ӘЛІППЕ ОҚУЛЫҒЫ


Slide 1

Әліппе оқулығы

Орындаған:Молдақын Жаңылсын

Тексерді:Жумабаева Азия Елеупановна

Slide 2

АХАҢ ЖАСАҒАН ӘДЕМІ «ӘЛІППЕ» ЖАС ҰРПАҚ ҮШІН ЖӘДІГЕРГЕ АЙНАЛМАҚ. НЕГЕ?

«Әліппе». Сонау балалық шақтың тәтті естелігі. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп танытқан ұстаз бен «Әліппе» оқулығына деген сағыныш әрбір жанның жүрегіне сәуле шашып тұратыны анық. «Әліппе» деген аты қандай! Бүгінгі кез келген саналы азамат сол «Әліппемен» өсті, есейді. Ал қазір оның атауын «Сауат ашу» деп өзгерткеннен не ұтамыз? Ілкіден келе жатқан «Әліппе» кімнің тақиясына тар келді?

Slide 3

Әліппе

Әліппе- сауат ашу оқулығы. Араб әліпбиінің алиф және би деген екі әрпінен құралған. 19 - 20 ғасырларда әліппелер араб және орыс әліпбиімен жазылды. А. Байтұрсыновтың оқу құралы (1912), Жаңа Әліпбиі (1926) өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі болды.

Slide 4

Не себеп?

Қазаққа бір ғасырға жуық азық болған әліппе биылдан бас­тап сауат ашу пәніне өзгерді. Мектеп табалдырығын аттаған 380 мыңға жуық оқушы алғашқы оқу білім парағын «Әліппемен» емес, «Сауат ашумен» бастады. Қазақ баласы талай замандар бойы жи­на­ған білімінің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы деп ерекше қадірлеген «Әліппенің» соңғы парағы жабылды. Министр­ліктегілер «Сауат ашу» пәнінің «Әліппеден» айырмасы жоқ екенін, екеуінің де оқу мен жазуға үйрететінін айтады. Алайда 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы құрас­тырған тұңғыш «Әліппе» оқулы­ғының бір ғасырдан астам уақыт­тан соң атауының «Сауат ашу» боп өзгергенінің себебін түсіне алмай әлекпіз. Министрлік жаңартылған бағдарламаны сылтау етіп, қазақты байырғы құндылығынан айыр­ғысы келе ме? Бізді алаңдататыны да осы. Бір ғасырлық тарихы бар құнды оқулық атауынан неге жеріндік? «Әліппе» атауының өзі жүрекке жылы, көңілге қонымды еді ғой. Жыл сайын 1-сынып оқушылары «Әліппемен» қоштасу өткізетін.

Slide 5

Министрлік өкілі «Әліп­пенің» атын қандай негізге сүйеніп ауыстырғандарын бүгіп қалды. Егер мазмұны бір болса, атын ауыстыруға қандай қажеттілік туындады?

Slide 6

Пікірлер

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:

- «Әліппе» жүз жылдың ішінде, яғни бүгінгі заманның тілімен айтсақ, бренд ретінде қалыптасты. Кезінде «Сауат ашу» деп аталса, ол кезде жаппай сауатсыздық болғаны рас. Яғни, сол заманда сауат ашу мен әріп тану қатар тұрды. Қазір заман өзгерді. Бүгінде мектепке баратын балалардың көбі әріп таниды. Сондықтан «Әліппе» бұрынғыдай әріп таныту ғана емес, балалардың ойын, тілін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге арналды. Балалар жаңа технологияны жақсы біледі. Меніңше, «Әліппені» кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын танымал құрал ретінде қалдыруымыз керек еді. Сөйте тұра өзіміз «Қазір балалар мектепке дейінгі дайындық тобынан өтіп, сызып-жазып келу керек» дейміз де, екінші жағынан мектепке сауатсыз балаларды қабылдағандай, оларға «Сауат ашуды» оқытамыз. Бұл қалай? Сол «Әліппе» атауында қалдыру керек еді. Себебі «Әліппенің» мағынасы кең тарихи атау. Өткен ғасырдың басында пайда болған «Әліппе» қаншама тарихи кезеңнен өтіп, бүгінге жетті. «Әліппе» - тек оқу құралы ғана емес, қоғамның құндылығы және мемлекеттің деңгейін көтеретін құрал. Сондықтан да «Әліппе» атауынан айрылған дұрыс емес деп ойлаймын. Керісінше, «Сауат ашу» деген артқа қарай шегіну дегенді білдіретін сияқты. «Әліппе» атауы «Сауат ашу» ұғымынан әлдеқайда кең. Біз қазір кең мағынасын берудің орнына, тар мағынасына тіреп қойдық. Бұл құптарлық дүние емес. Қазір көп нәрсені орысшадан аудара саламыз. Мынау да соның жемісі. Мысалы, орыс сыныптарындағы оқушылар «Родная речь» деген оқулықпен білім алады. Ауыстырғысы келсе, осының атын өзгерту керек еді. Неге қазақ елінде «Родная речь» деуіміз керек?

Slide 7

Жарасбай Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылым депутаты, қоғам қайраткері:

- Бекболат Тілеуханның бұл мәселені көтеруі орынды. Шынында да, бүлдіршіндерге арналған оқулықты «Сауат ашу» деу еш қисынға келмейді. Сауат ашудың заманы келмеске кеткелі қашан. «Әліппе» деген аттың өзі әдемі ғой. Оқулықтың атында тұрған ештеңе жоқ, мәселе затында. Біз ең бастысы оқулықтардың сапасын жақсартуымыз керек. Бұл орайда сөз көп, ал іс шамалы. Уақыт болса, өтіп барады. Айтары көмескі оқулықтармен басы қатып жүрген балаларды аяймын. Министрдің осы жағын ойлағаны жөн болар еді.

Бағдат Мәжитов, «Балабек» журналының бас редакторы:


Ұқсас жұмыстар
1.«Әліппе серігі» бойынша жұмыс.. 2. «Жазу дәптері» бойынша жұмыс. 3. «Сауат ашуға арналған дидактикалық материалдар» бойынша жұмыс 4. «Кеспе әріптер мен буындар» бойынша жұмыс
Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері
Әліппеге дейінгі кезең
Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту методикасының негізін қалаушы
Әліппеден жаңа сөздерді оқыту
Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары
Дәстүрлі грамматика және фукционалды грамматиака
Толстойдың өмірбаяны
Фокина Лидия Петровна
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz