Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі



Сөж
Тақырып:
Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:Жиенбай Аружан Дүйсенбекқызы
Қабылдаған:Амирбекова Мархабат Амирбековна

Сана (ағылш. mind) - өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағыттала алатын, өз-өзіне айқын, менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді.

Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді.
Сана көбінесе сезім, түйсіну, ойлау, пайымдау, жады, сенім, аңсар, эмоция және мотивация секілді рухани феномендерде әйгіленетін қабілет ретінде түсініледі. Сана, немесе діл әдетте денеге, материяға немесе затқа салыстырмалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың өзегі интуиция болып, оның ерекшелігі жаратылыстану ғылымдары материалдық ғаламды сипаттаған кезде анықтаған түрлі ерекшеліктерге үйлеспейді, немесе ондай ерекшелігі болмайды. [

Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады. Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді. Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалық құбылыстарға редукциялауға болады. Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп.

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь) .
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.

Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді
. а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі
. б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.

Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында, әрине, өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды

Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шығуы қоғамдық өндірістің және онымен бірге алғашқы қоғамдық қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уақыт бойы қалыптасып, адам тектес маймылдардың үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам бірлестіктеріне айналуының және сондай-ақ соған сәйкес дене құрылысының өзгеруінің нәтижесі болып табылды. Сонымен қатар, ру-тайпалар арасында кұралдар және басқа бұйымдар алмасу іске аса бастады, ал бұл білімдер мен еңбек ету әдіс-тәсілдері, дәстүрлері тілдік қатынас құралы арқылы басқа тайпалар мен халықтардың мүшелерінің арасына тарап отырды.

Назарларыңызға рақмет⚘⚘⚘
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz