Тәрбиенің мақсаты




Презентация қосу
Тәрбиенің мақсаты, оның
әлеуметтік тұрғыдан
негізделуі
ЕРМЕКОВА АЯУЛЫМ
ИЯ-23
Тәрбиенің мақсаты

Тәрбие мақсаты – нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық
процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның
әлеуметтік сұранысына байланысты және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби
даярлығына байланысты, мұраттарға қол жеткізуге бағытталған. Тәрбие мақсаты –
педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Біріншісінде барлық
азаматтардың сапалық құндылықтары қарастырылса, екіншісінде жеке тұлғаның
қалыптасуы көзделеді. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда табиғат, адам, қоғамның
объективті даму заңдылықтары міндетті түрде есепке алынады.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар –
мақсатты құрастыру, оны белгілі бір заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбие
мақсатының ең алғашқы әлеуметтік негізі - әрбір даралықтың дамуы табиғаттың
адамға генетикалық тұрғыдан берген мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оның
тұлғасын қалыптастыру. Өйткені тұлғаның дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға
байланысты жүзеге асады. Адам мен қоғамның өзара тәуелділігі тәрбие мақсатының
екінші негізі болып табылады.
Тәрбиенің міндеттері
білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,
адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие
жүйесін құру және дамыту;
балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам
құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық
дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және
мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде
гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен
жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан
халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына
жағдай жасау;
;
жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал
етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың
танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін,
жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу
дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке
басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті
маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және
діни толеранттылықты тәрбиелеу;
Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Тәрбие – мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай
белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға
болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл-ауқаты және оның саясатымен
әрқашан тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан
жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара атқарылмайды, керісінше бір
мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы
тұтас процесс.
Тәрбие – ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді
қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында
болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы
еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен
жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылық
әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай
бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.

Ұқсас жұмыстар
Ғылыми дүниетаным оқушының интеллектуалды дамуының негізі ретінде
Тәрбиенің парадигмасы
Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы
Тұлғаның рухани және дене қалыптастыру
Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан - жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптасыру
ТӘРБИЕ ӘЛЕУМЕТТІК
Қалыптастыру негізі
Тәрбие
Тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы
Пәндер