Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі




Презентация қосу
Педагогтың тұлғасы
және оның кәсіби
құзыреттілігі
Ермекова Аяулым
ИЯ-23
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-
жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен,
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.
Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл
болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең
болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика
саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне
ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп
отырған ұғым. Құзырлылық – белгілі сала
бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген
мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара
алады дегенді білдіреді.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

Тұлғааралық және еңбектегі байланыс;
Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық,
адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару
шешімін қабылдаудағы дайындығы;
Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы
дайындық әлеуеті;
Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір
әдістерді пайдалану біліктілігі;
Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Құзыр – бұл адамның бойындағы бар білік пен білім және
қабілеттері. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі
және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке
және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында
табысты іс әрекетке дайындық, Ал, құзыреттілік дегеніміз – бұл
адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын
бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік,
коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені
шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа
технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе
алатын, белсенділік қасиет – қабілеттерінің болуы.

1. Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін
қабілеті.

2. Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу
қабілеті.

3. Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік
психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
К. С. Құдайбергенова: «Құзыреттілік ұғымы – соңғы жылдары
педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне
ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі
сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны
қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді
түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

«Біліктілік» пен «құзыреттілік» ұғымдарын салыстыра келіп,
О. Б. Ховов екінші терминнің бірінші терминнен гөрі мағынасы
кең екенін көрсетеді. Өйткені оған біліктілікті сипаттайтын
таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса топта жұмыс
істеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабілеттілік,
коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау,
ақпаратты алу мен пайдалану т.б. іскерліктер жатады. Бұл
пікірде автор «құзыреттілік» терминін іс-әрекеттілік және
әлеуметтік-коммуникативтік өзекті белгілердің негізінде
маманның жеке тұлғасына сүйене отырып, кәсіпке дайындау
деңгейінің қосымша сипатын беру үшін қолданады.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Мұғалімнің теориялық дайындығы
Әрбір мұғалімнің кәсіби
Болжау іскерлігі
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Мұғалім тұлғасы
Оқытушының кәсіби құзыреттілігі
ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӘСІБИ
Педагогикалық құзыреттілік ұғымы
Қарым қатынасты модельдеу
Пәндер