Интелектуалды еңбектің формалары



Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта.

Жоспар:
1. Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта.
2. Қауіпті және зиянды факторлардың классификациясы.
Мақсаты: адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, ТЖ салдарын жою шараларын жоспарлау және орындау.

Адам мекендейтін орта
- адам өмір сүру жағдайын анықтайтын қоршаған ортаның (табиғи жасанды) объектілер, факторлар, құбылыстар жиынтығы.

Адам мекендейтін ортаның элементтері

Табиғи орта - литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфераның күрделі және әртүрлі үйлесімі.
Литосфера - жердің қатты қабықшасы.
Жер проблемалары: қалдықтар, қала соғу, ауыл шаруашылық, эрозия және т. б.
Атмосфера - әртүрлі газ, су буы және жаңдардар қоспасынан тұратын әлемнің газ тәрізді қабықшасы.

Атмосфераның ластануы

Электромагнитты ластану
- электр столбы, жоғары вольтты электр тасымалдайтын жолда, электрондық техника. ЦНС және жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Өндірістік орта
табиғи-климаттық және зиянды және қауіпті факторлар (шу, вибрация, токсинді булар, газдар, шаң, иондаушы сәулелер, т. б) қамтитын адамды қоршаған ортаның бір бөлігі.

Өндірістік орта
Қауіпті деп белгілі бір жағдайларда денсаулықтың бұзылуы мен ағзаның өлуіне, жұмыс қабілетігін және профессиональды ауруларды әкелетін факторлар жатады.
Сондай-ақ еңбек шарты өндірістік жағдайдан немесе жұмыс мінезінен тәуелді.
Жұмыстың мінезі мен организациясы, еңбек коллективіндегі ара-қатынастар жұмыс қабілеттілігіне және адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Олар жұмыс қабілеттігін азайтатын, ауру деңгейін жоғарылататын немесе басқа да кері нәтиже беретін барлық факторлар "өндірістік (профессианальды) зияндықтар" деп аталады.

Қауіпті және зиянды факторлар топтары

Қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:
Токсинді заттардан пайда болатын, организмге нашар әсер ететін химиялық;
Физикалық, себебі шуыл, діріл және тербелістің басқа түрлерінің әсері, иондамайтын және иондайтын сәулелер, климаттық параметрлер (температура, ылғалдылық және ауа қозғалғыштығы), атмосфералық қысым, жарықтандыру деңгейі, сондай-ақ фиброгенді шаңдар.
Биологиялық, патогенді микроорганизмдерден, микробты препараттардан, биологиялық пестицидтерден, сапрофитті споратүзуші микрофлорамен, микроорганизмдермен, микробиологиялық құрал-жабдықтардың продуценті болып табылады.

Зиянды факторларға сондай-ақ:
Физикалық (статикалық және динамикалық) шамадан көп салмақ салу-қиындықтарды көтеру және алып жүру, дененің ыңғайсыз жағдайы, теріге ұзақ уақыт қысым, буындар, бұлшықеттер және сүйектер.
Физиологиялық - қозғалыс активтілігінің аздығы (гипокинезия) .

Бұлшықет энергиясын көп мөлшерде қажет ететін еңбек формалары.
Еңбек операциясының бұл формасы механикаландырылған заттар жоқ кезде қолданылады және энергиялық шығын 17-ден 25МДж (4000-6000ккал) және одан да көп болуын талап етеді.
Бұлшықет жүйесін дамыта отырып және зат алмасу жүйесін ретке келтіретін физикалық еңбектің бірқатар кемшіліктері бар. Бәрінен бұрын бұл еңбек өтімділігінің төмендеуіне және физикалық күшті қалпына келтіруге арналған жұмыс уақытының 50%-ға дейін жететін үзілістердің қажеттілігі.

Еңбектің механикаландырылған формалары.
Еңбектің бұл формаларында жұмысшылардың тәуліктік энергетикалық шығындары 12, 5-17МДж(3000-4000 ккал) арасында өзгеріп отырады.
Еңбектің механикаландырылған формалары бұлшықетке түсетін салмақ сипаттамасын өзгертеді және іс-қимыл бағдарламаларын күрделендіреді. Механикаландырылған еңбек мамандықтары арнайы білім мен біліктілікті талап етеді.
Механикаландырылған өндіріс жағдайында бұлшық еттер қимылы көлемінің азаюы байқалады, жұмысқа аяқ-қолдардың ұсақ бұлшықеттері қатыстырылады, олар механизмдерді басқаруда аса қажет үлкен жылдамдық пен қимыл-әрекет дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс. Қарапайым және көбінесе қайталанып отыратын қимылдардың біркелкілігі, еңбек барысында қабылданатын ақпарат көлемінің аздығы және біркелкілігі еңбектің бір сарындылығына әкеліп соғады.

Жартылай автоматтандырылған еңбекпен байланысты формалар.
Жартылай автоматтандырылған өндіріс еңбек нысанын жасау-өңдеу процесінен адамды босатады, оны толықтай механизмдер атқарады. Адамның міндеті автоматтандырылған линияларға күтім жасау және электронды түрінің сипатты белгілері-бір сарындылық, жоғары жылдамдық пен жұмыс, жүйкеге салмақ түсу.
Автоматтандырылған еңбек формаларының физиологиялық ерекшеліктері - бұл жұмысшылардың іс-қимылға тұрақты дайындығы және пайда болған ақауларды жылдам жоюға реакциясы.
"Оперативті күтудің" бұл функциональды жағдайы шаршау деңгейіне қарай әр түрлі және жұмысқа қатынасына, қажетті қимыл жылдамдығына, алдағы жұмыс үшін жауапкершілігіне және т. б. байланысты болады.

Еңбектің топтық формалары-конвейер.
Бұл форманың ерекшелігі-жалпы процестің жеке нақты операцияларға бөлінуі, оларды орындау тізбектілігі, детальдың әр жұмыс орнына конвейердің жылжымалы лентасының көмегімен автоматты түрде жеткізілуі болып табылады.
Еңбектің конвейерлік формасы берілген ырғақ пен жылдамдыққа сай қатысушылардың бірдей жұмысын талап етеді. Осындай жағдайда, жұмысшы операцияға қаншалықты аз уақыт жұмсаса, жұмыс соншалықты бірсарынды және оның мазмұны қарапайым болады.
Бірсарындылық-конвейерлі еңбектің жағымсыз салдарының бірі, уақытынан бұрын шаршау мен жүйке жүйесінің шаршауынан көрінеді. Бұл құбылыс негізінде іс-қимыл барысында дамитын шығармашылықтың дағдарысқа ұшырау процесі, анализаторлардың пайда болуын азайтады, көруді төмендетеді, реакция жылдамдығын азайтады, тез шаршау көбеюі жатыр.

Өндірістік процестерді және механизмдерді басқарумен байланысты еңбек формалары.
Адам басқару жүйесіне керекті оперативті мүше-басқару процесі неғұрлым төмен автоматтандырылған болса, адамның қатысуы соғұрлым көп болады. Физиологиялық көзқарас тұрғысынан өндірісті басқаруды екі негізгі формаға бөледі: оның біреуінде басқару адамның жиі активті әрекетін талап етеді, екіншісінде-сирек қажет етеді. Бірінші жағдайда жұмысшының үзіліссіз қарауы көпсанды қозғалыстарда немесе речедвигательді акттарда, екіншісіде-жұмысшы негізінен әрекетке дайын жағдайда болады, оның реакциясы аз санды.

Интелектуалды еңбектің формалары
Бұл еңбек профессиялармен көрсетіледі, мысалы, конструкторлар, инженерлер, техниктер, диспетчерлер, операторлар және т. б сияқты материалды өндіріс ортасына қатысты болады, және оған жатпайтын -ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, жазушылар, артистер, суретшілер.
Интелектуалды еңбек үлкен көлемдегі әртүрлі информацияларды қайта жасау және анализ болып табылады, және де бұның соңы-жадтың мобилизациясы және көңіл қою, стрессті жағдайлардың жиілігі. Дегенмен, бұлшықет салмақтары, заңға сәйкес, тәуліктік энергошығынды 10-11, 7МДж(2000-2400ккал) тәулігіне құрайды.

Ауаны желдету және салқындату
Өндіріс орындарында ауаны желдету және салқындату еңбек гтгтенасының талаптарына сай ортаны қалыптастырады. Желдетудің көмегімен ғимараттардағы температураны, ауаның ылғалдылығы мен тазалығын реттеп отыруға болады. Ауаны салқындату оптималды жасанды климат жасайды.
Әкімшілік, тұрмыстық және т. б ғимараттарда ауаны желдету қажеттілігі:
технологиялық процестер (жылуатациялау процесінде улы газдер шығаратын машиналар мен құрал жабдықтарды қолдану; орамадан шығару, бөліп салу, орау-шаң бөлу) .
жұмысшылар мен келушілердің көлемі (әр-түрлі сауда орындарында келушілердің едәуір көптігі неғұрлым интенсивті ауа алмасуды қажет етеді)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz