиозы алдыңғы шажырақайлық артериясының тромбозға және аневризмаға ұшырауымен сипатталатын жылқы және есек ауруы.
Қоздырғышы - Delafondia vulgaris. Ауруды Strongylidae тұқымдастығына жататын Delafondia vulgaris-нематодасының баланқұрты қоздырады. Дерттi ересек құрттың балаңқұрт-тары тудырады, олар тiк iшек сырты қантамырларын, шажырқайдың артерияларын жайлайды, iшкi қабығын тiтiркендiрiп қабындырады, тамыр iшiнде қан ұйып түйiледi, ал оның қабырғасы созылып кеңейедi, соның салдарынан өсiндi-қалташылар (аневризм) пайда болады,

Эпизоотологиясы
Деляфондиоз барлық жерлерде кездесетiн iндет. Дерттi ересек құрттары бар мал таратады. Iндет дымқылды, жаңбыры көп жылдары жиi ұшырайды. Энтоозия түрiнде өршiп жылқы арасында бiрен-саран өлiм де байқалады. Қантамырларында өсiндi қалташалар 2-3 айлық құлындардан бастап табыла бередi жəне олар 1-3 жастағы малда көбiрек кездеседi.

Клиникалық белгілері.
Олар қантамырларындағы балаңқұрттардың аз-көптiгiне немесе бiрнеше рет жұқтырылуына байланысты. Егер құлын бiрiншi рет деляфондылармен зарарланса, онда ауру жiтi түрiнде өтедi, жануардың дене қызуы 41С-қа дейiн көтерiледi, анемия пайда болады, қарын-iшектiң қызметi бұзылады. Екiншi рет инвазияны жұқтырған шақта клиникалық көрiнiстер əдетте байқалмайды. Созылмалы түрiнде, оқта-текте iшек айналуы, оның түйiлуi, яғни тромбо-эмбол түйнеуiнiң көрiнiстерi айқындала түседi. Деляфондиоз 5-10 жастағы аттарда ақпан, наурыз айларында жиi кездеседi. Бұл аурудың екi түрi бар: жеңiл жəне ауыр. Түйнеудiң өршуi жылқының азықтандыру мен күтiмiне тəуелдi емес.

Патанатомиялық өзгерістер
Өлiктiң iшiн жарып қарағанда қанталап, жуандаған iшек бiрден көзге шалынады. Ағзаның сiрi жəне кiлегей қабықтары, шажырқай қаптаған қанталау ошақтарынан қызарып тұрады; қабынған шажырқайдан iрiңдiктер көрiнедi, көлемi əрқилы өсiндi-қалташалар байқалады, олардың iшiнен деляфондияның балаңқұрттары табылады, саны кейде 300-ге жетедi. Қолқаның, алдыңғы шажырқай артериясының жəне тармақтарының iшкi бетiнде жiптей жiңiшке сызық-түтiкшелер аңғарылады. Олар балаңқұрттардың қалдырған iздерi. Бүйен мен тоқ iшектiң кейбiр тұстары сiрi жəне кiлегей қабықтары қарақошқыл өңдi, зақымданған бөлiгi қанаралас сұйық қарамай (деготь) түстi. Құрсақ қуысында сарғыш не қызғылт түстi сұйық, арасында кейде фибрин жiпшелерi де кездесiп қалады. Бүлiнген қантамырларында тромб-эмболдар ұшырайды, iрiңдi артериит, периартериит пайда болады.

Диагноз
Деляфондиоз түйнеуiктiң клиникалық көрiнiстерi айқын. Аурудың ауыр түрiн ректальдық зерттеу арқылы, яғни жануардың көтенiшегiне қол салумен iшектiң айналуын, түйiлуiн ажыратады. Ол үшiн емшi қолын иығына дейiн жуып, сүртiп вазелин жағып тiк iшектегi нəжiстi алып тастайды. Мiне осыдан кейiн қолын тереңiрек сұғып, қантамырларын алақанымен сипап өсiндi-қалташаларды iздестiредi, олар шажырқай артериялырының бойында жайғасады. Аневризмдерге сусақ тиiсiмен жануар мазасызданады, оның тынышы кетiп, қатты ауырсынады. Өлексенi iшiн жарып, патоморфологиялық аутқыш-өзгерiстерге сүйенiп жəне қоздырғыштарды тауып гельминтозды анықтайды.

Жылқы альфортиозы
Жылқының альфортиозы-құрсақ қуысы ылғалды қабығының қанталауларға, қабынуға (перитонитке) ұшырауымен сипатталатын, Alfortia edentatus жұмыр құртының баланқұрттары қоздыратын инвазиялық ауруы. Ауру жас және кәрі малда ауыр түрде өтеді.

Эпизоотологиясы
Альфортиоз көбiнесе бiр жасқа толмаған құлын-дарда жəне кəрi жылқыларда кездеседi. Ауру күздiң аяғында, қыстың басында жəне көктемде ылғалы мол, ойпаңды алаңдарда, бұрын ауру мал жайылған жайылымдар мен шылшықты сулы жерлерде кездеседi. Гельминтозға кейде өрiстегi жылқы үйiрi жаппай шалдығады, түлiк арасынан өлiм- жiтiм де шығып қалуы мүмкiн. Аталған дерт басқа да стронгилятоздармен қабаттаса байқалады.

Патогенезі
Кезбе балаңқұрттар жылқы ұлпаларын жарақаттайды, қанталатады. Паразиттiң уландыру (токсикалық) əсерiнен қаназдық (анемия) байқалады, мал əбден арықтап, көтерем болып, кейде шығынға ұшырайды. Личинкалар шарлай жүрiп, иесiнiң денесiне зардапты микрофлора енуiне себепшi болады. Iрiңдi бактериялармен асқынған кезде септикалық перитонит өрбидi.

Клиникалық көрінісі
Альфортиоз жiтi жəне созылмалы түрде өтедi.
Жiтi түрi тек құлындарда байқалады, бiрнеше күн аралығында өрбидi. Жануар күйсiзденедi, əлсiрейдi, қан аздық байқалады, 6 күн iшiнде əлсiн-əлсiн түйнеу белгiлерi бiлiне бастайды. Дене қызуы 40-41, 9С-ға дейiн көтерiледi, қан тамырының соғуы мен демалуы жиiлейдi, қарынын сипағанда жануар қатты ауырсынады, бүйiрiне жатқанды қалайды немесе бүкiрейiп тұрып алады. Қан аздықтан жəне көтеремдiктен өлiмге ұшырайды.
Созылмалы түрi құлындар мен кəрi жылқыларда байқалады жəне ол 1, 5-2 айға дейiн созылады. Клиникалық көрiнiстер аурудың жiтi түрiне ұқсайды (күйсiздену, қан аздық), бiрақ одан көмескi, айқын емес.

Патанатомиялық өзгерістер
Iшiн жарып тексергенде көкшандыр гема-томалардың өте көптiгiнен түсi қрақошқыл, көкшiл, көлемi 5 тиындай дақтарға толы. Сiрi қабық сыртынан қызғылт, сүттей аппақ, иiрiлiп немесе ұзыннан керiлiп жатқан альфортияның балаңқұрттарын көрiге болады. Ағзаны тiлiп жiбергенде iшi қанға толы кiшiгiрiм қуыстар (гематомалар) байқалады, олардың əрқайсысынан тұрқы 4 см-ге жететiндей личинкалар табылады. Құрт жаппай көкшандырды зақымдағанда ол домбығып кетедi. Құрсақ қуысында 1-2 литрдей қызыл-сары сұйықтық жиналады.

Күйiстiлер ас қорыту жүйесiнiң стронгилятоздары.
Күйiс қайыратындардың асқазан-iшегiнде нематода тобына жататын Strongylata тек тармағының көптеген түрлерi тiршiлiк етедi. Олар төрт тұқымдастардан қалыптасқан: Trichostrongylidae, Ancylostomatidae, Stron-gylidae жəне Trichonematidae.
Бұлар ас қорыту жүйесiнде мекендейтiндiктен, көпшiлiгiнiң өсiп-өнуiнiң ұқсастығына байланысты олар тудыратын аурулардың эпизоотологиясы, өрбуi (потогенезi), клиникалық көрiнiстерi, сонымен қатар оларға қарсы қолданылатын шара негiзiнен бiрдей. Стронгилятоздар қазiрдiң өзiнде халық шаруашылық экономикасына орасан зиянын тигiзедi. Олар жануар өлiмiнен, мал өнiмiнiң сан-сапасының төмендеуiнен, құрт жайлаған мүшелердiң жарамсыздығынан, iшқұрт ауруларына қарсы жүргiзетiн шараларының қиндығы мен қымбаттығынан құралады.

Аурудың даму механизмі .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz