Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде




Презентация қосу
Педагогика адам туралы
ғылым жүйесінде.

Ермекова Аяулым
ИЯ-23
Педагогикалық процесс
Педагогикалық процесс – тәлім тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастыру
тәсілі және оны ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процестің үш құрылымы
болады: педагогикалық, әдістемелік және психологиялық.
1. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер –
мазмұн – әдістер – құралдар. Мақсат – мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық
қатынастардың нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің
бөлігі. Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру мен қабылдауға арналған
іс-әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен
әдістер.
2. Педагогикалық процестің әдістемелік құрылымын жасау үшін мақсат бірнеше
міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет мұғалім мен оқушы іс-әрекеттерінің кезеңдерін
анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы – сабаққа дайындалу, өткізу,
талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымына – дайындық, керекті жерге бару,
бақылау, көргенді бекіту және нәтижені талдау жатады.
3. Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер
(ақпаратты қабылдау, ойлау, есте сақтау), оқуға қызығушылық (қабілет пен ынтаны
анықтау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш қуаты, белсенділік,
еңбекқорлық не шаршау).
Педагогикалық жүйе
Педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде келесідей қорытынды
жасауға болады: педагогикалық жүйе – бұл білім алушыларды оқыту мен
тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған, өзара байланысты құрамдас
бөліктер ретінде анықтауға болады. Құрамдас бөліктер дегеніміз – бұл оның
басқа (педагогикалық емес) жүйелерден айырмашылығын көрсететін
педагогикалық жүйенің басты сипаттамасы.
Педагогикалық жүйе қоғамдағы адамдардың белгілі бір категориясын
(балалар, оқушылар, студенттер, ересектер) оқыту немесе тәрбиелеу және
оларды даярлауға қажеттілік айқындалғанда құрылады. Олар бір-бірінен
мақсаты бойынша (балабақша, мектеп, колледж, ЖОО) ажыратылады және
бұл педагогикалық жүйелерді бәріне ортақ мақсат біріктіреді, мысалы білім
беру, оқыту, тәжірибе беру және тұлғаның белгілі бір жеке қасиеттерін
қалыптастыру, қарым-қатынасын тәрбиелеу.
Тәрбие
Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның
негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі
больш табылады.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық
категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия
тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол
үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып,
тәрбие ілгері баспас еді. "Тәрбие" термині әрдайым тар
мағынада, "тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "өмір
тәрбиелейді" деп қолданып келеді. Оның тәрбие жайындағы
жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Оқыту, білім беру
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша,
шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті
көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін
ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман
түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның
танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам
мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты
Даму, қалыптасу
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене
жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның
тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық
және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады.
Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында
болып жатқан сапалық өзгерістер. Мінез- құлықтың реактивті формалары
белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады.
Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және
басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның
пйда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапалраға ие
болғанын білдіреді. Қалыптасу дегеніміз – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық
беру; толықтық пен нақты бір түр беру.

Ұқсас жұмыстар
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Педагогика пәні, салалары
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БІЛІМ
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Кәсіптік оқыту
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Пәндер