Құрылыс саласындағы қаржылық есепті ұйымдастыру: өндіріс, келісімшарттар және материалдарды есепке алу


Slide 1

Құрылыстағы қаржылық есепті ұйымдастыру

Тексерген:аға оқытушы Айтхожина Алия Елеусизовна

Оындаған:ЕжА-305 Худайберген Гулайым

Slide 2

1. Құрылыс өндірісінің экономикалық мәні, олардың бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсері

2. Құрылыс келісімшарттарының есебі

3. Құрылыстағы материалдарды есепке алу тәртібі

Slide 3

Құрылыс өндірісінің экономикалық мәні, олардың бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға әсері. . Республика экономикасының даму кезеңіндегі елбасының алға қойған талаптарына және мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің аумағы кеңіп, көлемі күннен -күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.

Slide 4

Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер етеін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есп объектілеріне бөлінеді.

Slide 5

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Slide 6

Құрылыс келісімшарттарының есебі. Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім -шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:

біріншіден, түскен келісім бойынша және байланысты болуы;

екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.

Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:

1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;

2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.

Slide 7

Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.

Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.

Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерлерді бөлуге әкеліп соғады.

Slide 8

Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім шартта қаралған шектелген және еркін баға. Құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырғылар, өндіріс күштері, тұрғын үйлер, мәдени -тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета-объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау, яғни құрылыс өнімінің құны.

Сметаны жасауда құрылысқа қажетті материалдар шығындарының, конструкцияның, детальдардың, еңбекақы шығындарының, материалдық нарықтық бағасының сметалық нормалары және үстеме шығындардың нормалары қолданылады. Жобалы-сметалы құжатты жасағанда бухгалтерлік есептің мәліметтері қолданылады.

Slide 9

Капиталды құрылыста ереже бойынша құрылыс өнімінің келісім бағасының екі моделі- шектелген және еркін (ашық) бір мезгілде қолданылады. Бекітілген келісім құнын анықтауға - келісімнің нақты жағдайлары ескеріле отырып, сметалық нормативтердің жүйесі мен пайдаланылатын ресурстардың бағасының өзгеру индексі болады.

Slide 10

. Құрылыстағы материалдарды есепке алу тәртібі. Тауарлы материалдық босалқыларды бағалау.

Тауарлы -материалдық босалқылар есебі 13. 11. 1996 жылы қабылданған №7 БЕС «Тауарлы-материалдық құндылықтарының есебі» және №2 ХҚЕС негізінде жүргізіледі. Стандартта тауарлы-материалдық құндылықтарының келіп түсуін, қоймадан жіберу үшін 3 баламалық бағалық әдістері ұсынылған. Әрбір кәсіпорын таңдаған бағалау әдісін өз есеп саясатында көрсетуі тиіс. Яғни:

орташа өзіндік құн әдісі, ай аяғы мен басындағы құндық қалдықтарды қоса, жалпы өзіндік құнынан жеке әрбір топ үшін есептеледі;

FIFO әдісі, ай басындағы қалдықпен қоса, бірінші келіп түскен ТМҚ алдындағы ТМҚ құнымен бағаланады;

LIFO әдісі, ХҚЕС негізінде есеп жүргізетін кәсіпорындар № ХҚЕС бойынша қолданылмайды. Мысалы, кесте құратын болсақ :

Тәжірибе жүзінде бухгалтерлік көп жағдайларда есепке алуды жеңілдету мақсатымен тауарлы-запасты қорларды, құндылықтарды жеткізу жүзеге асырылған нысанның құрылысы бойынша үстеме шығындардың құрамына кіргізеді.

Slide 11 Slide 12

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және құжат айналымының негіздері
Өндірістік шығындарды ұйымдастыру және есепке алу: негізгі қағидалар мен шоттық құрылым
Туберкулезді диспансерлік есепке алу: топтар, ұйымдастыру және бақылау
Білім беру саласындағы психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Пайда және шығындар туралы есепті талдау: қаржылық нәтижелер мен рентабельділік көрсеткіштері
Қаржылық қорытынды есепті дайындау және ұсыну: талаптары, құрамы және ақша қаражаттарының қозғалысын есептеу әдістері
Құрылыс саласындағы энергия үнемдейтін технологиялар мен материалдар
Екінші деңгейлі банктердегі кассалық операцияларды ұйымдастыру және есепке алу
Материалдық ресурстар: анықтама, есепке алу және басқару
Мемлекеттік мекемелердегі жалдауды есепке алу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz