Қыпшақтар мекендеген ұлан байтақ территория



Ескерткіштердің қай тобы соңғы және қай топтағы жазуға рефор-ма жасалған? 6. Әліпбиде неше әріп бар?
Орындаған:Ешенгалиева Адема, Искакова Асель

қыпшақ жазба ескерткіштері - ХІ-ХVІ ғасырларЕскіда жазылған қыпшақ тайпаларының және сол тайпа одағына біріккен түркі тайпаларының тілінде жазылған шығармалар. Ескерткіштер төрт түрлі әліпбимен жазылған: араб (ХІ- ХІV ғ. ), армян (ХV-ХVІ ғ. ), орыс (ХІ-ХІІІ ғ. ) және көне готикалық (ХІІІ-ХІV ғ. ) ә. ліпби
Қыпшақтар мекендеген ұлан байтақ территория «Дешті Қыпшақ» (Қыпшақ даласы) деген атпен аталды (Солтүстік Кавказдан бастап, Қырым, Балқаш маңайындағы иен даланы түгел қамтыған) . Қыпшақтар бұдан басқа Египет пен Сирияда, Батыс Украина мен Шығыс Еуропа елдерінде де өмір сүрген. Қыпшақ даласының оңтүстік батысын жайлаған қыпшақтарды куман, оңтүстік орыс даласын мекендегендерін половец, Египет пен Сириядағы қыпшақтарды мәмлүк деп атаған. Таза қыпшақ тілінде жазылды дейтін ескерткіш жоқ. Ең негізгісі «Кодекс куманикус» (ХІІІ-ХIV ғ. ) . Орта Азия, Алтын Орда және мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштерде қыпшақ тілінің қатысы бірінде аз, бірінде көп. Мысалы: «Диуани хикмет» (Қ. Яссауи), «Һибат-ул хақайық» (А. Иүгнеки), «Диуани луғат ит-түрк» (М. Қашқари), «Қисас-ул анбия» (Рабғузи), «Хұсрау уа Шырын» (Құтб), «Гулистан бит-түрки» (С. Сараи), «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак» (А. Хайян), «Китаб булғат әл-мүштақ фи-л-луғат ит-түрки» (Жамаладдин ат-түрки), «Китаб муқаддима» (А. Самарқанди), «Мұққадимат ал-адаб», «Китаби тарджуман фарси уа түрки уа моғоли», «Китаб ат-туһфа аз-закия фил-луғат ит-түркиа», «Әл- қауанийна әл-куллийа ли дабт әл-луғатти түркиа» т. б
Армян қыпшақтарының тілінде армянша-қыпшақша сөздіктер, тарихи жазбалар, діни трактаттар, грамматикалық анықтамалар мен кеңсе қағаздары жазылған. Қыпшақ тілі туралы ең алғашқы мәліметті берген - М. Қашқари.

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: Енисей ескерткіштері. Талас ескерткіштері. Орхон ескерткіштері. Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.


Әліпбиде неше әріп бар?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz