Сепсистің дамуы


Slide 1

Тақырыбы: Бейспецификалық хирургиялық жалпы жіті инфекция. Сепсис

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе II Негізгі бөлім

а) Жұқпалар патофизиологиясы ә) Сепсис. Сепсистің дамуы б) Сепсистің клиникасы в) Сепсистің жіктелуі г) Сепсистің диагнозы

д) Сепсистің емі III Қорытынды IV Пайданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Сепсис - бұл ауыр инфекционды ауру. Әр түрлі қоздырғыштардың және олардың токсиндерінің әсерінен пайда болады.

Сепсис туралы түсінік тарихи көзқарастарға ұшырады. Бүгінгі күні сепсис дамуында адам тәнінің серпілістеріне маңызды орын беріледі. Шын мәнінде микробтың түріне қарамай организмнің сепсиске қайтаратын жауабы әрдайым бірдей болады.

Америка ғалымдарының ұсыныстары бойынша жұқпалы үрдістерді: жүйелі қабынулық серпілістер синдромы, сепсис, жұқпа, бактериемия, ауыр сепсис, сепсистік сілейме деп ажыратады.

Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы - деп микроорганизмдердің, олардың тіршілік өнімдерінің немесе қабыну медиаторларының, жергілікті ошағынан шығып, жалпы қан айналыммен бүкіл денеге тарап кетуін айтады.

Slide 4

Жұқпалар патофизиологиясы

Жұқпалар сезімтал организм мен микробтардың өзара әсерлерінен дамиды. Жұқпалы аурулардың, басқа аурулар сияқты, өздерінің себепкер ықпалдары мен даму жолдары болады. Олардың дамуында сырттан енген жұқпаларға қарсы тұтас организмнің, жүйелердің, ағзалар мен тіндердің және жасушалардың деңгейлерінде қорғаныстық тетіктері қосылады. Бұл тетіктер жеткілікті болғанда организм жұқпалардан нәтижелі қорғанып, сырқаттану болмайды немесе ол жеңіл түрде ғана болады. Ал олар жеткіліксіз болғанда ауыр жұқпалы аурулар дамиды. Жұқпалы үрдістердің бірнеше түрлерін ажыратады:

● Сепсис - жұқпалардың бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде міндетті түрде немесе шартты түрде дерт туындататын микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы болады;

● Септикопиемия - науқас адамдардың әртүрлі ағзалары мен тіндерінде іріңді ошақтардың қалыптасуымен сипатталатын түрі;

● Бактериемия, вирусемия, фунгиемия - бактериялардың, вирустардың, майда саңырауқұлақтардың қанда болуымен, бірақ олардың онда өсіп-өну белгілері болмауымен, көрінетін түрі; Салдарлық жұқпалар - организмде бар бір жұқпалы ауру кезінде екінші бір микробтардан туындаған жұқпалы үрдістің түрі;

● Микстинфекция - бір мезгілде бірнеше микробтардан дамитын жұқпалы үрдіс түрі; Реинфекция - науқас адам сауыққаннан кейін сол дертті туындатқан микробтың әсерінен жұқпалы үрдістің қайталануы;

● Суперинфекция - науқас адам сауықпай жатып, сол дерт туындатқан микробты қайта жұқтыруы.

;

Slide 5

Сепсис. Сепсистің дамуы

Сепсис (латынша, sepsіs - шіру, іріңдеу) - ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т. б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты, сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады.

Slide 6

Сепсистің алғашқы белгілері

Slide 7

Клиникалық белгілері:

Науқастың дене қызуы 39-40 С дейін көтеріледі. Науқас жүдейді, кейде тері жабындысында қанталау байқалады. Науқастың артериалды, венозды қан қысымы төмендеп, қан айналымы бұзылуынан дененің ойылуы, тромбофлебит, тромбоздар, қол-аяқтың ісінуі пайда болады. Қан анализдерінде анемия, лейкоцитоз, лейкоциттық формуланың солға ығысуы, қан тромбині 45-50% дейін төмендейді. Кейбір ауруларда бактериемия анықталады. Бауыр, бүйрек функциялары бұзылады. Науқас сарғайып гепатит дамиды. Зәр анализдерінде альбуминурия, гематурия, лейкоцитурия анықталады. Көкбауыр үлкейеді. Асқорыту жүйесін алсақ, тәбеті жоғалады, аузы құрғап іші өтеді, жүрегі айнып құсады

. Жергілікті симптомдар - сепсистегі жараларда өлі еттен тазару және регенерация белгілері байқалмайды, грануляциясы жансыз, бозғылт, жара ісінген, дымқыл, шірік иісті. Көктамырлардың тромбозы, лимфа жүйесінде лимфаденит дамиды.

Slide 8 Slide 9

. Сепсистің орналасқан орнына қарай:

* терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы) ;

*бадамша бездік (іріңді баспа) ;

*хирургиялық (шиқан шыққанда) ;

*гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін) ;

*урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар) ;

*отогендік (іріңді отиттің асқынуы) ;

*кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар.

Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) сепсис деп атайды

Slide 10

Клиникалық-морфологиялық белгілеріне қарай:

1. септициемия

2. септикопиемия

3. бактериалды эндокардит

4. хрониосепсис

Септицемия - сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистрофиялық өзгерістер, қабынулар байқалады.

Септикопиемия кезінде сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды.

Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларынан басталады. Соның нәтижесінде некроз ошақтары пайда болады. Өзгерген қақпақшалар ыдырап, олардың бетінде тромбтар түзіледі.

Тромбоз организмде инфаркт ошақтарының қалыптасуына жағдай туғызады. Кейбір жағдайда ішектің, аяқтың және терінің гангренасы дамуы мүмкін.

Хрониосепсис-созылмалы және жазылмайтын іріңді-септикалық ошақтармен сипатталатын сепсистің төртінші формасы. Ішкі ағзалар мен мүшелердегі өзгерістер атрофиялық көріністерімен сипатталады. Жалпы азу, көкбауырдың кішіреюі, бауырда, миокардта және көлденең салалы бұлшықеттерде қоңыр атрофия байқалады.

Slide 11

Ауыр сепсис - деп, айқындалған жұқпа ошағы және жүйелік қабынулық серпілістер синдромының екіден астам көрсеткіштері болуымен көрінетін, белгілі организм жүйесінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сепсисті айтады. Бұл кезде ересек адамдарда тыныстық дистресс-синдром, кардиогендік қан айналым жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі т. с. с. бұзылыстар байқалады.

Сепсистік сілейме - артериялық қысым сынап бағанасы бойынша 90 мм-ден төмен түсіп кетуімен көрінетін сепсистік синдром және бұл кезде тамыр тарылтатын дәрілер әсер етпейді.

Slide 12 Slide 13

Пупочный сепсис

Slide 14 Slide 15

Сепсистің диагнозы


Ұқсас жұмыстар
Сепсис патофизиологиясы
Сепсис сипаттамасы
СЕПСИСТІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МОРФОЛОГИЯСЫ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СЕПСИС
Бет - жақ аймағы іріңді аурулардың асқынуы
Сібір жарасы
Жоғары тершеңдік, қалтырау
Хирургиялық инфекция
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. ІРІҢДІ-ҚАБЫНУ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ. БАКТЕРИЕМИЯ. СЕПСИС. БАКТЕРИЕМИЯ. СЕПСИС
СІБІР ЖАРАСЫ СІБІР ЖАРАСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz