Тиімді қарым-қатынас: элементтері және вербалды, бейвербалды байланыс түрлері


Slide 1

Орындағандар: Өтелгенова Гүлжанат Казыгул Дина Ережепбай Жансая Бақтыбай Фарида Тексерген:Нұрғали. Ж

Тиімді қарым-қатынас орнату және байланыс түрлері

Slide 2

І. Кіріспе бөлім.

1. Тиімді коммуникация үшін 6 элемент

2. Қарым-қатынас түрлері: вербалды және вербалды емес

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Байланыс техникасы: белсенді тыңдау элементтері

2. Ауызша ақпаратты жасау ережелері

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Тиімді қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-əрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тəжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының жəне қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тəжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы жəне өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу.

Slide 4

Тиімді коммуникация жасаудың негізгі қағидалары:

1. Ыңғайы келсе адамдарды əрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш- қуат береді.

2. Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз.

3. Адам жайлы тек жақсы нəрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс.

4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады.

5. Тыңдап үйреніңіз жəне аз сөйлеңіз.

6. Əрдайым өз қателіктеріңіз бен кінəларыңызды байқап жүріңіз жəне кешірім сұраңыз.

Slide 5

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл - сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс - сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Бейвербалды амалдардың универсалдық, ұлттық, мағыналық тұстары және ерекшеліктері мен ұқсастықтары қазіргі тіл білімінде тиісті дәрежеде зерттеліп, жан-жақты қарастырылмауда. Осы мәселе тұрғысында қарастырылған мәселелер ғалымдардың біразын осы теориялық және тәжірибелік жағынан түрлі аспектіде қызықтырады.

Slide 6

Австралиялық ғалым А. Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер) ; 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т. б. ) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді [4] . Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Қазақ тіл білімінде М. Мұқанов, С. Татубаев, А. Сейсенова, Қ. Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде зерттеген. Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған. .


Ұқсас жұмыстар
Медицинадағы вербальды және вербальды емес қарым-қатынас: элементтері мен кәсіби қолданылуы
Қарым-қатынас психологиясының негіздері: вербалды және вербалды емес жүйелер, проксемика және қатынас түрлері
Медициналық қызметте вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
Қарым-қатынас психологиясы: құрылым, функциялар, трансактілі талдау және вербалды мен вербалды емес құралдар
Қарым-қатынас психологиясы: құрылым, вербальды және невербальды коммуникация, трансактілі талдау
Қарым-қатынас және оның кедергілері: ауызша, жазбаша, вербальды емес және психологиялық тосқауылдар
Мейірбикенің коммуникативтік дағдылары және пациентпен тиімді қарым-қатынас
Пациентпен тиімді қарым-қатынас орнатудың принциптері мен әдістері
Қарым-қатынас этикасы және іскерлік қарым-қатынас қағидалары
Тиімді қарым-қатынас: вербальдық және вербальдық емес тәсілдер, медицинадағы ықпал және көшбасшылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz