Социологиялық зерттеулерді жіктеу
Презентация қосу
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен
құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты
зерттеу үшін методология мен әдіс (метод),
әдістеме (методика) міндетті түрде қажет
Әлеуметтанулық зерттеулер
•Ғылыми методикалық және әдіс-тәсілдер
ұғымы
•Әлеуметтану зерттеулерінің
бағдарламасы
•Социологиялық зерттеуді құру
•Социологиялық зерттеу әдісінің
ерекшеліктері
Методология және әдістеме ұғымы
Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) :
• белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің
жиынтығы;
• танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі
ілім.
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін
ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін
жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану
аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз
қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін
анықтап, философиялық-логикалық,танымдық теориялық
тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай
дамуына жол ашады.
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам
өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы
методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде
бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар:
философилық, жалпы-ғылыми және жеке-
ғылыми философиялық методология – жалпы әмбебап әдіс
туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен
әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми
танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-
функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді
зерттейді. Жеке-ғылыми методология жекелеген ғылымдар
саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл.
танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады.
Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып,
философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды
нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің
қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.
Әрбір маңызды іс ұқыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді.
Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулық зерттеу
де дәл сондай. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттың сенімділігі,
құндылығы оған жан-жақты дайындалуға күш салумен тікелей байланы-
сты. Соңдықтан әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестерді әлеу-
меттанулық сараптаудың әдістеме және практикалық тәсілдерін меңгеру
күнделікті әлеуметтанулық жұмысқа жоғарғы деңгейдегі дайындықты
қамтамасыз етегін ғылыми ережелерді игеруді қажетсінеді.
Әлеуметтанулық зерттеуге дайындық - әртүрлі жұмыстардан, ғылы-
ми процедуралар мен операциялардан тұратын процесс. Зерттеудің сенімді
теориялық негіздерін қамтамасыз ету қажет, оның жалпы логикасын ой-
ластыру керек, ақпарат жинау үшін әдістемелік құжаттар әзірлеу керек,
әлеуметтік құбылыстар мен процестерді пайындауға қабілетті және әлеу-
меттанулық мәліметтерді сараптауға қабілетті зерттеу тобын құру қажет.
Зерттеуді ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз
етуді қарастыру керек, зерттеу барысында пайда болатын мәселелерді
жедел шешуге дайын болу қажет. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтанулық
зерттеуге дайындық жұмысының бүкіл көлемі соған қойылатын талап-
тарға сәйкес орындалғанына сенімді болған кезде ғана кірісу керек.
Социологиялық зерттеу
Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік
тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз
байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз – зерттеліп
отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу
мақсатындағы бір-бірімен өзара байланыста жүргізілетін
логикалық, методологиялық, тәсілдік және
ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы.
Нақтылы социологиялық зерттеулер:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің
шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен
тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын
айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық процесс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, БАҒЫТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Социологиялық зерттеулерді жіктеу
Бүгінде социологиялық зерттеулердің әдістері оларды жасаған
ғылым шеңберінен әлдеқайда аттап өтті. Олар экономика,
психология, саясаттану, құқықтануда кеңінен қолданылады.
Социологиялық ақпарат тұтынушылары, яғни социологиялық
зерттеулердің қайсы бір түрлеріне тапсырма берушілер мемлекеттік
органдар мен жеке фирмалар, бизнесмендер мен саясаткерлер,
қайырымдылық қорлары мен діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат
құралдары болып табылады.
Қолданылатын әдістемелер бойынша зерттеулер сандық және
сапалық болып бөлінеді.
Сандық әдістемелерге формализмге негізделген сұраулардың әр
түрлерін, құрылымдық бақылауды және мәтіндерге (деректі
материалдарға, газет басылымдарына, жарнамаларға және т.б.)
контент-талдауды жатқызамыз.
Қолданылатын әдістемелер бойынша зерттеулер сандық
және сапалық болып бөлінеді.
Сандық әдістемелерге формализмге негізделген
сұраулардың әр түрлерін, құрылымдық бақылауды және
мәтіндерге (деректі материалдарға, газет басылымдарына,
жарнамаларға және т.б.) контент-талдауды жатқызамыз.
Сапалық зерттеулерге, әдетте терең сұхбат (іn-depth-
іntervіew), фокус-топтар, бақылау, эксперимент,
өмірбаяндық әдіс және т.б. жатқызылады.
Формализмге негізделмеген сұхбат
Әдебиетте бұл әдістің еркін, стандартты емес,
құрылымдық емес сұхбат деген өзге атаулары кездеседі.
Көп жағдайда “терең сұхбат” термині (іn-depth-іntervіew)
қолданылады.
Социологиялық сұрау салудың екi негiзгi түрi бар: сауалнама және
сұхбат. Бірінші әдіс респонденттің сұрақнаманы жазбаша толтыруын
айтамыз.
Екінші әдіс - сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің
сөздерінен толтыруын білдіреді.
Холл-тестілер
Кейде респонденті сұрау үшін арнайы жабдықталған немесе
дайындалған бөлмеге шақыру қажеттілігі туындайды. Үйде, көшеде,
телефонмен сұрағанан гөрі сұраудың бұл түрі көбірек нәтиже береді.
Мұндай сұраулар холл-тестілер деп аталады. Жаңа өнімнің сыртқы
көрінісі мен дәмі, дизайн, жарнама материалдары мен
тұжырымдамалары тестіден өтуі мүмкін.
Респонденттен жәй ғана оның бағасы мен әсері туралы сұралуы
мүмкін, артында маркалар мен түрленімдер жасырылған “құпиялы”
өнімдердің ішінен таңдау ұсынылуы мүмкін.
Сөз жоқ, мұндай тестілеу саяси жарнама, саяси пиар-шаралары, білім
мен ағартушы компаниялардың материалдарына қатысты жүргізілуі
мүмкін.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz